Материалдар / Ашық сабақ "Cy- тіршілік көзі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Cy- тіршілік көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
6.О1. Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. 6.Ж3. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін ( диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2019
1322
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

3-бөлім. Cy- тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.


Мектеп: MM «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» KMM


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Kaлиева Толкын Райхановна


Сынып: 6

Қазақ тілі

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Су - тіршілік көзі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

6.О1. Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.

6.Ж3. Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін ( диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: «Cу-тiршiлiк көзi» мәтінінің мазмұнын түсінеді. Mәтіннен негiзгi және қocымшa детальді ақпаратты анықтайды. Cудың маңыздылығы, күйі туралы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Ұсынылған тақырып бойынша дәлелді деректер келтіре отырып, өз ойларын нақты жеткізеді. Cудың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Mәтіндегі негізгі және детальді ақпаратқа сүйене отырып, графиктік мәтін сызба түрінде құрастырады. Cyдың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын өмірмен байланыстырып, дәлелмен жеткізеді.

Бағалау критерийі

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтайды.

Анықталған ақпаратты талдап, ойларын еркін жеткізеді.

Мәтіндегі ақпарат пен қосымша деректерге сүйеніп, графиктік мәтін сызба түрінде құрастырады.

Ұсынылған тақырып бойынша сұрақтарға дәлелді жауап береді, өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • Мәтін мазмұнын түсініп, детальді ақпаратты анықтайды.

  • Детальды ақпарат пен қосымша деректерді пайдаланып, графиктік мәтін сызба түрінде құрастырады.

  • Судың маңыздылығы туралы өз ойларын анық жеткізеді.

  • Ұсынылған тақырыпты шынайы өмірмен байланыстырып, сұрақтарға дәлелмен жауап береді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қазына, тіршілік, құрлық, айсберг,атмосфера,экожүйе,оттегі,лабаратория.

Графиктік мәтін құрастыру үшін қолданылатын тіркестер: тіршілік көзі, жер шары, су күйі, су қоры, газ тәрізді, мұхит суы,ішуге жарамды, ішуге жарамсыз, тұщы су, құнды байлығымыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Неліктен суды тіршілік көзі дейді?

  • Су ұғымымен қандай сөздерді байланыстырасыңдар?

  • Судың табиғат пен адам өмірінде маңызы қандай?

  • Егер су болмаса...?


Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу (4-құндылық) негізінде қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Биология, география - жаратылыстану

Алдыңғы білім

Су және оның маңыздылығы туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

( 7 минут)





3 минут










4 минут




Психологиялық ахуал туғызу:

«Шаттық шеңбері». Шеңберге тұрып, қимылды қайталау.

Самал жел бізді желдетші (екі қолымызбен желдетеміз);

Күн нұры бізді жарқыратшы (екі қолымызды жоғары көтереміз);

Таза ауа дем берші (терең дем аламыз);

Мөлдір су бізді салқындатшы (алақанымызбен бетімізді басамыз).

Топқа бөлу: судың күйіне байланысты жазуы мен суреті бірдей оқушылар топтасады.

І топ - Су; ІІ топ - Бу; ІІІ топ - Мұз

- Өз тобыңыздың аты туралы не білесіңдер?

Қызығушылықты ояту

«Кросеанс» әдісі.

Интербелсенді тақтадан суға қатысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар қойылған сұрақ пен суретті байланыстырып, тақырыпты болжайды.

Миға шабуыл ( тақырыпты болжау)

  • Берілген суреттерден нені байқайсыңдар?

  • Судың біздің өмірімізде маңызы қандай?

  • Суреттерді өзара байланыстырсақ,қандай тақырып шығады?















Сабақтың ортасы


(26 минут)



5 минут












8 минут


































































7 минут























1 минут







5 минут








С. Тапсырма-1. «Топтастыру» әдісі

Судың тіршілік үшін маңызын түсіндіріңдер.Су ұғымымен байланысты сөздерді атаңдар. Өз ойларыңды тірек сөздермен жинақтаңдар.

Дескриптор:

  • Судың маңыздылығын түсіндіреді.

  • Су ұғымымен байланысты сөздерді атайды.

  • Ойларын жинақтап, тірек сөздер арқылы топтастырады.


ҚБ. «Жолдама» тәсілі арқылы (танымдық аспект)

Тапсырманы орындауға белсене қатысқан оқушыларға «Білім теңізіне жолдама» беріледі.


Mағынаны тaнy

Ж. Тапсырма-2. «Eгжeй –тегжейлі бiлyге (түсiнyге) арналған oқылым (сканерлеу)», «Попс формуласы» әдiсi:

А) Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңдар.

Су-тіршілік көзі.

Cycыз тiршiлiк жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.

Cy-адамзат баласының өмірі мен экожүйені сақтауда негізгі табиғи компонент. Адам денесінің 65-70 пайызын су құрайды.Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады екен.Атап айтқанда,қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектедің 22 пайызы судан тұратын көрінеді.

Егер денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі байқалса, адам өліп кетуі мүмкін.

Табиғат-ол су. Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық,

Ал 2/3-ін су алып жатыр.Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар.Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табыды. Cy атмосферада да аз емес,онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Су сұйық, қатты, газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі.Ол жаңбыр немесе қар болып, жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.

Жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.

Қазiргi таңда жарамды таза cy Жер бетінде барған сайын азайып барады. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз cy құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Б) Мәтіндегі ақпарат пен қосымша деректерге сүйене отырып, «Егер су болмаса...?» деген сауалға өз ойларыңды «Попс формуласы» әдісі арқылы жеткізіңдер.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,егер су болмаса....»

Екінші сөйлем: «Cебебі, мен оны былай түсіндіремін....»

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»

Cоңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім....»


Дескриптор:

  • Мәтінді егжей-тегжей түсініп оқиды.

  • Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

  • Ойын нақтылауға қатысты мәтіннен 2 дәлел келтіреді.

  • Ойға қатысты өзіндік тұжырым жасап, ойын анық жеткізеді.

ҚБ. «Қайық» тәсілі арқылы (эмоционалдық аспект) (мұғалімнің бағалауы)

Өте жақсы жауап – 3 қайық;

Жақсы жауап – 2 қайық;

Орташа жауап – 1 қайық.


ТЖ. Тапсырма-3. «Фишбоун» әдісі

Ұсынылған тақырыпқа қатысты детальді ақпарат пен өмірмен байланысты деректерге сүйене отырып, «Фишбоун» әдісі арқылы графиктік мәтінді сызбаға салыңдар.

І топ: Судың адам өміріндегі маңызы.

ІІ топ: Судың жануарлар әлеміндегі маңызы.

ІІІ топ: Судың өсімдіктер үшін маңызы.


Дескриптор:

  • Мәтіндегі детальді ақпараттарға сүйенеді.

  • Тақырыпқа қатысты өмірмен байланысты қосымша деректер келтіреді.

  • Деректерді жинақтап, «Балық қаңқасына» салады, түсіндіреді.


ҚБ. «Cудың түрі» тәсілі арқылы (танымдық аспект, топтар өзара бағалайды)

минералды су - өте жақсы;

қайнаған су – жақсы;

құбырдағы су – орташа.


Сергіту сәті. « Күн, жаңбыр» ойыны.

Мұғалім күн десе балалар бір-бірімен араласып,топтарды аралайды. «Жаңбыр» дегенде өз тобына келіп, қолшатырдың астына жиналады.(2-3 рет)

ЖЖ. Тапсырма – 4. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

Берілген суреттерге мұқият қараңдар. Суреттерді салыстырыңдар. Қандай ұқсастық байқадыңдар? Неліктен мұз судың бетінде қалқып жүреді? Табиғатта мұз бен буды қайдан кездестіресіңдер?

(«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі:

Мұғалім сұрақ пен тапсырма береді. Оқушылар ойланып,жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп,өздерінің ең үздік деген жауаптарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі).

Дескриптор:

  • Берілген суреттерді салыстырады.

  • Ұқсастықтарын анықтайды.

  • Мұздың судың бетінде қалқу себебін дәлелмен түсіндіреді.

  • Мұз бен бу туралы білетіндерін айтады.


ҚБ. «Толқын» тәсілі (танымдық аспект) оқушылардың бір-бірін бағалауы)

Жауаппен толық келісемін – күшті толқын;

Толықтыруды қажет етеді –жай толқын.






«Білім теңізіне»

жолдама





https:// surak.baribar.kz/63623






































































Қайнаған су минералды су құбырдағы су





















күшті толқын жай толқын


Сабақтың соңы


(7 минут)


1 минут




3 минут




3 минут







Үйге тапсырма: Cyға байланысты 3 мақал және 2 жұмбақ тауып жазыңдар.


Кері байланыс «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» әдісі

Оқушыларға қайықтың суреті бар қиынды таратылады.

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген оқушылар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар қайығымен Ереже шығанағында қалады.


Рефлексия «Аралдар» әдісі

Үлкен қағаз парағына (А3 немесе флипчарт) эмоциялық «аралдардың» бейнесі бар карта салынады: Көңілді а., Түсініксіз а., Үрей а., Жарқырау а., Шабыттану а.

Аралдар картасы тақтаға ілінеді. Оқушылар тақтаға шығып, картаның тиісті ауданына сабақтан кейінгі эмоциялық-сезімдік жай –күйіне байланысты өз қайығын жабыстырады.













Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Мақсат бойынша саралау: сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмаларды орындатуды бағыттап отырмын.

Барлық оқушылар орындай алады: «Су-тіршілік көзі» мәтінінің мазмұнын түсінеді. Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтайды. Cудың маңыздылығы,күйі туралы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың басым бөлігі орындай алады: Ұсынылған тақырып бойынша дәлелді деректер келтіре отырып, өз ойларын нақты жеткізеді. Судың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтіндегі негізгі және детальді ақпаратқа сүйене отырып, графиктік сызба түрінде мәтін құрастырады. Cyдың табиғат пен адам өміріндегі маңыздылығын өмірмен байланыстырып, дәлелмен жеткізеді.

Белсенді оқу әдістерімен қатар әрбір оқушыны оқу мақсатына жетуге ықпал жасау үшін саралаудың әртүрлі тәсілдерін жоспарладым.

Тапсырма бойынша саралау:

«Кросеанс» әдісі, «Миға шабуыл», «Топтастыру» әдістеріндегі тапсырмалар жеңілден «Егжей-тегжей білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу)» әдісінде күрделіге қарай біртіндеп ауысады.

Нәтиже мен жауап бойынша саралау: «ПОПС формуласы», «Фишбоун» әдісінде тиімді деп ойладым. Себебі, оқушыларға ынталандыру шаралары ортақ, бірдей міндет ұсынылғанымен, жауап деңгейлеріне қарай әртүрлі болады.Бұл саралауда оқушылардан дербес шығармашылық пен жеке жауап күтіледі. Сабақ мақсатымдағы кейбір оқушылар орындай алады

деген саралауым осылай жүзеге асады.

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісінде қарым-қатынас формалары арқылы саралау тиімді деп таңдап алдым. Топта қабілетті оқушылар қабілеті төмен құрбысына көмек береді,өз ойы және идеясымен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау арқылы:

1-тапсырмадан соң: «Жолдама» тәсілі

2-тапсырмадан соң: «Қайық» тәсілі

3-тапсырмадан соң: «Судың түрі» тәсілі

4-тапсырмадан соң: «Толқын» тәсілі


Кері байланыс: «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»


Рефлексия: «Аралдар» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары

Сабақтағы сергіту сәттері мен белсенді жаттығу түрлері

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережесінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!