Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қазақ тілі,8-сынып Жай сөйлем және оның түрлері. Жақты сөйлем.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ 8-сыныптың қазақ тілі бойынша өткізілген ашық сабақ. Сабақтың мақсаты:оқушылардың сөйлем туралы білімдерін кеңейту.Жай сөйлем туралы түсінік бере отырып, олардың түрлерімен таныстыру. Жақты сөйлемнің мағыналық және құрылымдық белгісін таныту; Оқу жаттығулары арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге,елжандылыққа тәрбиелеу;Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру, өз бетінше тұжырым жасауға, ізденпаздыққа баулу.Түрлі топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып, СТО, тест әдісі, талдау, сұрақ-жауап әдістері арқылы оқушы белсенділігін арттырамын. Тақырып пен тақырып мазмұныны оқушылар өздері болжап, мысалдар жолымен тақырыпты орындайды. Практикалық дағдыны тапсырмалар орындау барысында жетілдіреді.Сабақта слайд көрмелері, бағалау бетшелері, оқулық, қызыл-жасыл, сары түсті фигуралар т.б көрнекіліктер қолданылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Cабақтың тақырыбы: Жай сөйлем және оның түрлері. Жақты сөйлем.

Сабақтың мақсаты

1.Білімділігі: Сөйлем туралы білімдерін кеңейту.Жай сөйлем туралы түсінік бере отырып, олардың түрлерімен таныстыру. Жақты сөйлемнің мағыналық және құрылымдық белгісін таныту.

2.Тәрбиелілігі: Оқу жаттығулары арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге,елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру, өз бетінше тұжырым жасауға, ізденпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО, тест әдісі, талдау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: слайд көрмелері, бағалау бетшелері, оқулық, қызл-жасыл, сары түсті фигуралар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп алу. Ортаға қызыл, жасыл, сары түсті түрлі фигуралар жатыр. Сол түсті таңдаған оқушылар бір топты құрайды. Араларынан топ басшысын таңдап, сол оқушы бағалау бетшесін толтырып отырады. /2минут/

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. /7 минут/

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа жолдама алу үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек. Жылдам әрі дұрыс жауап берулерің тиіс./5 минут/

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мағынаны тану /9минут/

Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, интерактивті тақтадан жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.


Оқушы назарын мысалдарға аудару. Тақтада жай сөйлем мен құрмалас сөйлемге байланысты екі мысал берілген. Жай сөйлемнің синтаксисін таныту үшін өздеріне талдату.

1. Әйгерім қыста киетін түлкі тымағын тігіп отыр.

2. Абай ағам шайын ішіп болып, кітап оқып отыр.

Екі сөйлемнің бастауыш-баяндауыштарын анықтайық.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді мағынасы мен құрылысына қарай, бастауыш-баяндауыштарының санына қарай ажыратуға болады.


Жай сөйлемнің құрылысы мен көлемі әрдайым бірдей бола бермейді.

Мысалдарға тоқталып өту:

1.Қамар да бұл жолы үндемеді. (жақты сөйлем)

2.Біздің ашық сөйлесуіміз керек. (жақсыз сөйлем)

3.Қой жараланды. Бұзаулар өлтірілді. (жалаң сөйлем)

4.Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды (жайылма сөйлем)

5.Олар арттарына мәңгілік із қалдырды.

6. - Есептей білемісің?

- Білем. (толымсыз сөйлем)

7. Кең зал. Құжынаған халық.


Жай сөйлемнің түрлері:

1.Жақты және жақсыз сөйлем.

2.Жалаң және жайлыма сөйлемдер.

3.Толымды және толымсыз сөйлемдер.

4.Атаулы сөйлемдер.


Тұжырым: Сонымен.... (Оқушылар тұжырымды өздері шығару керек.)

Жай сөйлем дегеніміз не? Жай сөйлемнің қандай түрлері бар? Олардың өзара айырмашылықтары қандай?


Жақты сөйлем

Жақты сөйлем туралы түсінік бермес үшін «жақты» деген сөзге талдау жасау.

Жақты деген сөздің шығу төркінін анықтау. Жақты – туынды сын есім.




Жақты – 1. Сындық ұғым: жақты сөйлем, ат жақты жігіт, екі жақты тәрбие

2.Етістік

Біреуге жағу, ұнау

Шам жақты.

Үш түрлі мысал жазу:

  1. . Көк шолақ бұл жолы да жығылмады.

  2. (Ол) Қашып келе жатып артына да қарай алмады.

  3. Менің оқығым келеді.

Тұжырым: Жақты сөйлем...


Ү. Пракикалық дағдыны қалыптастыру

  1. тапсырма: бастауыштарын табу.Жақты сөйлем екенін дәлелдеу/ 6 сөйлем/табу, тұлғалық талдау, қай шығармадан алынған үзінді екенін айту. (70-жаттығу) (3минут)

  2. тапсырма: сызба бойынша сөйлем құрастыру. (3минут)

  3. тапсырма:бастауыш етіп сөйлем құрау (72-жаттығу) қолдану (3минут)

  4. тапсырма: Сәйкестендіру тестісі

Бірыңғай мүшелі жақты сөйлем 1.Хорымыз жамырап жақсы шықпады.

Оқшау сөздері бар жақты сөйлем

Айқындауыш мүше қатысқан жақты сөйлем 2.Мінезі де, түрі де – бәрі өзім.

Жалпылама жақты сөйлем 3.Дейтұғын: «Кәне, балам, әпер қобыз!...»

Жақты сөйлемге жатпайтын жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Жалпылауыш сөзі бар жақты сөйлем


«Кері байланыс» / 5-минут/

-Сонымен , жақты сөйлемнің өзіне тән басты белгісі қандай? Жақты сөйлем болу үшін

қай сөйлем мүшесі болуы тиіс? Жақты сөйлемдер қандай шығармаларда кезедеседі?

Сәйкестендіру тестісі

Бірыңғай мүшелі жақты сөйлем

Оқшау сөздері бар жақты сөйлем

Айқындауыш мүше қатысқан жақты сөйлем

Жалпылама жақты сөйлем

Жақты сөйлемге жатпайтын жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Жалпылауыш сөзі бар жақты сөйлем


Үйге тапсырма: Оқулықтан 70-жаттығу /1 минут/

Бағалау: топ мүшелері бағалау бетшесіндегі бағалардың қойылу себебін түсіндіріп кетеді.

/3 минут/





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
5182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12