Материалдар / Ашық сабақ «Атау- кере» повесі. Серт бөлімі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Атау- кере» повесі. Серт бөлімі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта оқушылар шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2024
583
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар


Бөлім:

Кеңістік пен уақыт”

Педагогтің аты-жөні:

Муханбетова А.О.

Күні:


Сыныбы:

11А Қатысушылар саны: 20

Сабақтың тақырыбы:

«Атау- кере» повесі. Серт бөлімі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығын анықтайды.

Бағалау критерийі

Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады.

ОДД

Жоғары деңгей

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқу мақсатымен таныстырады.

2.Сабақ мақсаты оқушылармен бірлесе отырып талқыланады.

3.Оқушыларға жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында тапсырма береді.

Оқушылар сабаққа зейін қояды.

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйене отырып «Хикая картасын» орындайды.

1-оқиға. Таған Нүрке ананың талабы мен қамқорлығының арқасында маскүнемдіктен айыға бастайды.

2-оқиға. Оның арақты қоюға оқталған әрекетін Ерік бұзады. Өйткені Ерікке Тағанның арақ ішіп жүргені керек еді.

3-оқиға. Тағанның бойындағы ізгіліктің, пайым - парасаттың биіктігін ащы су ғана лайлап жүргенін Айнаның жүрегі сезеді.

4-оқиға. Айна бірде буынып жатқан Тағанның үстінен шығып, құтқарып қалады.

5-оқиға. Осы жолы Таған Айнаға енді қайтіп арақ деген бәлені татып алмауға серт береді.



Қалыптастырушы бағалау: оқушыларды «Жарайсың!», «Керемет!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны, сабақ презентациясы,


«Химкая картасы»


оСтрелка вправо 1 қиға

оСтрелка вправо 2 қиға

оСтрелка вниз 1 қиға

оСтрелка влево 2 қиға

оСтрелка влево 3 қиға

ОСтрелка влево 1 қиға


Сабақтың ортасы


Шығармадағы оқиғаларға қатысты оқушылардың субьективті пікірлерін білуге арналған тапсырма ұсынады.

1-тапсырма – Оқушылар «Еркін микрафон» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

1- сұрақ: Нүрке әженің Тағанды аяққа тұрғызудағы мақсаты не?

2-сұрақ: Тағанның адам болғаны Ерікке неге ұнамады?

3-сұрақ: Қалай ойлайсыз, Таған Айнаға берген уәдесіне тұра ала ма?


Қалыптастырушы бағалау:

«Бас бармақ»


Дескриптор:

-сұраққа жауап береді;

-өз көзқарасын дәлелдейді.



Мұғалім сабақтың мақсатына жету үшін көркемдік - эстетикалық құндылық деген ұғымды түсініп, мағынасын анықтауға бағыттайтын тапсырма береді.

2-тапсырма – Оқушылар «Кластер» әдісі арқылы көркемдік - эстетикалық құндылық ұғымын анықтайды.

Көркемдік - эстетикалық құндылыққа мына ұғымдар жатады.

Адамгершілік –адамның басқа адамдармен гуманистік қарым-қатынасы.

Сүйіспеншілк - өмірге тірек болатын жасампаз қуат.

Дұрыс әрекет - ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез- құлық.

Қиянат жасамау - ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен жамандық жасамау дегенді білдіреді.


Қалыптастырушы бағалау:

«Дескриптор бойынша бағалау»

Дескриптор:

-көркемдік-эстетикалық ұғымды анықтайды;

-кестені толтырады.







Мұғалім шығармадағы көркемдік - эстетикалық құндылықтарды кейіпкерлердің ойы мен сөзі арқылы анықтауға арналған тапсырма береді.

3-тапсырма. Оқушылар шығармадан берілген үзінділермен танысып, оның кімнің сөзі екенін анықтайды.

1-үзінді: ...Ең әуелі өзіңді жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіңе өзің тәрбиеші болу керексің; сен адамдарға керек емессің, адамдар саған керек; егер сен өзіңнің бұл жалғанда бар екеніңді, қолыңнан іс келетінін, іскерлігіңді дәлелдесең ғана, басқалар назар сала бастамақ... Бұл кімнің сөзі?

2-үзінді ....Сіз, әйтеуір, бір адамға бәрібір керексіз... Ол адамды іздеу үшін де ес ақыл бүтін, көңіл таза, сезім сергек болуы керек қой.

Бұл Айнаның сөзі.

3-үзінді ...Мені ана деп сыйласаң, ұлым, ақырғы қолқам болсын, тиме оған. Қайта қолыңнан келген жақсылығыңды аяма. Тағанның әке - шешесінен көрген жақсылығымды бір таң айтып тауыса алмаспын, деген кімнің сөзі еді?

Бұл Нүрке ананың сөзі.

4-үзінді …Ақымақтың аты - ақымақ, етегіне салған бір уыс бидайды төгіп-шашып алады, немесе ап деп асап қояды; ол бидайды үнемдеп, егіп, баптап күтіп - мол өнім алуды білмейді немесе ерінеді.

Бұл- Еріктің сөзі.

Тағанның сөзінен адамгершілік құндылық байқалады.

Айна сүйіспеншілік туралы айтқан.

Нүрке ана өз сөзінде ешкімге қиянат жасамау туралы айтқан.

Ал Еріктің сөзінен дұрыс әрекет көрініс тапқан.


4-тапсырма: Оқушылар шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылықтар тұрғысынан талдай отырып, “Өмірің өз қолыңда” тақырыбында әдеби эссе жазады.



Дескриптор:

-Кейіпкер сөздерін ажыратады;

-Көркемдік - эстетикалық құндылықтарды анықтайды.

































Эссе жазу барысында басшылыққа алатын дескриптор:

-Тақырыпты ашады;

-Шығармадан дәлелдер келтіреді;

-Эссе құрылымын сақтайды;




Сабақтың соңы




Кері байланыс

«Нысана»


Оқушылар сабақ барысында алған ақпараттарын тұжырымдап, өз жетістігіне баға береді.



Өзін-өзі бағалау




Эссе үлгісі

1-абзац. Кіріспе бөлім

Тақырыптық сөйлемдер: Біз танысқан Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес керемет баяндалған

Тезис: Шығармада жазушы өзінің көзқарасын кейіпкерлердің философиялық тұжырымдары арқылы тамаша көрсете білген. Повестің басты үш кейіпкері Таған, Ерік, Айна – замандастар. Алайда, олардың үшеуінің көзқарасы үш түрлі. Төртінші кейіпкер - Нүрке ананың да өзіндік пәлсапасы бар. Әрқайсысы өзінің «жұмбақ» әлемінде өз тірліктерімен айналысуда.


2-абзац. Негізгі бөлім

Аргумент: Алдыңызға мақсат қойып, соған жетуге ұмтылмау − басты кедергі. Діттеген мақсатқа жету үшін кедергілерді жеңе білу керек.

Сараптама анализ: «Менің қолымнан бәрі келеді» деп өзіңізге сенгенде ғана кез келген тығырықтан шыға аламыз. Оған шығармадағы Тағанның «Ең әуелі өзіңді жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіңе өзің тәрбиеші болу керексің; сен адамдарға керек емессің, адамдар саған керек; егер сен өзіңнің бұл жалғанда бар екеніңді, қолыңнан іс келетінін, іскерлігіңді дәлелдесең ғана, басқалар назар сала бастамақ” деген сөзі дәлел бола алады.

Адам болып, өз өміріңді өз қолыңа алуға кедергі келтіретін тағы бір нәрсе  – жалқаулық. Ерінбеңіз. Шығармада Ерік жағымсыз кейіпкер ретінде суреттелгенмен, оның еңбекқорлығы көпке үлгі болады. Тек Ерікті адал жолдан тайдырған ашкөздік болды. Ашкөздіктен аулақ болған дұрыс деп ойлаймыз.

Өмірде кімдермен араласып, дос болатынымыз өте маңызды. Халқымыз ежелден «Жақсымен жүрсең жетесің мұратқа, жаманмен жүрсең қаласың ұятқа» деп өсиет қалдырған. Еңбекқор, айналасына мейірім төгіліп тұратын Айна, Нүрке ана сияқты қайырымды жандармен аралассақ, өміріміз шырайлана түспек.


3-абзац. Қорытынды бөлім

Нақты шешім: Қорыта айтқанда, өміріміздің қандай болатыны өзімізге байланысты.

Ұсыныс: Баршаңызды өршіл, намысты, биік рухты, батыл жүректі азамат болып, қоғамның дамуына үлес қосуға шақырамын.

Бекіту: Ойымды шығармадағы басты құндылықтар - сүйіспеншілікті, адамгершілікті, ешкімге қиянат жасамай, әр кезде дұрыс әрекет жасауды үйренсек, өміріміз өкінішсіз болады деген түйінмен қорытындылаймын. Өз өміріміз – өз қолымызда. Осы сөзді ешқашан естен шығармайық.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!