Материалдар / Ашық сабақ 7-сынып қазақ тілі "Әлеуметтік желіні игілікті пайдалану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 7-сынып қазақ тілі "Әлеуметтік желіні игілікті пайдалану"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне Әлеуметтік желіні игілікті пайдалану туралы мәліметтер алады. Мұғалімдерге іс-тәжірибе алмасуға қоржыгдарына алар көп әдіс-тәсілдер бар деген ойдамын. Сабақ мақсаттары оқу бағдарламасына сай болды, сабақта оқушылар әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны жайлы өздері білмеген мәліметтер алды. - Сыныптағы ахуал өте жақсы болды, оқушылар тапсырмаларды қызыға орындап, белсенділік танытты. Сабақта жоспарланған саралау тапсырмалары тиімді болып, нәтижеге жетуге ықпал етті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2020
1868
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:

«№17 орта мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні Д.Ж.Ормашева

Күні: 27.02.2020 ж

Қатысқан оқушылар саны: 18

Қатыспаған оқушылар саны: -

СЫНЫП: 7 а

Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім атауы

Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Сабақтың тақырыбы:

Әлеуметтік желіні игілікті пайдалану.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.Т/А5. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау.

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.

7.4.4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаттары:


Барлық оқушылар: проблемалық сұрақтарға мысал келтіре отырып жауап береді;

Оқушылардың көпшілігі: өз жауабын өзгенің пікірімен салыстырады ;

Кейбір оқушылар: әлеуметтік желіні игілікті пайдалану байланысты талқыға түседі, пікірін дәлелдейді , өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсат

Пәндік лексика мен терминология:

Негізгі сөздер мен тіркестер: әлеуметтік желілер, фейсбук, ғаламторға тәуелділік, етістік, етістіктің шақтары.

Талданатын сұрақ:

Мәтінде әлеуметтік желіні қалай игілікті пайдалануға болады?

Ғаламторға тәуелділік деген не? Төмендегі сөздерді етістікке айналдырып, сөйлем құраңдар.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар: әлеуметтік желіні игілікті пайдалану жайлы үйренеді, тірек сөздер арқылды етістіктің түрлі тұлғаларына сөйлем құрайды.

Бағалау критерийлері

- проблемалық сұрақтарға жауап іздейді;

- сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріп жауап береді;

- жұбымен диалогке қатысады;

- өзгенің жауабын өз ойымен салыстырады;

- пікірін білдіріп талқыға түседі.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, тарих

Құндылықтарға баулу

«Ұлы даланың жеті қыры», «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылықтарын пайдалану .



Алдыңғы оқу

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны, бұрынғы өткен шақ.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған

уақыт

Сабақ барысы:

Ресурстар

Басталуы

2 минут

































































4 минут















1 минут













Жаңа білім

10 минут















































































































4 минут

























































2 минут



















































5 минут























































4 минут





























3 минут










І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларға интернетке байланысты суреттер таратылып беріледі. Сол арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

1 – топ: «Instagram»

2-топ: «WhatsApp»

3-топ: «vkontakte»

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут .

Оқушылар осы біз сабақта бір нәрсе жоғалтқан сияқтымыз? Ол не деп ойлайсыздар ?

  • Уақыт!

  • Неге уақыт жоғалттық деп ойлаймыз?

  • Кітап оқуға , сөйлесуге, игілікті істерге уақытымызды жұмсауға уақыт бөлуге ұмытыппыз.

  • Ал неге олай болды?

  • Неге көп уақыт жұмсаймыз?

  • Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын атап кетсеңіздер?

  • Жақсы онда әлеуметтік желіні игілікті пайдалана білейік!

(Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы туралы біліп келу. етістіктің шақтарын қайталау).

Өткенді еске түсіру. 1-тапсырма «Пікірлер алаңы» әдісі

Интернеттің

зияны

Интернеттің пайдасы






ҚБ «Өзіндік бағалау» әдісі

Оқушыға бірнеше әдістері ұсынып өз қалаулары бойынша сабақты бағалау ұсынылады.

«Даналық ағашы», БББ кестесі, Екі жұлдыз бір тілек, «Бутерборд» әдісі, Аяқталмаған сөйлемдер, ПОПС формуласы, Білім баспалдағы әдісі


Бүгін сабақта не үйренеміз? Бүгін сабақта:

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік желілер туралы өз ойларымызды еркін жеткізе білуге үйренеміз;

  • сөйлемдердің қай шақта тұрғанын анықтай білеміз;

Ескерту! Топтық жұмыста бір-бірімізге кедергі келтірмейтінімізді ескертемін.

ІІ. Сабақ тақырыбын анықтауға арналған қадам.

Тыңдалым тапсырмасы.

2-Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрыңыз. Жұбыңыздың құрған сұрағымен алмастырып, проблемалық сұраққа жауап беріңіз. Аталған проблема бойынша ойларыңызды салыстырыңыз

Поляк жазушысы Януш Вишневский өзінің «Желідегі жалғыздық» деп аталатын романында: «Ғаламтор адамдарды жақындатпайды. Ол – жалғыздықтардың жиынтығы. Былай қарасаң, бәріміз бірдей секілдіміз. Бірақ, бәрібір жалғызбыз», - деп жазады. Роман неліктен танымал? Бүгінгі оқырман осы шығарманы неге іздеп жүріп оқиды? Өйткені қазір «Желідегі жалғыздықты» ғаламторға қолжетімді аймақта тұратын ағайынның біразы бастан кешіп жүр.

Алайда, бес саусақ бірдей емес. Әлеуметтік желіні игілік үшін қолданатын адамдар да жетерлік. Бір қолданушылар желіде үнемі тек игілікті хабар мен адамдарды ізгілікке шақыратын жазбалар жазып отырады. Мәселен, Шымкенттік Жүрсін Кәрім есімді дәрігер ағамыздың «Фейсбуктегі» парақшасында адамды сабырға, ақылға, парасаттылыққа жетелейтін жазбалары жазылады. Жүрсін аға диалогке ашық, жұрттың қойған сұрағын жауапсыз қалдырмайды. Бастысы, бұл қолданушы негативті ойлардан, даурықпа сөздерден ада. Белгілі жырау, фольклортанушы Берік Жүсіпов өз парақшасында танымдық дүниелерді көп жариялайды. Жырау қазірге дейін «Фейсбук» бетінде қазақтың халық ауыз әдебиетіне, тарихы мен өнеріне, мақал-мәтелдеріне, пайымдарына қатысты пайдалы жазбалар жазып үлгерді. Пайдалы жазба жазатын мұндай қолданушыларды іздеп жүріп оқуға болады.

Соңғы кезде сатирик Мұхтар Шерімнің әзіл-шыны аралас дүниелері, жас жазушы Бейбіт Сарыбайдың езуіңе еріксіз күлкі үйіретін постылары, журналист Арман Сқабылұлының әдемі естеліктері оқырмандар арасында сұранысқа ие болып тұр.

Ғаламтор беттерінен

Дескриптор Білім алушы

- проблемалық сұрақтар құрастырады;

- сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріп жауап береді;

- жұбымен диалогке қатысады;

- өзгенің жауабын өз ойымен салыстырады;

- пікірін білдіріп талқыға түседі.

Талқылау сұрақтарын жинап алу сандыққа салу

3-тапсырма

Семантикалық карта (жұппен жұмыс)


Мәтіннен үзінді

шындық

Жалған

Поляк жазушысы Януш Вишневский «Ғаламтор адамдарды жақындатады. Ол – бауырларды, ағайынды жақындататын құрал», - деп жазады.


+

Шымкенттік Жүрсін Кәрім есімді дәрігер «Фейсбуктегі» парақшасында адамды сабырға,ақылға, парасаттылыққа шақырады

+


Белгілі жырау, фольклортанушы Берік Жүсіпов өз парақшасында қазақтың халық ауыз әдебиетіне, тарихы мен өнеріне, мақал-мәтелдеріне, пайымдарына қатысты пайдалы жазбалар жазып үлгерді.

+


Януш Вишневский «Желідегі жалғыздық» пьессасын жазған


+

Сатирик Мұхтар Шерімнің әзіл-шыны аралас дүниелері, жас жазушы Бейбіт Сарыбайдың езуіңе еріксіз күлкі үйіретін постылары, журналист Арман Сқабылұлының әдемі естеліктері оқырмандар арасында қызықсыз


+

Жүрсін Кәрім «Фейсбук» қолданушысы негативті ойлардан, даурықпа сөздерден ада

+


желіде үнемі тек игілікті хабар мен адамдарды ізгілікке шақыратын жазбалар жазып отыратындар бар

+



«Термометр» әдісі арқылы бағалау



1-2

3-4

5-6

7

 1-ыдыс

 2-ыдыс

 3-ыдыс

 4-ыдыс

2 -тапсырма. Топтық жұмыс

«Өз пікіріңді дәлелде» әдісі.

Жоғарыда берілген проблемалық сұрақтар негізінде пікір алмасыңыздар. Оны сызбаға салып айтыңыздар. Сөйлемде қандай шақты қолдандыңыз айта кетіңіз.

  1. Әлеуметтік желіні қалай игілікті пайдалану керек?

  2. Әлеуметтік желі көңіл-күйге қалай әсер етеді ?

  3. Әлеуметтік желі арқылы көмектің қай түріне зәруміз? (рухани немесе материалдық)

Дескриптор: Білім алушы

-тақырыпқа байланысты өз ойын айтады

- сөйлемдердің құрылымын сақтайды

- өз пікірін фактілермен дәлелдейді

- жаңа идея ұсынады

ҚБ. Мұғалімнің мадақтауы «Жарайсың! Керемет! Әлі де тырыс!»

4-тапсырма. Жеке жұмыс . Сараланған тапсырма

«СМС хабарлама» әдісі бойынша тапсырма алады.Оқушылар жеке жазылым тапсырмасын орындайды. Оқушылардың пікірін дәлелдеу деңгейлерін анықтау мақсатында «Егер..., онда..., өйткені...» әдісімен оқушылардың әлеуметтік желіні игілікті пайдалана білуге насихаттауға арналған ойлары баяндалады.

Тақырыпқа байланысты берілген сөздерді пайдалану керек.

«Әлеуметтік желіні игілікті пайдалан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!