Ашық сабақ "Аммиак №12 зертханалық жұмыс. «Аммиак молекуласының моделі»" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Аммиак №12 зертханалық жұмыс. «Аммиак молекуласының моделі»" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал химия пәнінің мұғалімдеріне керек. Деңгейлі дайын тапсырмалар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: (VII),(VI),(VI), (IV)-топ элементтері және олардың қосылыстары

Күні:

Сынып: 9

Мектеп: М.Мақатаев атындағы №47 ЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Битабарова Х.И.

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:


Аммиак

12 зертханалық жұмыс. «Аммиак молекуласының моделі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.6 аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын түсіндіру;

9.2.1.21 аммиакты алу және қасиеттерін қолданылуын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын жазады;

Оқушылардың басым бөлігі: Аммиакты алу және қасиеттерін қолданылуын біледі;

Кейбір оқушылар: Аммиактың химиялық қасиеттеріне теңдеулер жазады, есептер құрастырады.

Бағалау критерийі

Аммиактың молекулалық, электрондық және құрылымдық формуласын жазады;

Аммиакты алу және қасиеттерін қолданылуын біледі;

Аммиакқа қажетті теңдеулерін жазып, есептер құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Термин сөздер: Габер процесі.

Аммиакты су.

Мүсәтір спирті.

Аммиак ......... газ. Аммиак .......... көрсетеді.

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың сыни және шығармашылықпен ойлау

қабілеттерін дамыта отырып, оларды жеке және топпен жұмыс жасауға дағдыландыру

Пәнаралық байланыс

Геометрия (модель салуда)

Көркем еңбек (модель жасауда)

Алдыңғы білім

7.1.2.3 металдар мен бейметалдарды физикалық қасиеттері бойынша ажырату;

7.1.2.4 элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурс


Сабақтың

басы




І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. («Шаттық шеңбері» әдісі. Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.)

2.Үй тапсырмасын сұрау (оқушыларды «Санамақ» ойыны арқылы үш топқа біріктіріліп сұралады, 1 топ-«Шар» тобы; 2 топ-«Стержень» тобы;

3 топ-«Модель»).

«Пазл» әдісі (ойлау дағдыларын дамытады; шапшаңдыққа үйретеді).

Айналымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазып, X, Y заттарын анықтаңдар:

N2 → NH3 → X → Y → HNO3 → AgNO3

Дескриптор:

-генетикалық байланысты шығарады;

-белгісіз х,у заттарын табады;

-шыққан өнімдердің атауларын атайды.

Кері байланыс («Мен күткен жауап»; «Рахмет, жарайсың, сен сұраққа толық жауап бердің»; мұғалімнің жазбаша ескертпесі, түсіндірмелері).

ҚБ. (Смайликтер арқылы бағаланады).








Плакат, түсті маркерлер










Сабақтың ортасы







Мұғалімнің түсіндірмелері: («Құрастыру» әдісі)

Аммиак.

Құрылысы. Азоттың сыртқы энергетикалық қабатында бес электрон бар және оның үшеуі дара. Сол дара электрондар аммиак NH3 молекуласын түзуге қатысады.

Ортақ үш электрон жұбы электртерістілігі жоғары азот атомына қарай ығысады. Молекула пирамида пішінді.

Физикалық қасиеттері. Аммиак-суда өте жақсы еритін, өткір иісі бар түссіз газ. Бөлме температурасында бір литр суда 700 литр аммиак ериді. Бұл ерітінді аммиак суы немесе мүсәтір деп аталады.

Алынуы.

Зертханада аммиак алу үшін аммоний алу үшін аммоний тұздарына күшті сілтілерді қосады:

NH4Cl + NaOH = NH3 + NaCl + H2O

(NH4)2SO4 + Ca(OH)2 = 2NH3 + CaSO4 + 2H2O

Өндірісте аммиак алу үшін сутекке азотпен тікелей әсер етеді:

N2(г) + 3H2 (г) =NH3(г) + 45,9 кДж

Шарттары:

Өршіткі-кеуекті темір;

температура-450-5000С;

қысым-25-30 МПа;

Бұл Габер процесі деп аталады (неміс физигі осы әдістің физикалық-химиялық негізін ойлап тапты).

Химиялық қасиеттері.

Егер аммиак ерітіндісіне бірнеше тамшы фенолфталеин тамызса, таңқурай түс пайда болады, яғни сілтілік орта көрсетеді: NH3+HOHNH4OH

Аммиак пен ауаның қоспасының қопарылу қаупі бар. Бірақ аммиак тек таза оттекте ашық жасыл түспен жанады:

4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6 H2O

Платина өршіткісін қолданғанда азот (ІІ) оксиді NO түзіледі:

4NH3 + 5O2 = 4NO + 6 H2O

Қолданылуы.

Төмен қысымда (7-8 атм) аммиак сұйықтыққа оңай айналады. Сұйық аммиакты буландыру кезінде көп мөлшерде жылу сіңірілетіндіктен, сұйық аммиак түрлі суытатын құрылғыларда қолданылады.

Аммиактың суық ерітінділері медицинада және күнделікті өмірде қолданылады. Бірақ өнеркәсіпте өндірілген аммиактың көп бөлігі азот қышқылын, сондай-ақ басқа азотты қосылыстарды өндіруге жұмсалады. Олардың ең маңыздысы-азотты тыңайтқыштар, аммоний сульфаты, аммоний нитраты және несепнәр.

Зертханалық тәжірибеде қолданылатын қауіпсіздік техника ережелері:

1.Үшкір заттармен жұмыс жасағанда абай болу;

2.Топтық жұмыс жасағанда құрал-жабдықтарды шатастырмау;

3.Топтық жұмыс жасау ережесін сақтау.


12 зерханалық жұмыс

«Аммиак молекуласының моделі»

Алдымен аммиактың құрылымдық формуласын құрастырыңдар. Молекулалардың сфералық модельдерін құрастыруға арналған жиынтықтан екі түсті шар алыңдар. Шарлардың аммиак молекуласы үлгілерін жасаңдар. Аммиак молекуласындағы атомдар арасындағы химиялық байланыстардың санына назар аударыңдар.

3 топқа үш түрлі тапсырма береміз.

1 топқа: ермексаздан аммиактың моделін жасау.

2 топқа: плакатка аммиактың моделін салу.

3 топқа: шар стерженьді модельдерден аммиактың моделін құрастыру.


Дескриптор:

- ермексаздан аммиактың моделін жасайды;

-плакатқа аммиактың моделін салады;

- шар стержінді модельдерден аммиактың моделін құрастырады.

Кері байланыс («Өте жақсы»; «Рахмет, бәрі дұрыс»;

мұғалімнің жазбаша ескертпесі, түсіндірмелері).

ҚБ. («Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады).

























Ермексаз,

флипчарт, түрлі-түсті қаламдар,

шар стержіндер

Сабақтың соңы

1-тапсырма. «Интервью» әдісі арқылы сабақты бекітеміз:

1. Аммиактың құрылысы қандай?

2. Аммиак қандай физикалық қасиеттерге ие?

3.Аммоний ионына қандай сапалық реакция тән?

4. Аммиак Жер атмосферасында кездесе ме?

5. Аммиакқа тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиеттің қайсысы тән?

6. Аммактың күкірт қышқылымен әрекеттесу теңдеуін жазып, өнімді атаңдар.

7. Аммиак оттекте өршіткі қатысында және қатысынсыз жанғанда қандай өнімдер түзіледі?

8. Аммиакты қандай мақсаттарда пайдаланады?

9. Қандай процестер нәтижесінде аммиак Жер атмосферасына енеді?

10.Қандай ғаламшарлардың атмосферасында аммиак болады?

2-тапсырма. («Сандар сөйлейді» әдісі)

Массасы 100 г 20%-дық күкірт қышқылы арқылы қанша көлем (қ.ж.) аммиакты өткізгенде: а)аммоний гидросульфаты; ә)аммоний сульфаты түзіледі?

(Жауабы: a)V(NH3)=4.48л; ә) V(NH3)=8.96 л )

Дескриптор:

-есептің шартын құрастырады;

-реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;

-формулаға сәйкес есепті шығарып аяқтайды.

Бағалау («2 тілек, 1 жұлдыз» әдісі арқылы бағаланады)

Үйге тапсырма: қайталау

Кері байланыс «Алма ағашы»


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

А-деңгейі: Аммиактың құрылысы қандай және аммиак қандай физикалық қасиеттерге ие?

В-деңгейі: NH3+H2O→

NH4Cl+NaOH→

NH3+O2

С-деңгейі:Көлем 5 л аммиак пен 15 л хлорсутекті араластырды. Қай зат артық қалды? Ол заттың массасы қандай?

1-тапсырма: «Смайликтер»

2-тапсырма: «Бас бармақ» әдісі

3-тапсырма: «2 тілек, 1 жұлдыз» әдісі

Кері байланыс «Алма ағашы»

1.Үшкір заттармен жұмыс жасағанда абай болу;

2.Топтық жұмыс жасағанда құрал-жабдықтарды шатастырмау;

3.Топтық жұмыс жасау ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекеленген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.07.2020
9957
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі