400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Алуан түрлі жануарлар" 2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспарда топтық жұмыс түрлерін,жұппен жұмыс түрлерін өткізу әдістері көрсетілген.Оқушылардың бірін бірі бағалауы, кері байланыс жүргізу жұмыстары көрсетілген.Оқушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, сабақтың тақырыбын өздері аша білді.Топтық жұмыс барысында оқушылар бауырымен жорғалаушылар,қосмекенділер арасындағы ұқсастықтарды, айырмашылықтарды диаграммаға салып көрсете білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі жануарлар

Пәні: Жаратылыстану


Күні:

06.10.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Токтаганова Лязат Жумахановна


Сынып:

2 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспаған оқушылар саны: 0



Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.2.2.1. Жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.


Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

  • топтық жұмысты бірлесе орындайды;

  • өз бетінше жұмыс жасайды;

  • сұраққа жауап береді;

  • қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.


Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

  • оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.


Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.


Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.


Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :


Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлу:

«Мультфильмнің жануар кейіпкерлері» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды суреттерді алып, 1, 2, 3 топтарға бөлініп отырады.

Топ ережесін құру:бір-бірін сыйлау, көмектесу,бір-бірін тыңдау, бірігіп жұмыс жасау,уақытқа бағыну.


Мультфильм кейіпкерлерімен топтарға бөлу.



Жаңа білім

10 минут


Білу және түсіну

Топтарға тапсырма: суреттерді топтастырады.

Оқушылар әзірге өздері білетін үй жануарлары, аңдар, құстар деген топтарға топтастырады.

Топтар тапсырманы орындап болған соң, бір-бірін смайликтермен бағалайды.

Сонымен қатар бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер деген топтарға бөлінетінін айтып өту.

Тірек сөздерді жіпке ілу: қосмекенділер,бауырымен жорғалау шылар.

Слайд: жылан, кесіртке

-Олар қалай қозғалады?

Зерттеу жұмысы: бір оқушы көрсетеді жылжиды
















Picture 8 -Сен не сезіндің?

-Ал,балалар, не байқадыңдар?

Жылан секілді бауырлай қозғалды

-Тағы қандай жануарлар осылай қозғалады?

Слайд көрсету: тасбақа, қолтырауын.

Слайд көрсету:Picture 7


-Ал мыналар қандай жануарлар: бақа, саламандра.

-Олар қайда мекендейді?

-Суда да, құрылықта да мекендейді. -Сондықтан олар қосмекенді деп аталады. Қосмекенділер сырт қара- ғанда бауырымен жорғалаушыларға ұқсайды.

-Айырмашылығы бауырымен жор- ғалаушылардың терісі құрғақ, ал қосмекенділердің терісі ылғалды болады.


Оқулық,

мәтіндер.
























Оқушы жыланның қозғалы сын көрсетеді.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Қыдырып қайт


Picture 3

Оқушылар би билеп, сергіп қалады.


  • Балалар, суқоймаларға нелер жатады?

  • Өзен, көл

  • Суқоймада нелер тіршілік етеді?

  • Балықтар,ұлу, қосмекенділер














Picture 6 Топтық жұмыс: топтар өздері балықтың дене құрылысын анық тайды. Тақтаға іледі, өз жауаптарын қорғайды


Слайд көрсету: балықтың дене құрылысы. Балалар топ жұмыстарын бас бармақпен бағалайды.

Picture 5



Оқушылар балықтың дене құрылысы ның қызметін айтады.


Жұппен жұмыс.

Бір оқушы кез-келген жануарды ым- ишарамен көрсетеді, ал оның жұбы қай жануар екенін шешу керек.

Бір-бірін үш шапалақпен бағалайды.


Балалар бір-бірін үш шапалақ

пен бағалайды

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Ой қорыту

Оқушылар зерттеу жұмысын жүргізеді.

Топтарға тапсырма.

Диаграммаға қосмекенділер, балық тар, бауырымен жорғалаушылардың ұқсастығын, айырмашылығын жа зады.

Бағдаршам тәсілімен бағалайды.

«Пентамино» ойыны. Оқушылар слайдтан қай жануар бейнесі екенін ажыратады.



Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Кері байланыс

3 минут

«Күн,бұлт» кері байланыс

Ашық күн бәрі түсінікті, ала бұлтты сұрағым бар, бұлтты түсініксіз екенін білдіреді.

Алған әсерлерін күн, бұлт сурет тері арқылы көр сетеді.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
3464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі