«Ой қозғау»
әдісі арқылы оқушыларға
түрткі сұрақтар қоямын:

1.
Мәтіндік редакторда пішімдеудің қандай
құралдарын білесіңдер?
2.Мәтінді пішімдеу
дегеніміз не?
«Тақырыпқа шолу»
әдісі.
Excel электронды кестесінде
әрбір ұяшық пішімін қолдану шының талаптарына сай баптау мүмкіндігі
бар.
Ұяшықтарды пішімдеу – Excel
электронды кестесінің каль- кулятордан негізгі ерекшелігі.
Ұяшықтарды пішімдеу қол- данушыға түрлі сипаттағы мәліметтерді
ыңғайлы түрге келтіруге: қорытынды жолды ерекшелеуге, үтірден
кейінгі артық таңбаларды алып тастауға, ұяшықтарды біріктіруге және
т.б. мүмкіндік береді.
Ұяшық немесе мәліметтер
пішімін Ұяшықты пішімдеу (Формат ячеек) терезесін пайдаланып
өзгертуге болады. Ұяшықты безендіру үшін Ұяшықты пішімдеу сұхбат
терезесін ашу қажет. Бұл әрекетті екі жолмен жүзеге асыруға
болады:
1. Ұяшықтың жанама мәзірін
шақырып, Ұяшықты пішімдеу
командасын
таңдау;
2. Басты (Главная) жапсырмасы
Ұяшықтар (Ячейки) бөлімі Пішім (Формат) батырмасы Ұяшықты
пішімдеу командасын таңдау.
Командаларды орындағаннан
кейін Ұяшықты пішімдеу сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде алты
жапсырма бар: Сан (Число), Түзету (Выравнивание), Қаріп (Шрифт),
Шегара (Гра- ница), Бояу (Заливка), Қорғау
(Защита)

Ұяшықты пішімдеу
терезесі
Сан
жапсырмасы
Бұл жапсырмада ұяшыққа
енгізілетін мәлімет типі таңдалады:
Жалпы
(Общий)–әдепкіқалпыбойынша
тағайындалатын пішім.
Сандық
(Числовой) – бүтін немесе нақты
сандарды тағайындау пішімі.
Ақшалай
(Денежный) – сандарды ақшалай
бірлікте тағайындау пішімі.
Күні
(Дата) – санды мерзім
пішімінде бейнелейді. Excel-де барлық мерзімдер бүтін сандармен
берілген.
Уақыт
(Время) – санды уақыт пішімінде
бейнелеу.
Пайыздық
(Процентный) – нақты санды пайыз
түрінде көр- сету. 0 саны 0%, ал 1 саны 100% түрінде
бейнеленеді.
Бөлшектік
(Дробный) – нақты санды бөлшек
түрінде бейнелеу.
Экспоненциалдық
(Экспоненциальный) – өте үлкен (Жерден
Күнге дейінгі арақашықтық) немесе өте кішкентай (сутек ато- мының
килограммен берілген өлшемі) сандарды беруге ыңғайлы
пішім.
Мәтіндік
(Текстовый) – пішімде берілген
ұяшық мәндері қалай енгізілсе, солай бейнелеу
Қосымша
(Дополнительный) – ұяшыққа жазылған
сан
«Пошта индексі»,
«Индекс + 4», «Телефон нөмірі», «Табельдік нөмір» түрінде
көрсету.
Барлық пішімдер (Все
форматы) -бөлімде стандартты
пішімдерден бөлек қолданушыға қажетті пішім құруға
болады.
Осылайша Ұяшықты
пішімдеу терезесі арқылы ұяшық пішімін қалауымызша өзгертуге
болады. Сонымен қатар ұяшық пішімін Басты мәзірінің саймандар
тақтасы көмегімен өзгертуге болады.
Мысал. Суреттегі үлгі бойынша
ұяшықтарды пішімдейік.
Ұяшықтарды және оның
ішіндегі мәліметтерді пішімдеу үшін Басты мәзірінің саймандар
тақтасын пайдаланамыз:
1)А1:F1 диапазонындағы
ұяшықтар шегарасын қою қарай- тылған түрге келтіру үшін саймандар
тақтасындағы батырмасын
қолданамыз.
2)Ұяшықты бояу үшін
қажетті ұяшықтарды белгілеп алып, саймандар тақтасындағы батырманы
басамыз.
3) Ұяшықтағы мәтін
түсін өзгерту үшін батырмасын
пайдаланамыз.
4) Ұяшықтағы мәтін
бағытын өзгерту үшін батырмасын басып,
қажетті мәтін бағытын таңдау қажет.
Пішімделген
ұяшық

-
«Талдап,
салыстырайық» тапсырмасы:
Excel-де Ұяшықты
пішімдеу терезесінде орналасқан Қаріп және Бояу жапсырмаларының
бір-бірінен айырмашылығын салыстырып,
талдаңдар.
Дескриптор:Ұяшықты пішімдеу
терезінде орналасқан Қаріп және Бояу жапсырмаларының бір-бірінен
айырмашылығын біледі
Жауабы: Қаріп-әріп өлшемін,
түсін, типін көрсетеді.
Ұқсастығы: пішімдеу терезесінде
орналасады.
Айырмасы: бояу- түсті, қаріп
–әріпті өзгертеді.
-
«Дәптерге орындайық»
тапсырмасы:
Кестеде берілген
батырмалар қызметін жазыңдар.

Дескриптор: Мәліметтерді пішімдеу
үшін Басты мәзірінің саймандар тақтасының қызметін
біледі
Жауабы:
-
Барлық
шекарасы
-
Ұяшықты
бояу
-
Мәтін түсін
өзгерту
-
Мәтінді
бұру
-
Ұяшықты
кірістіру
-
Ұяшықты
жою
-
Жол биіктігін, баған
енін өзгерту
Компьютерде
практикалық тапсырмалар орындау.
Жеке
тапсырма:
1 доллар бағамын 340
теңге деп алып, кесте ұяшықтарын пішімдеуді компьютерде
орындаңдар.

Дескриптор: электронды кестеде
есептерді шешу үшін мәліметтердің әр түрлі пішімдерін
қолданады.
|