Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Тәуелсіз қазақ елім бар"ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» тақырыбы аясында жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер арасындағы мектепішілік семинарда көрсеткен және "Рухани жаңғыру" аясында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай өткізген ашық тәрбие сағаты.Бұл материал жаңаша білім мазмұнына сай жоспарланған. Жаңа технология элементтерін сабақ үрдісінде пайдалана отырып, жаңа формаға құрылған.Бұл тәрбие сағатында оқушыларға тәуелсіздік деген ұғымның мағынасын ұғындыра отырып, оларды елжандылыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлей білуге шақыру. Оқушыларға ел шежіресі, тәуелсіздік жолындағы еліміздің жасап жатқан қарқынды қадамдары мен бүгінгі күндегі ел жаңалықтарынан ақпар бере отырып,келешек жас өскіндердің болашақ туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

14.12.2018 ж.

Сағ.:15.00-15.40

Сарға селосы «Ә.Жанкелдин атындағы орта мектебі» КММ

Сынып жетекші: Анесова Алия Умирбековна

7 «Ә»-сынып

Қатысқандар: 15

Қатыспағандар: 1 (себепті)

«Жаңаша оқытуға – жаңаша көзқарас» тақырыбы аясында жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер арасындағы мектепішілік семинарда көрсеткен ашық тәрбие сағаты

Ұлттық құндылықтар

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

Тәуелсіз қазақ елім бар

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларға тәуелсіздік деген ұғымның мағынасын ұғындыру;

Оларды елжандылыққа, ұлттық патриотизмге тәрбиелей отырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлей білуге шақыру.

Білімділік мақсаты

Оқушыларға ел шежіресі, тәуелсіздік жолындағы еліміздің жасап жатқан қарқынды қадамдары мен бүгінгі күндегі ел жаңалықтарынан ақпар бере отырып,болашақ туралы көзқарастарын қалыптастыру.



Дамытушылықмақсаты

Барлық оқушы орындай алады: тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап бере алады, топтық жұмыс жасай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра алады, иллюстрациялық суреттерді құрастыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды анықтайды, шығармашылық жұмыс жасайды

Бағалау критерийлері

-Мәтін мазмұнын түсінеді,жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

-Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады



Тілдік мақсат




Оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді,шынайы өмірмен байланыстырады, топтық жұмыс жасайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:тәуелсіздік,тарих,ұлттық құндылықтар, стратегия

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: ел тәуелсіздігі, қымбат боцтұмарымыз, ұлттық құндылық,ұлттың басты мерекесі т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Неліктен ел тәуелсіздігін ұлттық құндылыққа жатқызамыз?

- Тәуелсіздік деген ұғымның мәнін қалай түсінесіздер?

- Тәуелсіздік бізге не сыйлады?

-Сіз ел үшін не істер едіңіз? -Не себепті... олай ойлайсыз?

Ишара: «Дұрыс айтасыз!» деген мақұлдау сөзі, бас изеу

Пәнаралық байланыс

«Қазақстан тарихы» ,«Қазақ әдебиеті», «Қазақ тілі», «Өзін-өзі тану», «Бейнелеу», «Музыка» пәндері

Құндылықтарға

баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы – «Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы» тұғыры бойынша білім алушыларды өзара ынтымақтас-тыққа, елжандылыққа,қазақстандық патриотизмге және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Алдыңғы оқу

Тәрбиеленушілердің тәуелсіздік, ел тәуелсіздігі туралы жалпы түсініктері бар. Одан әрі спиральдық қағидат бойынша алған білімдерін нақтылай түседі.

АКТ-мен байланыс

Тақырып мазмұнын ашатын бейне-үзік( YouTube miytvideo .nerukami. ru.  Қазақстан  тəуелсіздік жолында(Bagdal ErKiN).Ссылка: https://youtu.be/NBLOpcUToso; интербелсенді тақта

Көрнекіліктер

Шаңырақ,уық макеті, ҚР-ның туы, елтаңбасы, «Тәуелсіздік» монументі, стикер, түрлі суреттер, жалаушалар, «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні»афиша,тақырып жазылған плакат, шар-гүлдер,тәуелсіздік жемістері, Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері,түлі-түсті маркерлер,флипчарт, иллюстра-циялық суреттер, клей, бағалау бағдаршамы, топтардың аты жазылған қағаздар.

ЖОСПАР

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру. «Шаңырақ шаттығы»

-Оқушылар, алда еліміз үшін қандай маңызды мереке келе жатыр? (16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні)

-Тәуелсіздігімізге неше жыл толғалы отыр? (27 жыл)

-Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы да «Тәуелсіз қазақ елім бар» деп аталады. Ендеше,осынау ұлт ретінде ұлықтайтын басты мерекеміз Тәуелсіздік күніне орай жырдан шашу шашып,келген қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлайық. (бір шаңырақ астында тұрып,уығын шанши отырып жырдан шашу шашады)Мысалы:

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.


Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

Тәуелсізбін,егеменмін, дербеспін. т.б.

Бүгін біз топ боп мерекеге орай топтық жұмыс жасаймыз.Алдымен сурет таңдау арқылы топқа бөлінеміз.

Сурет мазмұнына байланысты 3 топқа бөліну:

1-топ: Кеше (Елтаңба)

2-топ: Бүгін («Тәуелсіздік» монументі)

3-топ: Ертең (ҚР-ның туы)

-Суреттердегі ұғымдар ұлттық құндылықтарға жатады. Бұл бейнелер арқылы халқымыздың кешегі бастан өткерген тарихын, бүгінгі жетістіктері мен бейнесін және болашаққа құрған айқын мақсаттарын, жасалмақшы мақсатты түрдегі қадамдарын анық байқай аламыз. Сондықтан «Кешегісіз бүгін жоқ, бүгінгісіз болашақты елестету мүмкін емес» деген қағиданы еске ала отырып, сіздерді Қазақ елі –Кеше.Бүгін. Ертең деген топқа бөліп отырмын.

-Топ атауларын бір ұғымға жинақтап, жалпылама қалай атауға болады? (ұлттық құндылықтар)

-Ұлттық құндылықтарымызға басқа қандай ұғымдар кіреді? (діл,дін,мәдениет,әдебиет т.б)

- Тәуелсіздікті неліктен басты ұлттық құндылығымызға жатқызамыз?




























Ортасы

33 минут












«Миға шабуыл»әдісі

Бейне-үзік көрсету,тақырыптың мазмұнын ашуға жетелеу.

«Диалог»әдісі:

-Бейне-сюжет не туралы?

-Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келді ме?

Тәуелсіздік бізге қандай жолмен келді?Тәуелсіздіктің біз үшін маңызы қандай?

-Тәуелсіздік деген ұғымды қалай түсінеміз?

Мысалы: Тәуелсіздік - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресі-нің тарихи нәтижесі.т.б.


«Постер қорғау» (шығармашылық жұмыс)

1-топ: Кеше «Тәуелсіздік жолындағы күрестер жемісі» Қазақстан картасына жылдарымен орналастырып шығу,

2-топ: Бүгін «Бүгінгі Тәуелсіз елдің қол жеткізген жетістіктері»иллюстрациялық суреттер құрасты-ру, оны мазмұнға сай дұрыс орналастырып қорғау.

3-топ:Ертең «Ел ертеңін қалай болжайсыңдар?» сурет салу

«Бағдаршам» әдісімен ҚБ жүру

«Үй тапсырмасы» Тәуелсіздіктің 27 жылына арнау(қолөнер бұйымдары, өлең арнау)

YouTube | miytvideo.nerukami.ru. Қазақстан тəуелсіздік жолында(Bagdal ErKiN)..

Ссылка: https://youtu.be/NBLOpcUToso














-өте жақсы

  • ж ақсы

  • о рташа


Соңы

2 минут

Еліме тілек

Оқушыларға сурет таратылып беріледі, сол суреттегі ұғымды пайдалана отырып, тілек тілеу.Мысалы: Елтаңбамыз еңселі, туымыз тұғырлы, Әнұранымыз асқақ болсын! т.б.

Теңге, Отан, Елбасы, ел, Тәуелсіздік, Қазақстан 2030 стратегиясы, Рухани жаңғыру, Ту-Әнұран-Елтаңба, Ұлттық құндылықтар,Астана, қыран, Мәңгілік ел,жер,Ата заң,Ана тіліміз

Хор: «Мен қазақпын»(әні,сөзі:Қуандық Рахым)

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1076
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12