Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері
және
олардың
күтімі»
Өткізген:Мерекеева Айжан
Байғалиқызы
қосымша білім беру
педагогы
Ақтөбе –2022
жыл
Сабақтың
тақырыбы: Бөлме өсімдіктері және олардың
күтімі.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:Бөлме өсімдіктерінің
маңызы және түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлау технологиясының
әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы білім алушыларды жеке,
жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көзқарастарын
дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін
дамыту.
Тәрбиелік:Қоршаған ортаға деген
көзқарасын дұрыстап, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, ұжымдағы
бірлікті арттыру.
Сабақтың
көрнекіліктері:слайд көрсетілімі, бейнефильм,
бөлме өсімдіктері, гүл тұқымдары,қара
топырақ.
Сабақтың
түрі: аралас.
Сабақтың әдісі
: түсіндіру,ойын.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
бөлімі
Амандасу,түгендеу
1.
Сергіту сәті «Гүл
егу»
2.Өткен такырыпты
қорытындылау:«Мозайка»
әдісі
Оқушыларға сурет қиындылары
беріледі екінші жағындағы сұраққа жауап беріп болған соң, қалған
бөліктерін тауып бірұтас бөлме гүлі шығуы керек. Осылайша жаңа
тақырыбымыздың атауы шығады.
1.Жылына бір адам тыныс алу
үшін қанша оттегін қабылдайды? (173000 л)
2.Біздің ғаламшардағы
өсімдіктер ауа қабатына жылына қандай мөлшерде оттегін бөліп
шығарады? (400 млн т)
3.Қазақстанда өсімдіктің қанша
түрі өседі? (6000-дай түрі)
4.Қанша түрі эндемик
өсімдіктерге жатады? (760-тан астамы)
5.Эндемик өсімдіктер дегеніміз
не? (Бір жерде ғана өсетін, басқа аймақта кездеспейтін
өсімдіктер)
6.Қазақстанның өсімдіктер
тіркелген тұңғыш Қызыл кітабы қашан шықты?
(1981ж)
7.Қазақстанда өсімдік
дүниесінің қанша түрі Қызыл кітапқа енген? (308
түрі)
8.Қазақстанда ормандар қанша
жерді алып жатыр? (11,4 млн га, 4,2%)
9.Ғаламшарымызда өсімдіктердің
қанша түрі жойылып кеткен? (30000-ға жуық)
10.Қазақстанда сирек
кездесетін өсімдіктердің қанша түрі бар? (530-дай
түрі)
11.Флора дегеніміз не? (
өсімдіктер дүниесі)
12. өсімдіктер түріне қарай
нешеге бөлінеді? (ағаш, бұта, шөптектес)
ІІ.Жаңа
сабақ.
А) Мұғалім сөзі:
(қызығушылықты
ояту)
Ғалымдардың пайымдауынша,
фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа
жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа
өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы
ренішін көпке дейін гүл ашпай
білдіреді.
Онда балалар біздің жаңа
сабақтың тақырыбы: Бөлме
өсімдіктері болмақ.
Дұрыс, балалар! Әрбір отбасы
өзінің алтын шаңырағы – пәтерін, жеке үйін сәндегенді,
көріктендіргенді қалайды.Жасыл желек патшалығының
төресі гүлдер жайлы, олардың құпиялары, сонымен қатар, адамзат
өміріне ауадай қажет дәрілік шипалығы, басқа да биология ғылымына
тікелей қатысты гүл ерекшеліктері жөнінде жан-жақты ізденуге
болады. Өсімдіктер бөлмеге таза ауа мен хош иіс, оның ішкі
жабдықталуына өзіндік жарасымдылық, әдемілік және үйлесімділік
береді. Бөлме өсімдіктерінің өсуі, гүлдеуі үшін табиғи жағдайға
өскен ортасына сай болатындай етіп, қолайлы жағдай жасау керек.Ол
үшін қажетті мөлшердегі жарық, ауа, топырақтың ылғалдылығы және
температуралық режим керек.Өсімдіктердің ең басты қасиеті – олар
адам өміріне зиянды микроорганизмдерді қырып жіберетін ерекше зат –
фитонцидтерді өз бойынан, бөліп шығарады. Сондай-ақ, адам өмірі
үшін ең басты пайдасы – ауадағы көмірқышқыл газын өз бойына
сіңіріп, оттегіні бөліп шығарады. Бөлме өсімдіктері үйді тек шаңнан
тазартып қана қоймай, жиhаздардан және еден мен қабырғадағы
синтетикалық жабулардан бөлінетін улы заттарды (бензол,
формальдегид) бейтараптандырып
отырады.
Өсімдіктер
тарихы.
Интерьерді көгалдандыру үшін
3000 астам өсімдік түрі қолданылады. Олардың көбі субтропиктік
белдеуден әкелінген. Бөлме өсімдіктерінің 19% Оңтүстік Америкадан
әкелінген тропиктік өсімдіктерден құралады. Олар: бегония,
монстера, юкка, пастифлора. Өсімдіктердің 17,6% Оңтүстік Африкадан
шыққан түрлер құрайды. Олар пеларгония, хлорафитум, Орталық
Америка, Мексика, Вест-Индия, бөлме өсімдіктерінің 13,8% берді.
Олар ;кактус, пуансеттия, кейбір суккулентті өсімдіктер. Барлық
өсімдіктердің 13,5% тропиктік Азиядан(Үндістан, Үнді-қытай). Олар:
патша бегониясы, каучукті фикус, кодеум, архидея. Жерорта теңізі
маңынан шыққан өсімдіктер 9,8%-ды құрайды. Олар: гранат,
қоңыраубас, лавр,хамеропс пальмасы, т.б. Оңтүстік Американың
субтропиктік белдеуі 5,8%-ды құрайды. Солтүстік Мексика 5,5%
құрайды: традесканция, руэллия. Африканың тропиктік өсімдіктері
5,1%-құрайды: кофе ағашы, драцена, сансевирия. Шығыс Азиядан
таралған 3,2%-ды құрайды: адалия, аспидистрия, аукуба, камелия,
фатсия. Австрия мен Жаңа Зеландия 3,1%-дықұрайды: араукария,
корделина. Орта Азия мен Канараралдары3,6%-құрайды: фикус
,канарқұрмасы.Көп жағдайда оларды
«алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені, ол өсімдіктердің тұқымы
мен өскіндері алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй
ішінде өсіп — өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме өсімдіктері»
деп аталады.Олар өз отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта
тіршілік етеді. Біз оларға соған ұқсас жағдай жасауымыз керек.
Бөлме өсімдіктерінің тіршілік иесі екенін естен шығармауға тиіспіз.
Оларды баптап күту керек. Су құйып, топырағын қопсытып, жапырағына
қонған шаңды сүртіп отырған дұрыс.
Адамзат дамуының алғашқы
дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам
үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар
олардың әрқайсының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да
байқаған.Ертедегі египеттіктер де алоэ, анис, медуница, зығыр,
лотос, көкнар, жалбыз, тал, аршаның шипа-лық қасиеттерін біліп үй
бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4 мың жыл бұрын
үндістандықтар 760 дәрілік өсімдіктікті пайдалана біліп, гүлдер
отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй
ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік
қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді
бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат
алады.
Оқушылар өздері зерттеп келген белгілі бір
бөлме өсімдігі туралы ақпаратпен бөліседі.
1)Мята
2)
Сенсиверия
3)Хлорофитум
4)
Каланхое
5)
Герань
6)Фикус
7)
Колеус
8)
Алое
ІІІ. Полиглот
ойыны.
1-топ
Қазтамақ
......... -шөптен шығады, дана
көптен шығады.(дәрі-лекарство-cure)
Қыз өссе елдің көркі,........
өссе жердің көркі.( гүл-цветы-
flower)
..... -бұлағымен көрікті,
бұлақ -құрағымен көрікті.( Тау- горы-
mountain)
2-топ
Алое
...... жер байлығы, батырлар
ел байлығы (табиғат-природа-nature)
........ алдында найзағай
ойнайды.(
жаңбыр-дождь-rain)
.......... күркіресе, көп
дүркірер. (күн-солнце-sun)
3-топ
Каланхое
............ болмай, тәуір
болмас.( сәуір-
апрель-april)
Тау мен тасты ....... бұзар,
ел арасын қу бұзар.(
су-вода-water)
Жел дауылды
шақырады,.......... жауынды
шақырады.(
бұлт-облака-sky)
Видеоролик ( бөлме
өсімдіктерінің күтімі)
ІV.Практикалық
кезең.
Тұқымын көбейту мақсатында
бөлме гүлдерінің бірнеше түрін
отырғызамыз.
Қажетті құралдар: резеңке
қолғап, қара топырақ, горшок, су, гүл
тұқымы.
Отырғызар алдында кесек
топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмырадан
топырағымен қоса қопарып алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп
отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет
болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады.
Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу
керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян
келмейді.Өсімдіктерді шоғырлап су ағар тесігі жоқ үлкен ыдысқа
көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор, мұндай
жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді
көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының
айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су
құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құяды да, жел өтінен
аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге
қояды.
Қорытындылау. Рефлексия
«Чемодан, еттартқыш»
әдісі.
Сабақтың қорытындылау бөлімінде оқушылар бөлме
өсімдіктері, оларды күту туралы өздерінің не білгенін, нені
түсінбегенін айтады.
— Қандай өсімдіктерді бөлме өсімдіктері
дейді?
— Оларды неліктен «алыс жақтың өсімдіктері»
дейді?
— Бөлме өсімдіктерін қалай күту
керек?
— Сонымен, өсімдіктердің өсуіне нелер
қажет?
Үй тапсырмасы: Емдік қасиеті
бар бөлме өсімдіктеріне сипаттама беріп, ақпарат жазып
келу.