Сабақтың тақырыбы: Бұлшық еттер, бұлшық ет
типтері, олардың құрылысы мен маңызы.
Сабақтың маңқсаты:
Білімділік:
Оқушыларға бұлшық еттердің
маңызын, олардың, құрамын, құрылысын, типтерін түсіндіре отырып
мәтінді меңгерту.
Дамытушылық:
Бұлшық еттердің атқаратын
қызметін салыстыра отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін
қалыптастыру.
Тәрбиелік:
Адамгершілікке, сымбаттылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: Бұлшық еттің алдыңғы және
артқы көрінісінің суреттері,
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
- амандасу
- түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру:
І - бөлім «Сұрақ –
жауап»
-
Тірек – қимыл жүйесін құрайтын
мүшелер? (сүйек, бұлшық ет)
-
Қаңқаның атқаратын қызметтері?
(пішін сақтау, қорғаныштық, қан түзу, зат алмасу)
-
Адам қаңқасы қанша сүйектен тұрады?
(200)
-
Бас қаңқасына қандай сүйектер кіреді? (ми, бет
сүйектері)
-
Үлкен тесігі бар ми сүйегінің бөлімі?
(шүйде)
-
Бет бөлігіне кіретін ірі сүйектер? (үстіңгі жақ,
астыңғы жақ)
-
Дене бөліктерін байланыстырып,
жұлынның қорғаныш қызметін, бас, қол, бүкіл дененің тірек қызметін
атқаратын дене қанқасына жататын сүйек? (омыртқа
жотасы)
-
Омыртқа жотасының бөлімдерін ата? (мойын, арқа,
бел, сегізкөз, құйымшақ)
-
Омыртқа жотасының қай бөлігі
12 омыртқа сүйегінен тұрады? (арқа)
-
Кеуде қуысын құрайтын сүйектер? (арқа омыртқасы,
төс, қабырға сүйектері)
-
Тоқпан жілік, кәрі жілік қай сүйектер бөліміне
кіреді? (қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне)
-
Толарсақ (тілерсек) қанша
сүйектерден құралған? (26)
-
Сүйектің кемік затының маңызы? (сүйек массасын
азайтады)
-
Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?
(иілгіш, созылғыш)
-
Қандай жағдайда омыртқа жотасы
бүкірейіп қалуы мүмкін? (дұрыс отырмаған кезе)
ІІ – бөлім «кестені дұрыс
толтыр»
1 - кесте
№
|
Сүйек типтері
|
Оған кіретін сүйектер
|
1
|
Қысқа сүйектер
|
|
2
|
Ұзын сүйектер
|
|
3
|
Жалпақ сүйектер
|
|
Жауабы:
№
|
Сүйек типтері
|
Оған кіретін сүйектер
|
1
|
Қысқа сүйектер
|
Саусақ сүйектері, алақан сүйектері, білезік
сүйектері, омыртқа сүйектері, башпай сүйектері, толарсақты құрайтын
сүйектер.
|
2
|
Ұзын сүйектер
|
Тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйек, ортан
жілік, жіліншік, асықты жілік.
|
3
|
Жалпақ сүйектер
|
Бас сүйектің ми және бет сүйектері, қабырға,
жамбас, жауырын
|
2 – кесте
№
|
Сүйектер
|
Сүйектердің байланысу
түрлері
|
1
|
Жауырын мен тоқпан жілік, тоқпан жілік пен кәрі
жілік, Жанбас пен ортан жілік, ортан жілік пен асықты
жілік
|
|
2
|
Омартқа жотасы, арқа омыртқасы мен қабырға және
төс
|
|
3
|
Сегізкөз, құйымшақ
|
|
4
|
Ми сүйектері (маңдай, төбе, самай,
шүйде)
|
|
Жауабы:
№
|
Сүйектер
|
Сүйектердің байланысу
түрлері
|
1
|
Жауырын мен тоқпан жілік, тоқпан жілік пен кәрі
жілік, Жанбас пен ортан жілік, ортан жілік пен асықты
жілік
|
Қозғалмалы (буын арқылы)
|
2
|
Омартқа жотасы, арқа омыртқасы мен қабырға және
төс
|
Жартылай қозғалмалы (шеміршек арқылы)
|
3
|
Сегізкөз, құйымшақ
|
Қозғалыссыз (қиыса)
|
4
|
Ми сүйектері (маңдай, төбе, самай,
шүйде)
|
Қозғалыссыз (жік)
|
ІІІ – бөлім «Ситуациялық
сұрақ»
Ажар биология сабағы бітіп,
физика сабағына баспалдақ арқылы 3 – ші қабаттан, 2 – ші қабатқа
түсіп бара жатқанда аяғын қатты ауртып алды. Ауырсыну тобық тұсынба
байқалады. Қандай көмек көрсетесін?
ІІІ. Жаңа сабақты
түсіндіру:
Бұлшық ет деген сөзді
естігенде ойымызға не түседі?
Бұлшық еттің
маңызы:
Біздің организміміздің енжар
бөлігі – қанқаны бұлшық еттер қимыл – қозғалысқа келтіреді. Бұлшық
еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін құрайды. Олар біздің
денемізді тік бағытта ұстайды және денеміздің әр түрлі қалыпқа
келуіне мүмкіндік береді.Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бір
қалыпты ұстайды және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде куысын
құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының
қозғалуын, жұтуды; қабырғалық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын,
т.б. қамтамасыз етеді. Адамда 600 – ден астам қанқа бұлшық еттері
бар және олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.
Бұлшық еттің
құрамы: 75 % - ы судан және 25% - ы
нәруыз, май, көмірсужәне минералды тұздардан
тұрады.
Бұлшық еттің
құрылысы:
Бұлшық еттер
бұлшық ет
талшықтарынан құралған. Әр бұлшық етке қан тамыры мен жүйке жүйесі
келіп тұрады. Қан тамырлары арқылы бұлшық етке қоректік заттармен
оттегін келіп, қимылдау нәтижесінде пайда болған артық алмасу
өнімдері және көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Жүйке жүйесі
арқылы қозуларды қабылдап, жауап қайтарады.Бұлшық ет сыртынан
дәнеке ұлпасымен қапталып, сіңір арқылы сүйекке
бекінеді.
Бұлшық еттер құрылысына
байланысты 3 – ке бөлінеді
-
Бірыңғай салалы бұлшық ет – көптеген ішкі
мүшелер, қан тамырлары қабырғасын құрайды. Бірыңғай салалы бұлшық
ет ұлпасы 1 ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар арқылы
қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады.
-
Көлденең жолақты (қаңқа)
бұлшық еттер – көлденең жолақты талшықтардан тұрады. Талшықтар
ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер
жиырылады.
-
Көлденең жолақты жүрек бұлшық еті де қанқаның
бұлшық еті сияқты көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан тұрады.
Бұл талшықтар кей жерде айқасып бірігеді. Жүрек бұлшық еті осындай
ерекшелігіне байланысты тез жиырылады.
Бұлшық еттердің негізгі
топтары:
Бұлшық еттерді орналасуына
қарай бас және мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп
бөледі.
Бас бұлшық
еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық
еттері жатады.
Шайнау бұлшық
еттері үстіңгі және астыңғы жақ
сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке,
екінші ұшы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты
тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері
қозғалады.
Мимикалық бұлшық
еттер – бетке белгілі бір көрініс –
мимика береді. Көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі
бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас
сүйектің бет сүйегіне бекиді.
Мойын бұлшық
еттері – басты тепе – теңдікте
ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға
қатысады.
Дене бұлшық еттері.
Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс қозғалыстарын
қамтамасыз ететін кеуде куысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы
қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер
жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі
мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар, құрсақ қуысының
мүшелерін қорғайды. Арқада басв, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына
қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері
орналасады.
Аяқ – қол бұлшық
еттері
Қол бұлшық
еттеріне – дельта тәрізді, екі басты
бұлшық ет немесе бицепс және үш басты бұлшық ет немесе трицепс
бұлшық еттері жатады.
Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды
қозғалысқа келтіреді. Бицепс қолды шынтақ буыннан бүгеді, ал
трицепс қолды жазады.
Аяқ бұлшық
еттеріне - тігінші, төрт басты бұлшық
ет, балтыр бұлшық еті, екі басты бұлшық ет, бөксе бұлшық еті
жатады. Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл ең ұзын бұлшық ет.
Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті – тізе буынын
жазатын бұлшық ет орналасады. Осонымен қатар санды жамбас – сан
буынында бүгуге қатысады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
-
Адам денесінде қанша бұлшық ет болады?
-
Оның қаншасы адам еркіне бағынады?
-
Бұлшық ет құрамы неден тұады?
-
Бұлшық ет құрылысына байланысты нешеге бөлінеді
және оларды ата?
-
Көлденең жолақты қаңқа бұлшық етімен көлденең
жолақты жүрек бұлшық етінің айырмашылығы?
-
Мимикалық бұлшық ет дегенді қалай
түсінесің?
-
Қол бұлшық еттеріне қандай бұлшық еттер
жатады?
-
Адамның кеуде қуысын құрсақ қуысынан қандай
бұлшық ет бөліп тұрады?
Ү. Үйге тапсырма
§ 27 оқу.
ҮІ. Бағалау