Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. жиынтық бағалау тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2022
304
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі 7-СЫНЫП__________________________________

«Қазақ тілі Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Әдемі сағат таңдайсың,

Көресің ұстап әрқайсын,

Он сағат сатып алсаң да,

Уақытты сатып алмайсың.


Ойлама бәрін білем деп,

Шалқып та тасып жүрем деп.

Уақытың – алтын қазынаң,

Жұмсауың керек үнемдеп.


Айбының асып тұрса да,

Байлығың тасып тұрса да,

Уақытың – ақшаң қолдағы,

Ақшаңды босқа жұмсама.


Жас болып мәңгі жүрмейсің,

Мәңгілік өмір сүрмейсің.

Үнемдеп жұмса уақытты,

Бітеді ол қашан білмейсің.

Дүбірін сезіп алыстан,

Заманмен мынау жарысқан.

Уақытын дұрыс жұмсайтын

Адамдар ─ нағыз данышпан!


Өмірін ойлап талайдың,

Тарихын зерттеп қараймын.

Бір күні босқа өтпепті,

Яссауи, Шоқан, Абайдың.


Өмірдің мәнін ұғып ал,

Білім ал, бәрін біліп ал.

Қадірін білген уақыттың,

Қазақтан шыққан ұлылар...


Уақыт, қатал уақыт,

Тасты да тастар уатып.

Бос өткен менің уақытым,

Жанымды жатыр жылатып...


Қазағым менің, тұршы аман,

Қылармын қызмет бір саған.

Уақытым – менің бақытым,

Еліме арнап жұмсаған.

Тыңдашы, тыңда, шаршама,

Бір сөзім есте қалса да,

Айтам деп уақыт туралы,

Уақытым кетті-ау қаншама?!

1. Өлеңнің идеясын анықтаңыз.

А) еңбектің маңыздылығы

В) уақыттың қадірі

С) ғылымның маңызы

D) мәңгілік өмір [1]


2. Автордың ойын қорытындылаңыз. Уақыт ...

А) пайдалы

В) жай

С) жылдам

D) мәңгілі

3. Тыңдалым мәтінінде қандай сан есімдер кездеседі, соларды сөзбен жазыңыз. _____________________________________________________________

[2]

4. Ақпараттарды шын/өтірікйтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз. [2]



1. Еліңе арналған уақыт нағыз бақыт болып саналады.



А) рас


2. Уақытын дұрыс жұмсайтын адамдар өте көп.


В) үнемдеп


3. Уақытты қалай жұмсау керек.


С) айтылмаған






Оқылым.Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Бақша ағаштары

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.

- Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы.

- Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса өсіп. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен,- деді атасы.

- Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой,-деді баласы.

- Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады; сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің,- деді. Ыбырай Алтынсарин (120 сөз)



Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз.

Бұрыс, теріс - _____________________

Өну - ________________________

мән- ______________________

перзент - ___________________

[2]

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? _____________________________________________________________________________ [1]



3. «Сен жас ағашсың саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы түзік кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің» деген әке сөзінде қандай мән жатыр? Ойыңызды дәлелдеңіз.

_____________________________________________________________________________ [1]

4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.

Неліктен адам тәрбиеге көп мән беру керек? _____________________________________________________________________________ [1]

Жазылым «Үштіліділік – заман талабы» деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 150 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Эссе мазмұнына сай көмекші есімдерді орынды қолданыңыз. ____________________________________________________________________________ [10]

Айтылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта ди

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!