(Б,
К) Мұғалім оқушылармен
амандасады.
Содан кейін ол оқушыларға
келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда
ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? -
жылдамдық пен үйлесімдікті қалай дамытуға
болады?
Сапқа тұрғызу,
сәлемдесу, түгендеу.
Жаңа сабақты
түсіндіру.
Саптық жаттығулар,
оңға, солға, артқа бұрылу.
Қозғалмалы бой жазу
жаттығулары
-Қолды жоғары ұстап
аяқ ұшымен жүру.
-Екі қол белде өкшемен
жүру.
-Екі қол белде аяқтың ішкі
және сыртқы қырымен жүру.
-Бір қалыпты жеңіл
жүгіру.
-Тіркеме адыммен оң және
сол бүйірмен жүгіру.
-Алға қарай созылған
қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.
-Өкшені артқа көтеріп, екі
алақанға тигізе жүгіру.
-Екі қол тізеде толық
отырып жүгіру.
-Отырып секіре
жүру.
-Дем алу, дем
шығару.
Жаңа тақырыпқа арналған
таныстырылым тамашалау
Шығармашылық
тапсырмаТапсырманың дескриптерлері:
- жылдамдық пен
үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете
алады;
- жаттығуларды орындаған
кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды;
- жаттығуларды орындаған
кезде бірде бір төртбұрышты өткізбейді;
- жаттығуларды қатесіз
орындайды.
Сұраңыз: Бұл
жаттығулар қандай физикалық қасиеттерді
дамытады?
(Б,
Ж, Ф)«Қарғалар және торғайлар» ойыны. Сынып екі командаға
бөлінеді, бірі - "қарғалар", екіншісі - "торғайлар". Командалар
волейбол алаңының ортаңғы сызығына арқаларымен бір-біріне тақалып
жұптар құрады. Мұғалім бір команданың атауын атайды, мысалы
"қарғалар!". Осы белгі бойынша "қарғалар" өз жағының волейбол
алаңының бет сызығына карай жүгіреді, ал "торғайлар" бұрыла отырып
оларды ұстап алуға тырысады. Ұсталған "қарғалар" қолдарын көтереді.
Мұғалім ұсталған "қарғаларды" санап алып жазып қояды. Мұғалім 8-10
рет кезекпен командалардың атауларын атайды. Ойын барысында мұғалім
команда атауларын кезек бойынша емес, 2 немесе 3 рет қатарынан
бірдей атай алады. Сондықтан ойын алдында мүмкіндігінше оқушыларға
ескерту жасау керек. Ойын ережесі:
-
қуушылар тек өз жұптасын ұстайды; - ең көп қарсыластарын ұстаған
команда жеңіске жетеді.
Практикалық тапсырма
Топтарға
бөлініп, ептілік пен жылдамдық қасиеттерін дамытатын «Асық талас»
ойынын ойнап, топпен бірлесе жұмыс жасаңыз. Оқушылардың таңдауы
бойынша спорт ойынының элементтері бар командалық ойын
құрастыру.
Тапсырманың дескриптерлері:
- қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын кеңістігінде бағдар
жасай алады; - мұғалімнің командаларын мұқият тыңдайды; - қуушылар
тек қана өз жұптастарын ұстайды.
Рефлексия.
Сабақтың
соңында оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз
пікірлерін білдіріп мүғалімге
тапсырады.
Үй
жұмысы: Ғаламтор арқылы үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың
жиынтықтарын көріп талқылау. Үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін
құрастыру.
|