жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ата баба мұрасын құрметтейміз
|
Білім беру ұйымының атауы: |
«№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ |
|||||||||
|
Бөлім атауы: |
Мәдени мұра |
|||||||||
|
Педагогтің аты – жөні: |
Капарова Наурызхан |
|||||||||
|
Күні: |
25.11.2021ж |
|||||||||
|
Сынып:4 «К» |
Қатысушылар саны:23 |
Қатыспағандар саны |
||||||||
|
Пәні |
Әдебиеттік оқу |
|||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ата – баба мұрасын құрметтейміз |
|||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
4.2.2.1 шығарманы қайта құруға ,және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау,автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу |
|||||||||
|
Бағалау критерийі |
Түрлі шығармашылық жұмыстар орындайды. |
|||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||
|
Сабақтың кезеңі /уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 8 минут
|
Ұйымдастыру Психологиялық дайындық «Амандасу салтымыз, Бармысыздар жалпыңыз. Бағалыны артына, Қалдырған екен халқымыз»- Топқа бөлу (Топ басшысын сайлау,бағалау парақтарын беру,топ ережесін ескерту) I топ: «Ұлттық аспаптар» II топ: «Зергерлік бұйымдар» III топ: «Шежіре» IV топ: «Күйшілер» Үй тапсырмасын сұрау «Сиқырлы қалпақ» әдісі Сұрақ-жауап арқылы өткенді пысықтау
Дескриптор: Берілген сұрақтарға жүйелі түрде жауап бере алады. Жұптық жұмыс Қима қағаздарды құрастырып,шыққан суреттері бойынша түсінік беру. I топ: «Ұлттық аспаптар» тобы- ұлттық аспаптарды құрастырады,түсіндіреді. II топ: «Зергерлік бұйымдар» тобы-қима қағаздарды топтастыру арқылы зергерлік бұйымдарды құрастырады. III топ: «Шежіре» тобы- жеті атаның шежіресін сызба арқылы көрсетеді. IV топ: «Күйшілер» тобы- атақты күйшілерді атап,бірігіп бір-екі шумақ ән шырқайды. Жаңа сабақ Ой қозғау «Ойлан, тап» әдісі. Сөзжұмбақ Ұсынылған суреттердің бірінші әріптерінен сөз құраймыз (МҰРА) Қане, балалар енді біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай? Бұрынғы осы археологтарымыз тауып жатқан нәрселердің барлығы біздің ата-бабаларымыздың мұрасы. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Ата-баба мұрасын құрметтейміз» . |
Сәлемдесу Топқа бөлінеді. Тапсырманы орындайды. Сұрақ-жауап Суретпен жұмыс Әр топ өз жұмысын қорғайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады. Сөзжұмбақты шешіп, ата-бабамыздан қалған мұра туралы ойын айтады. |
1 балл «Бес жұлдыз» әдісі |
Призентация Топтастыру парқтары Қима қағаздар |
||||||
|
Сабақ тың ортасы 15 минут 15минут |
1 тапсырма «Көз жүгірту» әдісі Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтармен танысып, топпен талқылап баяндау. «Түсініп оқы» айдары Біз – қазақ баласы» атты өлеңді оқушылар шумақтарға бөліп оқиды. Әр шумақтан соң талдау жасалып, мағынасы ашылып отырады. Дескриптор: - өлеңді түсініп оқып,не туралы екенін айтады. - мазмұнын түсінеді. «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша «Мирас» , «Білген ат бағасын» деген сөз тіркесінің мағынасын ашады. Мирас – атадан әкеге, әкеден балаға қалатын мұра. Білген ат бағасын – бұл жерде жылқы малын жақсы көрген деген мағынада. 2 тапсырма Ұжымдық жұмыс «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Өлең кейіпкері өз ұлтының қандай мұрасын мақтан еткен? 2.Өлеңде аталар мирасы туралы не айтылған? Мақсаты: Осы сұрақтардың жауабын топ болып іздейді. Әр сұрақтың мүмкін жауаптарының бәрі қарастырылады. Тиімділігі: Оқушылар сұрақтың мүмкін жауаптарының барлығын қарастырып,ой елегінен өткізіп отыру дағдыларын арттырады. Сергіту сәті «Ойыңмен бөліс» айдары бойынша «Сөз сайыс айтысқа бар ынта таласы» деген сөзін арқау етіп, Іңкәр мен Арай айтыс өнері жайлы білімдерін ортаға салады. Дескриптор: 1.Айтыс өнері жайлы білгендерін ортаға салады. 2.Өз білімдерін толықтырады. Топтық жұмыс Үлгіге қарап өлең шумағының мазмұнын қысқаша жазады.
Дескриптор: Түсінгенін өз сөзімен жазады. «Ашық микрафон» әдісі Оқушылар бір –біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды.
|
Өлеңді түсініп оқып,не туралы екенін айтады
Түсініксіз сөздердің мағынасын ашады.
Іс-қимылмен көрсетеді
Қыздар өз өнерлерін ортаға салады.
Өлең шумағының мазмұнын жазады.
Сұрақ-жауап |
ҚБ: 1балл 1балл 1балл 1балл 1балл
ҚБ: 1балл 1балл 1балл 1балл Барлы-ғы 10балл |
Оқулық 125-127 -беттер Дәптер
Домбыра
Парақшалар
Микрафон |
||||||
|
Сабақ тың аяғы 7 минут |
Қорытындылау: Қазақтың жақсы дәстүрін сақтап,жалғастыру үшін не істер едің?
| |||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген