Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 6-сынып.Қазақ әдебиеті М.Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ тақырыбы: М.Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері.Сабақтың құрылымы жаңаша білім мазмұнының талабына сай құрылған. Мақсаты:оқушылар ақын жайлы мәлімет алады,өлеңдерінің идеялық мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғынады, теориялық талдау жасап, өзіндік тұжырым жасап үйренеді.Нәтижесінде оқушылар ақын өлеңдерінің иеялық мазмұнын ұғынады. Көркемдік тіліне, өлең құрылысына талдау жасайды.Өзіндік тұжырым жасап үйренеді.Оқушылар кестемен жұмыс («Екі жақты күнделік»),семантикалық карта толтыру (сәйкесін көрсету),теориялық тапсырма (өлең құрылысына талдау), «Сен – маған, мен-саған» (сұрақ-жауап) тапсырмаларын орындайды.Сабақта «Шаттық шеңбері», «Қашпа доп», «Екі жақты күнделік», «Семантикалық карта», талдау,диалогтық әдістер сынды заманауи жаңа технология әдістері қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

М.Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері

Жалпы мақсат:

Ақын жайлы мәлімет алу,өлеңдерінің идеялық мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғыну, теориялық талдау жасау, өзіндік тұжырым жасау.


Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық(үшінші негізгі деңгей), «Әдебиет пәнінен оқыту әдістемесі»6-сынып, «Әдебиет» оқулығы 6-сынып.


Оқыту нәтижелері:

Ақын өлеңдерінің иеялық мазмұнын ұғынады. Көркемдік тіліне, өлең құрылысына талдау жасайды.Өзіндік тұжырым жасап үйренеді


Негізгі идеялар:

1.Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың!

2.»Адам шын адам болам десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін» М.Жұмабаев.

Тапсырмалар:

1.Кестемен жұмыс («Екі жақты күнделік»)

2.Семантикалық карта толтыру (сәйкесін көрсету)

3. Теориялық тапсырма (өлең құрылысына талдау)

4. «Сен – маған, мен-саған» (сұрақ-жауап)

Әдістер:

«Шаттық шеңбері», «Қашпа доп», «Екі жақты күнделік»,

«Семантикалық карта», талдау,диалогтық әдістер

Сабақ барысы:

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


1)Психологиялық ахуал туғызу

«Шаттық шеңбері»

- Енді балалар, сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізге ізгі тілектерімізді білдірейік! (оқушылардың тілектері тыңдалады)

- Қалай, оқушылар, көңіліміз біршама көтеріліп қалды ма? Тамаша!

2) Сынып оқушыларын «Сиқырлы гүл» әдісімен үштопқа бөліп алу. Топтық жұмысқа байланысты ережелерді еске түсіру.

Оқушылар ортаға шығып , айнала шеңбер құрып:

Армысың, күн! (күнге қол созады) Армысың ,аспан! (аспанға тағзым етеді)

Армысың сен, армысың сен! (екі жағындағы сыныптасымен аманда-сады)

Міне, менің қолым бос, (жоғары көтеріп қолын көрсетеді)

Жылуыма жылу қос! – деп бірі-бірінің қолынан ұстайды.


Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

Оқушылар «Сиқырлы гүл» әдісімен топқа бөлінеді

Топтық жұмысқа байланысты ережелерді атайды.



Үй тапсырмасын сұрау

А.Байтұрсыновтың «Анама хат» өлеңін жаттау. «Қашпа доп» әдісі бойынша ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қою арқылы бекіту.

Әр топтан бір оқушы шығып, А.Байтұрсыновтың «Анама хат» өлеңін жатқа айтады. Әр топ мүшелері өзіне қойылған сұрақтарға жауап береді.

1.Қазақ әдебиетіндегі «Бес арысты» ата

2.А.Байтұрсынов кім?

3.Нешінші жылдар арасында өмір сүрген?

4.А.Байтұрсынов қай жерде туып өсті

5.Қандай шығармалары бар?

6. «Қара бұлт» өлеңі не жайлы?

7. «Анама хат» қандай өлең? Қай кезде шығарылған?

8. «Қара бұлт» өлеңінде қандай адамды сынайды?

9.А.Байтұрсынов еліне қандай еңбегі сіңді?

Тұсаукесер:


Не көрсем де – Алаш үшін көргенім,

Маған артық ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін,

-Оқушылар бұл өлең сіздерге таныс па? Кім жалғасытырады? Авторы кім? Ол жайлы не білеміз?

- Оқушылар бұның бәрін не үшін еске түсіріп жатырмыз? (оқушылар болжам жасайды, жаңа тақырыпты өздері анық-тап табуы тиіс)

Оқушылар өлең шумағын еске түсіріп, жалғастырады,авторын атайды. Жаңа тақырыпқа болжам жасайды.









Жаңа сабақ:



























- Дұрыс айтасыңдыр! Бүгінгі сабақта біз ақын Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерімен танысамыз. (тақтаға күннің жады мен тақырыпты жазып қою, мақсатын айта кету)

«Табысқа жету» критерийлерін құру.


- Алдымен ақын туралы дайындалған бейне-үзікке назар аударамыз.

Мағжан жайлы біршама мәлімет алдыңыздар ғой? Олай болса, ақынның өлеңдерімен танысайық.

Сөздік жұмысын жүргізу:

Ерікке ұмытылған-

Ұшқыр жаны кісенде –

Қос қанат –

Нұрлы жұлдыз –

Қан суынған, жүрек солғын –

Өлеңмен танысып шықсақ енді мәтінмен жұмыс жасаймыз. Өлең мазмұнын қаншалықты ұғынғанын тексеру үшін не жайлы жазылған өлең екенін сұрау. Тақырыбын, идеясын анықтау.

Топтық жұмыс ұсынылады

1-тапсырма

«Екі жақты күнделік» (кестемен жұмыс)

1-топқа «Қазақ тілі» өлеңі бойынша

Өлеңнен үзінді

Менің пікірім

1-шумақ


2-шумақ





Күннің жады мен тақырыпты дәптерге жазып қояды.





Табыс критерийлерін құрады


Ақын туралы бейне-үзікті тамашалап, ақын өміріне қатысты мәлімет алады.

Әр топтан екі оқушы екі өлеңін мәнерлеп оқиды, өлең мазмұнымен танысады.

Сөздердің мағынасын түсіндіру.






Өлең не жайлы екенін айтады. Тақырыбын, идеясын анықтайды.





Топ мүшелері кестені толтырады. Өлең шумақтарына қатысты өз пікірлерін білдіреді.




Кейінгі тапсырмалар



«Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдерін

жаттау. Ақын өміріне қатысты деректер іздеп келу.


Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Топ мүшелерінің бағалау парақшаларын алып, қорытынды баға шығару

Күнделіктеріне баға қойғызады.

Кері байланыс:


Рефлекция

«Менің көңіл күйім» баспалдағы

Керемет, өзіме сенімдімін, жаман емес, маған көмек керек, білмеймін, нашар

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтаға салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
985
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12