400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Аспапта ойнау техникасының шеберлігін жетілдіру" 3 - сынып оркестрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділігі : Аспапта шебер ойнай білу үшін қолданылатын штрихтарды меңгеру . Тәрбиелігі : Оқушыларды музыкалық орындаушылық шеберлікке, оның көркем эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу. Дамытушылығы : Әр шығарманың мән – мазмұнын шынайы ашып орындауға белсенді ықпал жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Аспапта ойнау техникасының шеберлігін жетілдіру » Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің Домбыра сыныбының мұғалімі Маденова Ақерке Орынбасаровна Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданыПән аты : ОркестрСыныбы : 3Сабақтың мақсаты :Білімділігі : Аспапта шебер ойнай білу үшін қолданылатын штрихтарды меңгеру .Тәрбиелігі : Оқушыларды музыкалық орындаушылық шеберлікке, оның көркем эстетикалық көзқарасын қалыптастыру негізінде тәрбиелеу. Дамытушылығы : Әр шығарманың мән – мазмұнын шынайы ашып орындауға белсенді ықпал жасау.Сабақтың түрі : Ашық сабақСабақтың әдісі :а) теориялық б) практикалықСабаққа қажетті көрнекіліктер : сазды аспаптар,плакаттар,карточкалар, слайд. Сабақ жоспары :
  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасын тексеру
  • Жаңа сабақ
а) теориялық б) практикалық
  • Сергіту сәті
  • Қорытындылау
  • Үй тапсырмасы
  • Бағалау








Сабақтың жүрісі1.ҰйымдастыруЖурнал бойынша оқушыларды түгендеу,оқушының отырысын тексеру, оқу құралын түгендеу.2.Үй тапсырмасы«Біздің ағай тамаша » шығармасын оқушылармен анализ жасап,күйді соңына дейін толық ойнату. Қателерімен жұмыс жасау.3. Жаңа сабақа) теориялық Аспап ойнағанда дұрыс отыру дыбысты жақсы шығаруда ерекше роль атқарады. Сондықтан аспап ойнар алдында әр оқушы отырысына көңіл аударуы тиіс. Музыканттың ойнау шеберлігі – оң және сол қол қойылымдарына тікелей байланысты. Оркестрде орындаушы орындайтын шығарманы тиянақты анализ жасап шығуы қажет. Бұл жерде тек нотаны тану аздық етеді. Музыканы тыңдаушыға әсерлі жеткізу үшін әр аспапта қолданылатын өзіндік штрих түрлерін білу керек. Ойнағанда шығатын дыбыс көңілге ұнамды болу үшін орындаудың әртүрлі әдістері болады.Слайд тақтада бес бөлікке бөлінген, әр бөлігінде оркестр құрамындағы топ суреттері бейнеленген бет ашылады. (Ішекті аспаптар, ысқышты аспаптар, тілді аспаптар, ұрмалы аспаптар, үрмелі аспаптар) Әр топтың атауын айтып, құрамына кіретін аспаптарды атап шыққанда сурет артынан жаттығу ашылады. Бір бөліктің артынан «дирижер» деген сөз шығады. Бұл жерде оқушылар дирижер туралы білетінін айтып өтеді. Осылайша әр топ құрамын қайталап, еске түсіре отырып, жаңа сабақты да түсіндіре отырамын. Бұлардың ішіндегі ең бастысы және қажеттісі «тремоло» .Тремоло дегеніміз - бір немесе бірнеше дыбысты жиі алу нәтижесінде пайда болатын ұсақ діріл. Бұл әдіспен ойнағандағы орындаушының міндеті – майда әрі таза дыбыс алу, ұзындығы біркелкі әдемі дыбыс шығару болып есептелінеді. Тремолодан басқа тағы «пиццикато» деген ойнау әдісі бар (мысал ретінде алдын ала дайындалған плакатпен түсіндіру)Пиццикато дегеніміз – шекті аспаптардан дыбыс шығарғанда шекті саусақтардың басымен шымшып тартып шығару. Пиццикато белгісі нотаның үстіне қысқартылып «pizz» деп жазылады. (мысал ретінде алдын – ала жазылып, дайындалған плакатпен түсіндіру)Стаккато дегеніміз – екі дыбысты бір – біріне қоспай, үзіп – үзіп ойнау деген сөз. Стаккато әдісі нотаның астынан не үстінен бір нүктемен көрсетіледі. (мысал ретінде алдын – ала жазылып, дайындалған плакатпен түсіндіру)Легато дегеніміз – екі немесе одан да көп дыбысты үзбей қосып ойнау деген сөз. Яғни стаккато әдісіне керісінше болады. Бүтін бір фразаны ойнар кезде тремоло қолданылады. Легатоның жазылып көрсетілуі бір немесе бірнеше нотаны доғал сызықпен біріктіру арқылы белгіленеді. (мысал ретінде алдын – ала жазылып, дайындалған плакатпен түсіндіру)Дирижер дегеніміз – оркестр, хор, ансамбль сияқты орындаушы коллективтерді басқару деген сөз. б)практикалықПлакатпен жұмыс жасап түсіндіргеннен кейін әр оқушыға штрихтарға берілген түсініктемесі бар парақшалар тарату керек. Осыдан кейін ғана жаттығу жазылған нота парақшалары таратылады. Осы парақшаға қарап отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жаттығуға анализ жасалынады. 4.Сергіту сәті.Енді кішкене бой сергітіп алайық. Магнитті тақтаға сары күн бейнесіндегі дөңгелек пішін тұрады. Ол пішінде «мен елімді....» деген аяқталмаған сөйлем тұрады. Әр оқушыға күн шуағы бейнесіндегі қиынды қағаздар таратылады. Сол қағазға ір оқушы сөйлемді аяқтайтын өз тілегін жазып магнитті тақтайға жапсыру керек. Осы кезде күн бейнесі де толық жинақталады. (слайдтан тәуелсіздікке арналған бейне шығады. Сол сурет арқылы оқушыларға «тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай қысқаша тоқталып өту. 5. ҚорытындылауОқушыларға сабақ бойынша сұрақ қоя отырып, әр оқушыға таратылған нотаны ауызша талдау жасау. 1. Тремоло штрихын аспапта қалай орындаймыз?2. Пиццикато штрихын аспапта қалай орындаймыз?3. Стаккато штрихын аспапта қалай орындаймыз?4. Легато штрихын аспапта қалай орындаймыз?5. Дирижер деген кім?6. Үйге тапсырмаАлдын ала оқушыға арнап жазып дайындалған жаттығуларды беріп, үйден орындап келуге тапсырма беру. 7.БағалауОқушы белсенділігіне,білімділігіне,тапқырлығына қарай бағалау.
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
783
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі