Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергеновтің «Бір тойым бар»
өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік -
ақын
өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беру,өлеңді оқыта отырып
идеялық мазмұнын ұғындыру; дамытушылық
- өзіндік ой-қиялына ерік бере
отырып поэзиялық шығармаларды талдау дағдысын қалыптастыру,тілін
дамытып,мәнерлеп оқуға баулу; тәрбиелік
- жас ұрпақ бойына ұлттық
құндылықты сіңіру,ұлы мұраттар жолында еңбек етуге,ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру
сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойтолғау,шығармашылық
ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: ақын бейнесі,жыр
жинақтары бойынша көрме,естеліктер,ақынның өзіндік бес ерекшелігі,
аудио және бейнетаспа т.б.
Сабақ
келбеті.
Үй
тапсырмасы.
Поэзия! Менімен егіз бе едің,
Сен
мені сезесің бе,неге іздедім?
Алауратқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім, -
деп
жырлаған Мұқағалидың поэзиялық шығармаларының бірі – «Аққулар
ұйықтағанда» дастаны.
Ал енді
осы дастан бойынша берілген үй тапсырмасына көңіл
бөлейік.
Жылқышы
мен ананың диалогы.
(Нұрғиса
Тілендінің «Аққу» күйінің әуенімен рөлге бөліп
ойнайды.)
.
-
Жалпы бұл
поэмадан біз қандай тағылым алдық?
-
Шығарма
идеясы аққуды атпаудан әлдеқайда кең.тек аққуды емес,табиғатты
сақтаңдар,әдемілікті көре біліңдер,әсемдікті аялаңдар дейді. Бүгін
әсемдікті сақтауға үйретсек,ертең ізгілік үшін күресуге дайын
боламыз.Адам да табиғаттың бір бөлшегі.Демек,табиғатты сақтауға
үйрену – адамгершілікке,ізгілікке бастайтын алтын
баспалдақ.
Мұқағали
поэзиясы – мөлдір де таза,сарқылмас поэзия.Сіздер өлең табиғатын
терең түсіну үшін поэзиялық шығармаларды көбірек оқығандарыңыз
жөн.Мұқағалидың
«Наурыз айы туғанда
Той
болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға.
Наурыз
айы туғанда» деп басталатын «Наурыз думан»
атты өлеңі де бар.Алда Нурыз тойы келе жатыр.Баршаңызды Наурыз
тойымен құттықтаймын!
Жаңа
сабақ.
өзіндік өлең өрнегімен
танылды
Нағыз
жыр перзенті
Халық мұндайда «Той тойға
ұласын!» деп жатады.Ендеше бүгінгі сабағымыздың өзегі де той жайлы
болмақ. бүгінгі қарастыратын өлеңіміз «Бір тойым бар» деп
аталады.Өлеңнің авторы жайлы айтар болсақ.
ОЛ
Бірнеше жыр жинағының
авторы
10
жылдай ғана жыр жазды
30-ақ
жыл ғұмыр кешті
«Ол» деп
отырғаным – Төлеген Айбергенов,асқақ үнді ақын,біртума
талант.
Мен
марттағы найзағай күркірімін,
Құрамнғазы күйінің бір тілімін.
Менің
жаным саясын паналаған
Дүниедегі
бар қыздың кірпігінің, - деп өзі жырлағандай,сегізінші наурыз –
қазақ поэзиясы үшін де үлкен мереке,жыр мерекесі.
Өмірдерек
Төлеген
Айбергенов 1937 жылы 8-наурызда Қарақалпақстанда туған.1959 жылы
Ташкенттегі Низами атындағы пединститутты бітірген соң туған
жерінде мұғалім болып жұмыс істейді.Оның найзағай отындай жарқ
еткен
жырлары
поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды.
- Ал
енді,балалар,Төлеген жайлы естеліктер не дейді? Олармен өзіміз
танысып,ойларымызды ортаға салайық.
Әр топ
араларыңыздан жетекші сайлаңыздар.Сонан соң топ жетекшілері
естеліктерді өз тобымен оқып,өзге топтармен ой
бөліссін.
І топ.
Бала кезіндегі досы Сапар Өтемісовтың
естелігі.
Мен
Төлегенмен бастауыш класта бірге оқыдым.Бір жапырақ қара нанды
бөліп жеп,бір ауаның кәусарын бөле жұтқан жеріміз – жер сұлуы
Бостандық еді.Әлі есімде ол – кез соғыстан кейінгі жылдар
еді.Төлегеннің әкесі сырқат,төсек тартып жататын.Мектеп ауылдан
едәуір қашықтау орналасқандықтан менің етікші болып істейтін әкем
екумізді мектепке есек арбамен жеткізіп тастайтын.Бірде Төлегеннің
аяғындағы бәтеңкесінің ұлтаны ақтарылып,әбден тозығы жеткендіктен
аяғына ілуге келмей қалды.
Оны
байқап қалған әкем қолына тебен алып,аяқ киімін жамай бастады.Ал
менің көне де,жаңа бәтеңкем бар болатын. «Бір бәтеңкемді берсем бе
екен?» деп көп толғандым.Бірақ құрттайымыздан жоқшылық көріп өскен
соқыр көңіл қимады.Жүрегімді шымшылап,намысымды қамшылап маза
бермейтін сол бәтеңке маған мәңгілік өкінішке
айналды.
ІІ
топ.Ақынның қолтаңбасы (Ханбибі Есенғараеваның
естелігі).
Мектепте
оқып жүріп бір күні өлеңдерімді аудандық газет редакциясына алып
бардым.Өзімді таныстырып, келген шаруамның жайын
баяндадым.
-
Өй,айналайын,өлең жазып жүрген қарындасымыз өзің екенсің
ғой! – деп редактор жылы тіл қатты.
-
Жолың
болады екен,қарағым.Өзіміз де сирек көретін мына Төлеген ағаң да
бүгін біздің редакцияға бас сұққан екен,өлеңдерді көрсетіп ал, -
деді.Ақын аға маған қадалып бір қарады да:
-
Өлеңдеріңді әкелші! – деді.
Менің
талай күн жазған өлеңімді қас қағымда-ақ парақтап
шықты.
- Мынауың
үлкен арнаның бастауы сияқты екен,қарағым, - деп өлең дәптерімнің
ашық тұсына бірдеңе жазуға оқталып біраз отырды.Аз-кем уақыттан соң
өлеңмен жазылған қолтаңбасын қалдырды.
Сен
шыққан биік жоқ әлі.
Сен
шықпақ биік жоғары.
Қайралмай
жатқан жас талант
Қиып
түссем деп соғады, - деп қолын қойды.
ІІІ
топ. Ақын Мұқағали Мақатаев туралы естеліктер
кітабынан.
1965 жылы
Мұқағали қасында бұйра бас,сіріңке қара,арықша бір жігіт
бар,редакцияға келді.Әлгі жігітті «Сарыағаштық Төлеген Айбергенов»
деп таныстырды да Төлегенге:
- Бір
өлең оқып жіберші, - деп өтініш білдірді.
Төлеген
орнынан тұрып, «Әнші Ғарекеңе» деген ұзақ өлеңін жатқа оқыды.Менің
таң қалғаным: өз өлеңін жатқа оқыған ақынды алғаш рет
көруім.
Мұқағали
тұрып:
- Бұл бір
болайын деп тұрған ақын.Бұл да Алматыға келгісі кеп,пәтер,жұмыс
іздеп жүр.Төкеңнің бір ғажабы өз өлеңін басынан аяғына,аяғынан
басына қарай жатқа оқи береді.Мұның анау бұйра шашының астында
Сократтың басы жатыр, - деді. (Естеліктер. «жалын», 1995 жыл,
129-бет)
IV
топ. Ақын Тынышбай Рақымовтың естелігі
Төлегеннің Әбіш ағаға «Бір-екі ақынды ертіп бүгін-ертең
Қарақалпақстанға жүрмекпін» дегені бар еді ғой.Сол «бір-екі
ақынның» біреуі Мұқағали Мақатаев болған.Бұрыннан науқастылау боп
жүрген Төлеген Нөкіске барған бойда қатты ауырып,ауруханаға
түскен.Ішкі соңғы жалын жігер ақынды төсектен тұрғызып,ауырып жүрсе
де, Мұқағалиды жалғыз жібермей,кездесулерге бірге барып,шалқыған
шабыт қанатында өлеңдерін оқып жүрген. Ақыры үлкен қайғымен
біткен.Қазақтың ақын перзенті Төлеген Айбергенов Нөкіс қаласында
Мұқағалидың қолында дерлік мәңгілікке көз жұмған
...
Нағыз
трагедия! Мұқағалидың қолынан бар келгені,әрине,Алматыға,Қазақстан
Жазушылар одағына хабар берді.Ал бізге айтқаны:
Тұңғыш
көрдім өлгенін шын ақынның,
Қызарып
батты ертеңгі шығатын күн.
Торғай-өлең шырылдап бара жатты,
Аузында
ажал дейтін сұрапылдың ...
Ол
көзімен көргенді айтудан басқаға шарасы болмады.Бұл 1967 жылдың
29-тамызы еді.
Өлең
құрылысына талдау: ұйқас,буын,тармақ,бунақ.
(Өлеңді дәптерге жаздырып талдату).
Ой
толғау.Өлеңге сүйене отырып
халқымыздың бүгінгі той-думаны жайлы ой
бөлісейік.
Бекіту. Мен марттағы найзағай
күркірімін ...
Үй
тапсырмасы. Үйге тақтадағы 5 ерекшелікті
әр топқа таратып,сол бойынша тапсырма беремін.
1.Нағыз жыр перзентінің ақындығы
жайлы замандастарының пікірі. 2. 30-ақ жыл ғұмыр
кешті.Өмірбаяны.
3.Бірнеше жыр жинағының авторы
(көрме).
4. 10 жылдай өлең жазды.Өлеңдері
және оның тақырыбы.
5. Республикалық баспа беттерінде
Төлеген жайлы жазылған тың пікірлер.
Қорытындылау,бағалау. Ақын өлеңдеріне жазылған
әндер де бар.Соның бірі «Ақ ерке – Ақжайық» әнін
тыңдап,алдарыңыздағы ән мәтініне сүйеніп,қосылып
отырайық!
Әр топ
бағалау парақшалары бойынша өзін-өзі
бағалайды.