Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ " Сендер-менің бақытымның бұлағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп:

Күні;

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Бөлім: 4

Достық пен татулық-таптырмас бақыт.Т.Айбергенов «Бір тойым бар»

Сабақ тақырыбы

«Сендер – менің бақытымның бұлағы»

Осы сабақта қол жет-кізілетін оқу мақсат-тары

8.2.4.1 идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау

Сабақ мақсаттары

Барлығы. Мәтін мазмұнын талдайды

Көбі: мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырады

Кейбірі.ақын өлеңдеріндегі негізгі идеяны анықтайды.

Бағалау критерийлері

.Т.Айбергеновтің шығармашылығы жайлы ақпарат береді, өз ойын айтады, мәтін мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: залал, күлдір, қызған, жалған

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: достық, татулық, дарын

Бастапқы білім

Ақын жайлы айтады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім «Көңіл күйді анықтау»тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл күйін сипаттайтын суреттер (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған ,қабағы түюлі ,бейтарап,т.б) салады.

Қызығушылықты ояту Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында ақынның өлеңдерін жатқа оқиды,ой шақыру сұрақтарын қояды: Балалар, біз кімнің өлеңін тыңдадық? Сұрақтарға жауап береді.

Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.

Дескриптор:

-жаңа сөздерді үйренеді;

-сөздік жұмысын жүргізеді

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. Сыныпты үш топқа бөледі. «Пікірлер парағы» әдісінің негізінде жағдаяттық тапсырманы орындатады (2-3-тапсырма) .

1-топ- «Достық» ақынмен кездесу кешінің форматын жасайды

2-топ – «Арман» ақынға қоятын 2 сұрақты дайындайды

3-топ – «Жеңіс» екі топтың жұмысына баға береді, сын-пікір айтады.

Дескриптор:

-оқушылар бір-бірінің жұмысына баға береді,

-пікір айтады;

«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.

Кері байланыс.«Сұрақ ілмегі»әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады.сі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады.

Тренинг жазылған парақшалар, А4парағы, маркерлер, оқулық,

Сабақ ортасы

Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін

«Данаүкілер» тәсілін қолданады. Оқушыларға өлең мәтінін мәнерлеп оқытады. Оқушылар тапсырманың шарты бойынша қою қаріппен жазылған сөздердің синонимдерін табады, сөйлемдерді оқиды, берілген сөздердің мағынасы өлеңнің қай шумағындағы оймен сәйкес келетінін айтады, ақынның ішкі сезімін білдіретін фразеологизмдер мен ауыспалы мағынадағы сөздерді теріп жазады.

«Пікір алмасу» тәсілі. Өлең мәтінін оқиды, пікірлерін айтады. Әр топ мәтіннің бөліктеріне 2 сұрақтан құрастырып, жауап жазады. Кейін сұрақтарын екінші топқа, жауапты үшінші топқа береді. Сонан соң үшінші топ бірінші топ пен екінші топтың жауабын салыстырып бағалайды. (4,5,6-тапсырмалар).

Дескриптор:

-мәтін мазмұнын талдайды;

- мәтіннен қажет ақпарат алады;

-сөздердің мағынасы мен жасалу жолын түсіндіреді.;

Қалыптастырушыбағалау.«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады.

Кері байланыс. «Не қиын,не оңай?» әдісі бойынша түсініктерін толықтырады.

Мәтін соңы жұмыс. Әртүрлі қайнаркөздерден ұлы адамдардың халықтар арасындағы достық пен татулық туралы қанатты сөздерін тапқызады, талдатады (9-тапсырма)

Дескриптор:

-қайнаркөздерді тиімді пайдаланады;

-қанатты сөздерді талдайды,

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы білім алушылар өз сыңарын бағалайды.(

Кері байланыс.«Бір сөзбен» әдісі арқылы оқушылар тапсырманы қалай орындағаны туралы бір сөзбен айтады


суреттер

Сабақтың соңы









Топтық жұмыс .»Ойшыл қалпақтар». Тақырып: «Ақын болу оңай ма?». Оқушыларды алтыдан топтастырады, 6 түсті қалпақ береді. Рөлдік ойынның шартын орындайды, 6 түсті қалпақты киеді, сұрақтарға жауап береді, пікірталас ұйымдастырады.

.

Қалпақтардың қызметі

Жауап беретін сұрақтар

Ақын бақыты туралы айтады.

Атақты ақындар туралы қандай ақпарат білесің?

Ақын болудың артықшылығын айтады.

Оның қандай артықшылығы бар?

Ақын болудың қиындықтарын айтады.

Қандай қиындықтар болуы мүмкін?

Ақын болудың пайдасын айтады.

Өлең пайдалы болу үшін не істеу керек?

Ақын болуға қатысты эмоциясын білдіреді.

Осы мәселеге қалай қарайсың?

Бақылап, қорыту:айтылған ойларды сараптап, талдайды

Айтылған ойлардан қандай тұжырым жасауға болады?

Дескриптор:

-ақпаратты талдайды;

-айтылған мәселені күнделікті өмірмен байланыстырады;

-өз ойын қорытады;

Қалыптастырушы бағалау.«Бас бармақ» әдісі арқылы бірін-бірібағалайды


А4парағы, маркерлер,




Кері байланыс. Не қиын,не оңай?» әдісі бойынша түсініктерін толықтырады.

Рефлексия. Рефлексия парақтарын таратып, сабақ бойынша пікірлерін біледі.

Көңіл-күйді білдіру

Сабақтың тақырыбы____________________________________

Сабақ не туралы болды? ___________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Б үгін сабақтың соңында қандай сезімде болдым?







Мүлде Сенімсізбін Аздап Өте сенімдімін Сенімдімін


Күні______________________

Үйге тапсырма. Үй тапсырмасы ретінде оқулықтағы

8-тапсырма беріледі. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі._

Парақшалар

Оқулық


Қосымша ақпарат

РефлексияСабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде?Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті?__

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды бағалау:

Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз.

1:

2:


Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырды?

1:

2:

Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз.

1:

2:

Сабақ барысында келесі сабағымда сынып не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім...__




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
3301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12