Материалдар / Ашық сабақ: Ақтөбе облысының туристік мүмкіндіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Ақтөбе облысының туристік мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Топқа бөлу: «ФОНАРИК» әдісі Топтың атын анықтау: «ФИЛВОРД» әдісі Сергіту сәті: «ПИРАМИДА» әдісі Үй тапсырмасын тексеру: «ЖОЛДАМА» әдісі Жаңа сабақты меңгеру: «3D-tour» әдісі. Ақтөбе облысына виртуалды саяхатқа шығамыз. Постер қорғау: «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі «2ГИС» әдісі. «Wordwall» платформасы арқылы 12 ауданды картаға реттік саны арқылы дұрыс орналастыруы қажет. Жеке жұмыс: «1001сұрақ» әдісі. Қорытынды. «Поле чудес» әдісі топпен жұмыс (Wordwall платформасы)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
179
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚАЛАЛЫҚ ЖАС ТУРИСТЕР СТАНСАСЫ» МКҚК
















Ашық сабақ тақырыбы:

Ақтөбе облысының туристік мүмкіндіктері










Орындаған: қосымша білім беру педагогы

Мерекеева Айжан Байғалиқызы

















Ақтөбе – 2024 жыл



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақтөбе облысының туристік мүмкіндіктерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: жарыс , түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, постер, стикер, тақырыпқа байланысты суреттер, видео,карта, көрме.

І.Сабақтың барысы. Оқушылармен амандасып болған соң, «Фонарик» әдісі арқылы топқа бөліп, «филворд» әдісімен топтардың атын анықтап аламын.

  1. Саяхатшылар 2. Өлкетанушылар 3. Экологтар


Сабақ барысында әр дұрыс жауап компаспен бағаланып отырады.

«Пирамида» сергіту сәті. Үш топқа бөлініп оқушылар ауыздарындағы таяқша арқылы, қолдың көмегінсіз стакандарды тезірек бір-біріне беріп жинауы керек. Қай топ көп жинаса сол топ жеңімпаз.

Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «ЖОЛДАМА» әдісі арқылы «Қазақтандағы туристік өңірлерге жалпы шолу» тақырыбын пысықтаймыз.( әр топқа суреттер беріледі, сол нысандар туралы ақпарат берулері қажет)

Саяхатшылар: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Көлсай- Қайыңды, Медеу

Өлкетанушылар: Керуен-Сарай, Бурабай, Арыстан баб кесенесі

Экологтар: Шымбұлақ, Бозжыра, Бекет ата кесенесі


ІІІ.Жаңа сабақ.

Аумағы 300 мың шаршы метр жерді алып жатқан Ақтөбе өңірінің сұлу табиғаты туризмді дамытуға қолайлы. Соңғы жылдары өңірге келетін туристердің қатары артқан. Былтыр облысқа 300 мың саяхатшы келіпті. «Қазақ туризм» ұлттық компаниясынан келген өкілдер өңірлік маңызға ие елу нысанның бірі ретінде Қарғалы су қоймасын таңдап алды. Олар су қоймасына барып, айналаны өз көздерімен көріп, картаға енгізді.Себебі, Қарғалы су қоймасының маңы туристерді тартуға өте қолайлы. Қазір инвестор анықталды. Алдағы уақытта су қоймасының маңынан демалыс орталығы салынады. Қонақ үй, бассейн, ойын-сауық орталығы, тынығатын орындар, яғни келушілерді қызықтыратын алаңдардың барлығы бой көтереді. Осы кезде саяхатшылардың қатары артады.

Қазіргі уақытта облыс туризмі үш бағыт бойынша дамып келеді. Біріншісі — мәдени-танымдық туризм. Бұл бағытқа «Есет батыр», «Қобыланды батыр», «Хан моласы» мемориалдық кешендері мен Абат Байтақ, Исатай батыр кесенелері кіреді. Мәселен, Есет батырдың басына жылына 25 мың адам барады. Екінші — экологиялық туризм (агротуризм). Қарғалы ауданына қарасты Ащылысай сарқырамасы, Қарғалы су қоймасы, Байғаниндегі Ақтолағай борлы таулары мен Ырғыз-Торғай табиғи резерваты, Жаманшың метеорологиялық кратері және тағы басқа жерлер осы бағытқа кіреді. Үшінші — емдеу-сауықтыру (медициналық) туризмі. Бұл бағытқа Мәртөк ауданындағы «Зару» шипажайы, Алғадағы «Шипагер» профилакторийін және тұзды көлдерді қосуға болады.

Қарғалы су қоймасы — облыстағы ең ірі су қоймасы. Жағасы 45 шақырым болады, ал тереңдігі 31,8 метрге дейін барады. Су қоймасына жаңбыр, бұлақ суы және Қарғалы, Шанды, Шаршар, Айтбай өзендері құяды.

Қасқыр сарқырамасын кейде «Немой ауылы» деп те атайды.Бұрын бұл маңда ауыл болған, тоқырау кезінде бәрі көшіп кетіп, Ратай атты бір ғана тұрғын қалған деседі. Ол мылқау болған соң ауыл «Немой» аталып кеткен көрінеді. Сарқыраманың атауына келер болсақ, аңыз желісі бойынша көктемде қасқыр бөлтірігін судан өткізбек болып, сарқырамаға түсіріп алған екен. Сол түннен бастап қасқырдың ұлыған дауысы шығады деген қауесет бар.

Ақтолағай үстірті Ақтөбе мен Атырау облыстарының шекарасында орналасқан. Мұндағы тастар шахмат фигураларын еске түсіреді, ал аяқ астыңызда қабыршақтар мен ежелгі теңіз мекендеушілерінің қалдықтарынан кілем төселгендей күй кешесіз. Патшайым тауына қатысты ақтөбеліктер жиі айтатын қызықты оқиға бар: 2006 жылы Германияда тұратын әйел Google Maps қызметі арқылы шахмат фигурасына ұқсайтын ерекше тауды табады. Әйелдің бұл жартасқа қызыққаны соншалық, оны Қазақстанға өз көзімен көруге келген. Тауды іздеп тапқанда оған «Патшайым» деген атау берген. Содан бері тау осылай аталатын болған.

Ойыл ауданының ең көрікті жерлерінің бірі — «Барқын құмы» табиғи орманды алқабы. Аңыздарға сенсек, Каспий теңізі тартылған кезде пайда болыпты. Кейіннен көшпелі құм «бархандарға» айналған. 1873 жылдан бастап Ойыл әскери бекінісі жауынгерлерінің күшімен қарағай, қайың, көктерек, қандыағаш көшеттері отырғызылған деседі. Ондағы мақсат — құм көшкініне тосқауыл қою болса керек.

«3D-tour» әдісі. Ақтөбе облысына виртуалды саяхатқа шығамыз. (Экраннан аудандардың 3D форматта видеолары көрсетіледі)



Көрмеде 12 ауданның технологиялық карталары қойылған. Әр топ өзіне бір аудан таңдап алады.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы әр топ оқушылары таңдаған аудандары бойынша постер қорғайды.


«2ГИС» әдісі. «Wordwall» платформасы арқылы 12 ауданды картаға реттік саны арқылы дұрыс орналастыруы қажет.


Алға, Мәртөк, Қарғалы, Әйтеке би,

Қобда, Темір, Мұғалжар, Байғанин,

Шалқар, Ырғыз, Хромтау, Ойыл аудандары







«1001сұрақ» әдісі. Әр оқушы жеке 3 ұяшық таңдап, әр дұрыс жауапқа сол ұяшық санымен ұпай жинайды.

Категория: аудан, ескерткіш, кесене, тұлға, мәдени орындар, туристік нысан, табиғат, Ақтөбе.

IV.Қорытынды. «Поле чудес» әдісі топпен жұмыс(Wordwall платформасы)

Еет-Дәрібай кесенесі қай ауданда орналасқан? Шалқар ауданы

Қобда ауданындағы туристік нысандарды ата? Бұлақ ауылы, Әлия патриоттық тәрбие беру орталығы, Қобыланды батыр, Абат Байтақ кесенелері

Мәртөк ауданындағы туристік нысандар ? «Айс» компаниясы, Жел диірмені, «Зәру» шипажайы, аққайыңды орман.

Әйтеке би ауданындағы туристік нысандар? Хан моласы, «Бопай» қорымы, Былшық би кесенесі

Мұғалжар ауданындағы қорық? «Орқаш» табиғи қорығы


Әр топтың бүгінгі сабақта жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтау.

Үй тапсырмасы: өзі қалаған бір ауданға туристік маршрут құру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!