Материалдар / Ашық сабақ "Ғарыштағы қымыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ғарыштағы қымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар мен мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
440
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Әбдул-Хамид Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» Мақсаты:1)Білімділік :Әбдул-Хамид Мархабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. 2) Дамытушылық: Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту. 3) Тәрбиелік :Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа,ұлттық құндылықтарды құрметтеуге,үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:  ашық сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Анимациялық слайдтар, суреттер, бейнежазбалар.  Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, сурет, астрономия. Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.Түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару. «Қарлы кесек» әдісі бойынша бір-біріне өз аттарының алғашқы әрібінен басталатын сөздермен тілек айту.Тілек айту барысында жүрек бейнесіндегі қорапшадан топқа бөліну үшін түрлі-түсті жұлдызшаларды алуТоптарға бөлу. (алған жұлдызшаларының түсіне сәйкес орындарына отыру)  1. Ғарышкерлер2. Роботтар3. Планеталар4. Бөгде ғаламшарлықтар Кіріспе сөз.- Балалар, біз бүгін аспан әлеміне саяхат жасаймыз. Сондықтан бүгінгі сабағымызда белсенді жұмыс істесек жұлдызша алып,бағаланып отырамыз Ал қай топтың мүшелері көп жұлдызша жинайды, сол топ жеңімпаз болады. ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.Әр топты өз атауларымен таныстырып, неге олай атағаны туралы топ басшыларынан сұрау арқылы ой шақыру. - Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?- Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?- Роботтардың қызметі, оларды не үшін ойлап таптық?- Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?- Ол планеталардаадамдар тұрады ма?- А.Мархабаев жайында не білеміз?ІІІ. Жаңа сабақ барысы.Сюжеттік жоспар бойынша шығарманы еске түсіріп, түсінгенін қысқаша баяндау. Жоспар бойынша әңгіме мазмұнын жүйелеу арқылы композициялық құрылымына талдау жасау: Оқиғаның басталуы:Қонақтарға құрмет. Оқиғаның байланысы: Жеті планетаның достығы.  Оқиғаның дамуы: Планета өкілінің науқастануы. Оқиғаның шиеленісуі:Дәрігерлердің уайымы. Оқиғаның шарықтау шегі: Дәрігердің рецептісі. Оқиғаның шешімі: Қымыздың қасиетіЖоспар бойынша болған оқиғаларды ретімен , мазмұнын қысқаша баяндау арқылы шығарманың композициялық құрылымын шығарады.Бесжұлдызды смайликтер беріп отыру арқылы әрбір сөйлеген оқушыларды марапаттау.Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап ала отырып, автордың негізгі айтпақ ойын, идеясын тапқызу. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық сусыны – қымыздың қасиетін дәріптеу. Идеясы:Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі-қымыз. Сонымен, бұндай шығармаларды әлем әдебиетінде Фантастикадеп атайды.Ережені оқушыларға шығарма мазмұнына байланысты шығарту. Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.- Фантастиканы жазатын адамдарды фантаст жазушы деп атаймыз. Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.Қымыз туралы бейнеролик тамашалау.Бейнеролик бойынша оқушыларға сұрақтар қою. Бейнероликтенне жайлы білдік? Не түсіндіңдер? Жинақтау Бейнеролик көру арқылы тақырыптан алған білімді жинақтап, шығармашылықпен біріктіру. 1,2- топтар үшін: Қымыздың қасиеті. 3,4-топтар үшін:Өнертапқыштардың жаңалығы. Сергіту сәті 1.    Әдемі түнде, мен жүрсем жүреді бірге(Ай) 2.    Түнде көзі жымың - жымың етеді,Таң алдында ғайып болып кетеді (Жұлдыз) 3.    Жайғаным түктi кiлем, Iлгенiм – тықыр кiлем. (Жер мен Аспан) 4.     Мөлдiр көкте бiр ғана, Шоқтай жайнап тұр дара. (Шолпан) 5.    Сарайдың сансыз шырағы, Нұр шашып, самсап тұрады. (Жұлдыз)  6.  Бейнесi суда дiрiлдейдi, Қармаққа бiрақ iлiнбейдi. (Ай)      7.  Мекені көкте екі ару, Бірін-бірі көруге зәру (Күн мен ай)     Төмендегі сөздерден әңгіме мазмұнына сәйкес сөздердітеріпжаз 
«Ғарыштағы қымыз»«Тұтқынбала»«Менің атым-Қожа»
   
Майқанова апайқсақал, Приходько, Наташа, Сатурн тұрғыны, камера, Альфа планетасыныңтұрғындары, Сәйбек қарт, Жантас, Жанар, дәрігерлер, мектепдиректоры,Оспанов, роботтар, Сұлтан, жер тұрғындары, космомедицина өкілдері, Миллат,алгебра оқулығы, кітап толы портфель, бақа, ғарыш кемесі,Қызыл Жебе



Жазушылар сайысы. Синквейн әдісі арқылы 5 жолды өлең құрастыру І топ Ғарышкерлер «Қымыз» ІІ топ Робот «Ақсақал» ІІІ топ Планета «Ғарыш» IV топ Бөгде ғаламшарлықтар «Роботтар »Суретшілер сайысы.Әр топқа плакаттар, қарындаш беріп. Басқа планетаны, бөгде ғаламшарлықтарды қалай елестететінін бейнелеу.Ү. Сабақты бекітуері байланысТиімді кері байланыс орнату. Жұлдыз стикерлерге сабақтан алған әсерін жазыпақтадағы күннің суретінің жан-жағына жапсыру арқылы кері байланыс жасайды. ҮІ. Қорытынды.«Рефлексия пирамидасы» арқылы тақырыпты түсіну дәрежесін бағалау. Пирамиданы толтыруарқылы тақырыпты түсінген деңгейін көрсетеді ҮІ. Үйге тапсырма. Эссе тақырыбы: «Кәріге құрмет – балаға міндет» ҮІІ. Бағалау.  Смайликтер санына қарай бағалау.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!