Асық ойынының ой-қабілетімізге пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Асық ойынының ой-қабілетімізге пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Асық ойынының ой-қабілетімізге пайдасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Асық ойынының ой-қабілетімізге пайдасы

Сабақ мақсаты:

Ұлттық ойынының балалардың, ептілік, дәлдікке, тапқырлық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететінін түсіндіру. Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға туған, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Асық ойынына деген қызығушылығын арттыру. Дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбиенің құндылығы-ұлттық мүдде

Асық ату ойынының пайдасын ұғындыру. Қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы: 8 мин.


Негізгі бөлім:

10 минут




















Ортасы: 15минут
















Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып оқушыларымен сәлемдесу.

Қызығушылықты ояту.



Асық ойыны - баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ендеше көнеден келе жатқан ұлттық ойынның бүгінгі таңдағы өрісі қандай, асық ойындарының түрлері жайында аз-кем сөз етіп көрсек. Ерте де ата-бабаларымыз асық ойынын балаларына жас кезінен бастап үйрете бастаған. Асық ойындарының тәрбиелік мәні зор. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық – төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады. Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық. Бүге – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шік – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. Тұрық – асықтың алшы не тәйке түсуі. Сомпы – асық тұмсығымен көкке қарап, тік шаншылып шоңқая түсуі. Табан – асықтың тәйке жағы. Оңқай –асықтың бүгесі алақанға қарап, тәйкесі оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Оңқай асық малдың сол жақ аяғының тілерсегінде болады. Солақай — асықтың шігесі сыртқа қарап, алшысы оң қол бас бармағына басылып ыңғайлы ұсталуы. Солақай асық малдың оң жақ аяғының тілерсегінде болады. Сақа — қолдағы бар асықтың үлкенінен, ірісінен, салмақтысынан, оңқайынан белгіленеді. Сақа деп арқардың асығын атайды. Құлжа — арқардың аталығының асығы Жабайт — еліктің асығы. Шүкімайт — қозы мен лақтың асығы.  Асық ойынының түрлері: «Омпа»«Көн», «Ханталапай»,  «Атқапыл». «Омпа» ойынын көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты –асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да, біріншісіне төрт бұрыш жасайды. Дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. «Көн» ойыны асықты тігіп ойнау. Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады. Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса, оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатынасушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді. Ханталапай. Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі – «Ханталапай». Бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «Ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – балалардың жылдамдығын жеделдету. Жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.





.

Дәріс сабақты тыңдайды. Пікір бөліседі.
























ҚБ: «Бағдаршам»



































Асықтар




































Соңы:12 мин.

Кері байланыс: «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы кері байланыс ұсынады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2024
57
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі