Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
Анесова Алия Умирбековна
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 5 материал
Ашық сабақ Қазақ тілі,8-сынып Жай сөйлем және оның түрлері. Жақты сөйлем.
770 ₸
770 ₸
06 Ақпан 2019
4596
12
Бұл сабақ 8-сыныптың қазақ тілі бойынша өткізілген ашық сабақ. Сабақтың мақсаты:оқушылардың сөйлем туралы білімдерін кеңейту.Жай сөйлем туралы түсінік бере отырып, олардың түрлерімен таныстыру. Жақты сөйлемнің мағыналық және құрылымдық белгісін таныту; Оқу жаттығулары арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге,елжандылыққа тәрбиелеу;Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру, өз бетінше тұжырым жасауға, ізденпаздыққа баулу.Түрлі топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып, СТО, тест әдісі, талдау, сұрақ-жауап әдістері арқылы оқушы белсенділігін арттырамын. Тақырып пен тақырып мазмұныны оқушылар өздері болжап, мысалдар жолымен тақырыпты орындайды. Практикалық дағдыны тапсырмалар орындау барысында жетілдіреді.Сабақта слайд көрмелері, бағалау бетшелері, оқулық, қызыл-жасыл, сары түсті фигуралар т.б көрнекіліктер қолданылады.
Қазақ тілі
Ашық сабақ
8 сынып
Ашық сабақ 6-сынып.Қазақ әдебиеті М.Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері
770 ₸
770 ₸
06 Ақпан 2019
865
0
6-сыныптың қазақ әдебиеті пәні бойынша ашық сабақ тақырыбы: М.Жұмабаев «Қазақ тілі», «Мен кім?» өлеңдері.Сабақтың құрылымы жаңаша білім мазмұнының талабына сай құрылған. Мақсаты:оқушылар ақын жайлы мәлімет алады,өлеңдерінің идеялық мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғынады, теориялық талдау жасап, өзіндік тұжырым жасап үйренеді.Нәтижесінде оқушылар ақын өлеңдерінің иеялық мазмұнын ұғынады. Көркемдік тіліне, өлең құрылысына талдау жасайды.Өзіндік тұжырым жасап үйренеді.Оқушылар кестемен жұмыс («Екі жақты күнделік»),семантикалық карта толтыру (сәйкесін көрсету),теориялық тапсырма (өлең құрылысына талдау), «Сен – маған, мен-саған» (сұрақ-жауап) тапсырмаларын орындайды.Сабақта «Шаттық шеңбері», «Қашпа доп», «Екі жақты күнделік»,
«Семантикалық карта», талдау,диалогтық әдістер сынды заманауи жаңа технология әдістері қолданылады.
Қазақ әдебиеті
Ашық сабақ
6 сынып
Ашық сабақ ."Есімдікті қайталау"6-сынып қазақ тілі
770 ₸
770 ₸
06 Ақпан 2019
2144
2
Бұл материал 6-сыныптың қазақ тілі бойынша есімдікті қайталауға арналған сабақ. Оқушылардың есімдік туралы алған теориялық білімдерін практикада қолдану, ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.Жаңаша мазмұнға құрылған сабақта «Шаттық шеңбері», «Фигура»әдісі, «Сен-маған, мен -саған» әдісі, топтық жұмыс, талдау,эссе әдістері қолданылған.Топтық жұмыстармен қатар, сергіту сәті де білімге негізделіп тиімді жұмсалған. Балалардың ой-өрісін дамытатын жұмбақтарды жасырып қана қоймай. Одан есімдікті де тауып, түріне қарай ажыратып кетіп отырады. Оқушылардың белсенділігін көтеруде бұл таптырмас әдіс деп санаймын.
Қазақ тілі
Ашық сабақ
6 сынып
"Тәуелсіз қазақ елім бар"ашық тәрбие сағаты
770 ₸
770 ₸
06 Ақпан 2019
990
1
«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» тақырыбы аясында жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер арасындағы мектепішілік семинарда көрсеткен және "Рухани жаңғыру" аясында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай өткізген ашық тәрбие сағаты.Бұл материал жаңаша білім мазмұнына сай жоспарланған. Жаңа технология элементтерін сабақ үрдісінде пайдалана отырып, жаңа формаға құрылған.Бұл тәрбие сағатында оқушыларға тәуелсіздік деген ұғымның мағынасын ұғындыра отырып,
оларды елжандылыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлей білуге шақыру.
Оқушыларға ел шежіресі, тәуелсіздік жолындағы еліміздің жасап жатқан қарқынды қадамдары мен бүгінгі күндегі ел жаңалықтарынан ақпар бере отырып,келешек жас өскіндердің болашақ туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Жаңартылған бағдарлама
Тәрбие сағаты
7 сынып
Рухани денсаулық - өмірдің мәні
770 ₸
770 ₸
09 Қаңтар 2019
1985
0
Бұл ұсынылған материал 7-сыныптың қазақ тіл пәні бойынша "Рухани денсаулық - өмірдің мәні" тақырыбындағы сабақ жоспары еңбек жолын жаңадан бастаған жас мамандар мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған. Қажет болған жағдайда практикадан өтіп жатқан студенттердің де қажетіне жарайды. Сабақ құрылымы жаңартылған білім мазмұны бойынша жасақталған.Жоспарда оқушылардың оқу белсенділігін арттыратын түрлі әдіс -әсілдер мен жаңа технология элементтері бар.Атап айтқанда ,"Мотивация"жаттығуы, топтық жұмыс, "Неліктен бұл үздік?", "Серпілген сауал", "Бес сөйлем", "Температураны өлшеу", "Бағдаршам", "Желкенді кеме" әдістер бар. Бұл оқушылардың ойлау, әрекет ету, оқу белсенджілігін арттырып, ұжымдық қарым-қатынасын қалыптастырады.
Қазақ тілі
Сабақ жоспары
7 сынып