Материалдар / Ашық сабақ Біздің айналамыздағы ақпарат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Біздің айналамыздағы ақпарат

Материал туралы қысқаша түсінік
"Компьютер әлемі" үйірмесінің оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2021
364
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Біздің айналамыздағы ақпарат

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жалпы оқушыларға ақпарат ұғымы туралы мәлімет беру. Ақпарат түсінігі, әртүрлі формадағы ақпараттармен және ақпаратты қабылдау түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, суретке мәтін құрату арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: балаларды сұлулық тәрбиесіне баулу, жеке бас гигиеналық тазалықты және денсаулықты сақтауға тәрбиелеу. Қарым-қатынас

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, АКТ, жеке жұмыс, тренинг, жаттығу жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, бейнероликтер

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, сурет

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ой қозғау

ІІІ. Жаңа сабақ

Теориялық бөлімі

Практикалық бөлімі

Сергіту сәті

IV. Сабақты бекіту

V. Сабақты қорыту

VI. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу

- Психологиялық жағымды орта қалыптастыру:

«Мен қандаймын?»

Парақтағы бес саусақтың әр тармағына оқушының мінез-құлқы жазылып, әркімге таратылады. Соңында топқа оқылып, кім туралы айтылғандығын табады.



ІІ. Ой қозғау:

1. «Миға шабуыл» (2 минут ішінде Ақпарат туралы өз ойларын жазып шығу)

Shape1


Ақпарат










2. Ақпаратты өңдейтін құрылғы не? (Компьютер)


Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау, ақпарат беретін құрылғылармен таныстыру.


Ақпарат беретін құрылғылар

ІІІ. Жаңа сабақ:

Теориялық бөлім.

Жалпы ақпарат туралы бейнероликке назар аударайық. (3.50)

«Ақпарат» сөзі (латын. іnformatio) түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіреді. Ақпарат ұғымы ғылымның әртүрлі салаларында кездеседі. Атап айтсақ, информатика, физика, философия, биология т.б. Күнделікті өмір сүріп отырған қоршаған ортадан да түрлі ақпарат алуға болады. Мысалы, біз терезеден қарап, бүгінгі ауа райының қандай екендігі туралы ақпаратты бере аламыз.

Жалпы Ақпарат – сақтау, өңдеу, жеткізу және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлемде болып жатқан мәліметтер мен өзгерістер.

Адам ақпаратты не істейді?

Адам ақпаратты ала отырып, өзінше қабылдайды, игереді. Адамның ақпаратты қабылдау тәсілдері көру, есту, дәм сезу, сипап сезу және иіскеу болып бөлінеді. Сонымен ақпаратты біз сезім мүшелері арқылы қабылдаймыз.

Shape2

Сабақта үзілістің болғанын қоңыраудың дауысын есту мүшесі – құлақ арқылы қабылдаймыз. Ақпарат көзі – қоңырау үзілістің болғандығын хабарласа, ал ақпаратты қабылдаушы – адам.

ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТ: Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын көру арқылы, 10%-ын есту арқылы, 4%-ын иіскеу, 3%-ын дәм сезу және 2%-ын сипап сезу арқылы аламыз.


Ақпараттың түрлері.

Қоршаған ортада берілетін ақпараттың өзі әртүрлі болып беріледі. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейнеақпарат болып бөлінеді.

Shape3

Ақпараттың негізгі түрлерін қарастырайық. Мысалы: сөз, мәтін, әңгіме түрінде берілген ақпаратты мәтіндік ақпарат деп атаймыз. Ал кейбір ақпараттар бізге сурет, сызба, кесте түрінде беріледі, оны біз графикалық ақпарат деп атаймыз. Енді кейбір ақпараттар бізге сандық көрсеткіш түрінде беріледі. Мысалы, сандар, арнайы өлшеммен жасалынған ақпараттар, кейбір есептеулер. Мұндай ақпараттарды сандық ақпараттар деп атаймыз. Санмен берілген ақпарат суретсіз де, мәтінсіз де бізге түсінікті болады. Дыбыстық ақпарат (Звуковая информация) — дыбыс толқындарын қабылдау арқылы организмнің қоршаған орта туралы мәлімет алуы. Бейнеақпарат – түрлі-түсті графика, дыбыс, көркем фильмдер, екі өлшемді, үш өлшемді қозғалмалы объектілер.

Shape4




Практикалық бөлімі:

1-тапсырма. Сәйкестендіру (бағдар сызбасы арқылы)


Shape6 Shape5 МӘТІНДІК АҚПАРАТ





Shape8 Shape7 ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТ





САНДЫҚ АҚПАРАТ

Shape9





ДЫБЫСТЫҚ АҚПАРАТ





БЕЙНЕ АҚПАРАТ



2-тапсрыма. Семантикалық кестені толтырыңдар.


Берілген ақпарат

Ақпараттың қай түрі?

Ақпаратты қабылдау түрі

Көбейту кестесі




Сурет, автобустың қозғалу сызбасы



Күннің күркіреуі, құстың дауысы, телефон шылдыры



Оқулықтағы өлең жолдары



Бейнефильмнің көрінісі




Балалар, көрдіңдер ме, біз көз жанарымыз арқылы қаншама ақпаратты қабылдаймыз. Сондықтан біз өз денсаулығымызды күтуіміз қажет. Ұзақ компьютерде немесе ұялы телефонда отыруға болмайтынын ескеру.


3-тапсырма. Компьютерде орындау.

Тапсырманы орындамас бұрын техникалық қауіпсіздік және компьютерде жұмыс істеу ережелерін еске түсірейік.

  1. Жұмыс кезінде өзінің де, өзгенің де көңілін бөлмеу.

  2. Жарық жоқ және оның нашар кезінде жұмыс істемеу.

  3. Компьютерді рұқсатсыз қоспау және қосылған компьютерді иесіз қалдырмау.

  4. Дымқыл немесе су қолмен жұмысқа отырмау.

  5. Монитор экраның желі жалғағыштарды, сымдарды қолмен ұстамау.

  6. Қондырғыларды рұқсатсыз орнынан қозғамау.

  7. Жұмыс орнынан қажетсіз кетпеу.

  8. Компьютерді қатты қозғамау.

  9. Компьютерлердің үстіне бөгде заттарды қоймау.

  10. Жұмыс орнында және бөлмеде тазалық сақтау.

Компьютерде жұмыс істеу ережесі.

1. Арқаңды тік ұста.

2. Иықтарыңды бос ұста, шынтақтарың тік бұрыш жасап бүгілген болсын. Басыңды сәл алдыға еңкейтіп тік ұста.
3. Орындығыңның отырғышы жұмсақ болуы, тізелерің тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарың жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
4. Арақашықтықты сақта. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық 70 см - ден аз болмауы тиіс.


Суреттерге қарап ақпарат көздері, ақпарат қабылдаушылар туралы мәтін құрастырыңдар. Мәтінге тақырып қойып, компьютерде теріңдер және сақтаңдар.


Сергіту сәті:

«Көңілді күн» әніне жаттығулар жасау.




IV. Сабақты бекіту:

Қатені тап. Әр түске байланысты белгілеп шығу.

Ақпарат түрі

Берілу тәсілі



Дыбыстық




Мәтіндік




Графикалық




Сандық




Бейнебаян



V. Сабақты қорыту:

- Рефлексия

«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша сабақты қорытындылау, бір-біріне жіпті бере отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісу.

- Оқушыларды мадақтау


VI. Үйге тапсырма: Ақпарат түрлері туралы білімдерін қайталау.




«Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру орталығы»






Ашық сабақтың тақырыбы:

«Біздің айналамыздағы ақпарат»

Picture 2














Дайындаған:

Камшат Айтенова












2020 оқу жылы
























Қазақ халқының ежелден қас­тер­леп киелі деп санаған құсының бірегейі – бүркіт. Халқымыздың өткен тарихы мен күнделікті тұрмыс тіршілігі тікелей бүркіт құсымен тығыз байланысты. Көрнекті ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның деректері бойынша ана тілімізде бүркітке қатысты 1,5 мыңға жуық жеке атау сөздер, сөз тіркестері, теңеу сөздер, мақал-мәтел­дер, халықтық даналық нақылдар бар.

Халқымыз бүркітті ерекше дәріптеп, «Құс патшасы – бүркіт, аң патшасы – арыс­тан», «Көк аспанның әміршісі», «Құс төресі бүркіт», «Аспан перісі», «Қа­нат­тылар тәңірі», «Дала сермендесі», «Қан­дыкөз», «Болат тұмсық» және т.б. деп өте жоғары бағалап оған үнемі құрметпен қараған.
Бүркіт халқымыздың ұғымында батыл­дық пен батырлықты, азаттық пен айбын­дылықты, еркіндік пен бостан­дықты, өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қайраттылықты сүйетін құс ретінде сипатталады. Соған байланысты «Бүркіт жеті қазынаның бірі» немесе «Ер жігіттің жеті асылының бірі» деген ұлттық ұғымдар қалыптасқан. Қазіргі тәуелсіз еліміздің көк туында да қыран бүркіт бейнеленген.
Қыран бүркітке деген халық сүйіспен­ші­лігі көптеген аңыз-әңгімелерге арқау болған. Ол сал-серілердің жан серігі, аңшы­лардың айбынды қол қанаты деп есептелінген. Бүркітке деген халқымыздың құрметі мен аса зор сүйіспеншілігін ұлдарының есімдерін «Бүркіт» сөзімен бай­ланысты қоюынан да байқауға болады. Мысалы, Бүркіт, Бүркітжан, Бүркіт­бек, Бүркітбай және т.б. Мұның бәрі де перзенттерінің бүркіттей алғыр, бүркіт­тей қырағы, бүркіттей батыл болуын тілегендігін аңғартады.

Қазақтың бүкіл әлем алдында алғашқы болып көзге түсетін еркіндік белгісі, ерекше қадірлісі мемлекеттік туында бейнеленген қыран Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының эмблемасында да жарқырап көзге түседі. Дәл осындай рухани жаңғыру кезеңінде ұрпағымызды қыранша баулып, асқар тауда сілкінген ақиықтай алысқа көз қадасақ, «қыран бүркіт не алмайды салса баптап» дегендей қиырдан шаларымыз аз болмас. Иә, сол бүркіт күн көзіне жас­қан­бай тіке қарайтын әлемдегі жалғыз жаратылыс! Бойында намыс пен жігер тас­қындаған қазақтың ұл-қыздары сол сипатқа сай болса елдің де тұғыры биік, болашағы нұрлы болмақ! Ендеше, қыран сипатты қазақтың тұғыры биік, қанаты қатты, тегеуріні мықты болып, қияға самғай бергей!



жарқын болашаққа ұлттық ерекшелігімізбен қанат қағуға үндеген мақала мазмұнын онан сайын аша түскендей. 

Әдетте тазқара, кезқұйрық, құмай және өзге де аң ала алмас аяр құстар бүркіттің өзі алып жеп отырған аңына жан-жақтан анталай ұшады екен. Сонда бүркіт жемтігін соларға қалдырып өзі зау биікке самғап береді... Бұл да оның тектілік сипаты. Таласқанымыз біреу алған жемтік емес, қиядағы қызыл болса оған қырандай алғырлық керек! Бойында намыс пен жігер тас­қындаған қазақтың ұл-қыздары сол сипатқа сай болса елдің де тұғыры биік, болашағы нұрлы болмақ! Айта берсек аспан серісі қыран бүркіттің ғажайып сипаттары аз емес. Бүгінде азаттық көгіне ас­пан түсті ту ілген қазаққа рухани жаң­ғырудың белгісінің қыран бейне­сінде көрініс табуы да тегін болмаса керек! Ұлттық кодтың дәл өзі!

Иә, сол бүркіт күн көзіне жас­қан­бай тіке қарайтын әлемдегі жалғыз жаратылыс! Ендеше, қыран сипатты қазақтың тұғыры биік, қанаты қатты, тегеуріні мықты болып, қияға самғай бергей!



Бүркіттің жас ерекшеліктеріне байланысты жеке атау сөздердің ана тілімізде көптеп сақталуы да бүркіттің өзіне ғана тән ерекшеліктерін нақты аңғарта алады. Мысалы, Бүркіт жұмыртқасынан жаңа жарып шыққан балапандарының үлпілдек ақ түсті қауырсындарына сәйкес оны «ақүлпек» деп атаған. Кәнігі құс­бегілер бүркіт жасын көбіне қанаттары мен құйрық қауырсындарының түсінің жыл сайын түлеп өзгеруіне қарап ажы­ратқан. Мысалы, 1 жаста – балапан, 2 жаста – қантүбіт, 3 жаста – тірнек, 4 жас­та – жастүлек (тастүлек), 5 жаста – мұз­балақ, 6 жаста – көктүбіт, 7 жаста – қана (құмтүлек), 8 жаста – жана (қутүлек), 9 жас­­­та – майтүбіт (қоңыртүлек), 10 жас­та – баршын (кәрітүлек), 11 жаста – барқын (ақтүлек), 12 жаста – шөгел (ақырғы түлек немесе кәрі бүркіт), 15 жаста – сұмтүлек, 20 жастан асқан соң «мола» (молаға ықтағыш деген ұғым) деп атаған.


Бүркіт (орысша «беркут», латынша – Aquila chrysaetos L.1758) – құстардың сұңқар тектестер (кейде күндізгі жыртқыш құстар деп те атайды) отрядының қаршығалар тұқымдасының қырандар туысына жататын дене тұрқы ірі жыртқыш құс. Оның «бүркіт» деп аталуы жемтігін (қорегін) саусақтарымен бүріп ұстау тәсіліне байланысты аталған. Бүркіттің латынша атауы «Алтын қыран» деген ұғымды білдіреді. Оның өкше тұсындағы артқы саусағы – «тегеурін» деп аталады. «Тегеуріні мықты» деген ұғым саусақтарының өте күшті екендігін аңғартады. Бүркіттің ішкі саусағы – «жембасар», ортаңғы саусағы – «сығым», ал шеткі (сыртқы) саусағы – «

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!