Материалдар / Ашық сабақ «Декоративті рельеф. Кәдесый»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ «Декоративті рельеф. Кәдесый»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мүсін сабағында декоративті рельефтің түрлерін зерттеу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, тұзды қамырдан мүсіндеуді үйреніп қана қоймай эстетикалық қабілеттерін және ойлау, қиялдау қабілеттерін шыңдап дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қазан 2021
516
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Мүсін

Тақырыбы: «Декоративті рельеф. Кәдесый»


Мақсаты: Тұзды қамырдан декоративті рельеф мүсінді кәдесыйды жасау технологиясын үйрену.


Міндеттері:


Білімділік: 1: Декоративті рельеф мүсіні туралы түсінік беру, білімдерін арттыру;

2. Тұзды қамырдың шығу тарихын және жасалу технолигиясын қайталап өту;

Тәрбиелік: 1. Тұзды қамырдан рельефтік кәдесыйды бөтелкеге жасап үйрену;

2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

Дамытушылық:

  1. Оқушылардың ұқыптылығын дамыту;

  2. Фантазиялық ой-өрісін, еркін ойлауын дамыту.


Көрнекіліктер, материалды-технологиялық құралдар:

Слайдқа арналған интерактивті тақта, дайын тұзды қамырмен әшекейленген кәдесыйлар, тұзды қамырмен жасау техникасының суреттері мен схемалары.


Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

  2. Өткен сабақты қайталау (5-7 мин)

  3. Сарамандық жұмыс (25 мин)

  4. Қорытынды (5 мин)

  5. Бағалау (3 мин)


Сабақ барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабаққа дайындығымызды тексерейік! (оқушылардың дайындықтарын тексеру) Біз алдыңғы сабақта сендермен «Декортивті рельеф. Кәдесый» тақырыбын өткен болатынбыз. Бүгін осы тақырыпты жалғастырып, аяқтайық! Бүгін бізге алдыңғы сабақта жасаған кәдесыйымызды және түрлі түсті гуашымызды алып келу керек болатын. Барлығымыз, қажетті құрал-жабдықтарымызды алып, арнайы алжапқышымызды киеміз.


ІІ. Өткен сабақты қайталау:


Балалар, біз бейнелеу өнерінде жалпы мүсіндеу жанрын білеміз.

Мына ұяшықтар арқылы сұрақтарға жауап беріп, суретті толық бейнелеп шығамыз:

  1. Мүсіндеу жанрының екі түрі бар: «көлемді» және «рельеф» бейнелер екенін де білеміз.


  1. «көлемді» мүсін дегеніміз не? / мүсінді барлық жағынан қарауға болады. Бұл мүсіндеуде адамды немесе басқа бейнені бейнелей отырып, басты немесе кеудеге дейінгі бюст, жартылай фигура, бүкіл бойымен мүсіндеу, көп фигуралы композициялық мүсіндер және т.б. болады/ Слайд//


3. «рельефтік» мүсін дегеніміз не? /бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазықтық бетіндегі мүсіндік бейне. Әдетте мүсіншілер рельефті гипстен, известьтен, мрамор және т.б. техника түрінде мүсіндейді./ Слайд //


4. Декоративті-рельефтік мүсіндеу, бұл яғни сәндік мүсіндеу. Декоративті рельефті мүсіндерді кез келген үй интерьерлерінен, құмыралардан, кәдесыйлардан және тағы да басқа заттардан кездестіруге болады. Слайд//


Ал біз бүгін осы мүсіндеу түрін тұзды қамырмен керек емес, жарамсыз шыны бөтелкелерді безендіріп кәдесый дайындадық.


Бұл тұзды қамырдан мүсіндеу ежелден келе жатқан әдіс болғандықтан, балаларға ыңғайлы және зиянды емес.

  1. Тұзды қамырдын тарихына тоқталатын болсақ, кім айтып өтеді? (Бұрыңғы заманда тұз бен ұннан тек қана тағам дайындай келе, кейіннен одан әртүрлі кәдесыйлар жасап үйрене бастаған. Германияда бұл мүсіндеу түрінен таға, медальондер жасап, үйдің ішін безендірген. Бұл заттар үйді бәле-жаладан қорғайды деп сенген екен. Кейін ХҮІІ ғасырдан бастап марионетка-қуыршақтары Ежелгі Қытай өңірінде үлкен танымалдыққа ие болған.

Ежелгі Русьте тұзды қамыр рождествомен бірге пайда болып, бұл мерекеде тұзды қамырмен жасалған кәдесыйды адамдар бір – біріне сыйлауды әдетке айналдырған. Бізге дейінгі ғасырларда тұзды қамырдан жасалу техногиясы ұмытылып, кейін қайта 20 жыл көлемінде сәндік мүсіндеуде танымал бола бастады.


Мүсіндеуде бірнеше атқа ие: ұнпластикасы, архангелдік керамика және биокерамика. Биокерамика- яғни, таза өнімнен жасалған деген мағынаны білдіреді.

  1. Тұзды қамырдын рецептісі қандай?

. Оның құрамы:

1 стакан Ұн

0,5 стақан тұз

0,5 стақан су

1 ас қасық пва клейі бәрін қосып араластырып қамырды илейміз.

Біз алдыңғы сабақта оны жасадық. Слайд//


Уйден ата-аналарымыздан керек емес шыны бөтелке немесе кұмыраларды сұрап алдық. Иленген тұзды қамырымызбен бөтелкенің үстінен жасадық. Алдымен эскизін салып алдық та сол бойынша мүсіндедік. Слайд/Жұмыс барысын көрсетіп шығу.





ІІІ. Сарамандық жұмыс:


Жұмыс бастамас бұрын біз қауіпсіздік ережесін бір қайталап өтейік. Мүсіндеу сабағында :

1) ермексазбен немесе тұзды қамырмен жұмыс жасағанда оны ауызымызға салмаймыз;

2) Мүсіндеуде тек арнайы тақтайшаның үстіне жұмыс жасаймыз;

3) Кесу, ою, өрнектеу кезінде пышақшамен, яғни стекпен жұмыс жасағанда бір бірімізге лактырмай дұрыс жұмыс жасаймыз;

4) Оны өрнектеп бояу кезінде тазалықты сақтай отырамыз.


Міне, біздің алдыңғы сабақта жасалған кәдесыйларымыз. /оқушылар өздерінің жұмыстарымен таныстырады/

Енді осы жасалған кәдесыйды біз алдыңғы сабақта гуашьпен бояп бастап қойған болатынбыз. Енді әрбір детальдаын дұрыстап, әрлеп бояймыз, жұмысымызды аяқтаймыз. бояуымыз қажет. / оқушылар жұмыстарын бастайды/


ІҮ: Қорытындылау:

Ал, балалар жұмыссымызды бәріміз аяқтадық , әшекейледік. Енді бұл кәдесыйды не істеуге болады?





Ү: Бағалау:

Енді кәдесыймызды өзіміз бағалайық. Әркім өз жанындағы көршісіне баға қойсын! /ар балада бағалау смайликтері болады, неге ондай бағамен бағалағанын айту керек/ бағаларымен келісіп қойып шығамын.



 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!