400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Генетиканың даму тарихы" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік - бір - бірімен қатар жүретін, бір жағынан, бір - біріне қарама - қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Генетика гр. "genesis"- шығу тегі деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологы У. Бэтсон ұсынды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Биология. 10 сынып

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Егизбай Айгерим Маратқызы

Мектеп: Краснознаменное ОМ

Сабақтың тақырыбы: Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Г.И.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар генетиканың даму тарихы туралы білуі тиіс. Г.И.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары туралы білуі тиіс.

Дамытушылық: Оқушылар гибридологиялық әдіс, моногибридті шағылыстыру, доминанттылық және ажырау заңдары туралы ойланады, пікірлеседі.

Тәрбиелік: Оқушылар ынтымақтастық және шығармашылық тұрғысынан бірлесе әрекеттеседі, бір- бірінің пікірлерімен санасады, бір- біріне жәрдемдеседі.

Нәтиже:

Оқушылар генетиканың даму тарихы, белгілердің Г.И.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары туралы біледі.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, «Құпия сан» әдісі

Қажетті материалдар

Оқулық, плакат, түрлі қарындаштар, жұмыс дәптер, үлестірмелі карточкалар,.

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу

2.Ұйымдастыру

3.Сабақ барысымен таныстыру.

4.Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

Үй тапсырмасын тексеру

«Құпия сан» сұрақтарға дұрыс жауаптың алдындағы санды қояды.

1.екі қабатты ұрық

Зигота


2. Ұрық мүшелері дамитын саты

Бластула


3.ұрықтанған жұмыртқажасуша

Гаструла


4.ұрықтың іште дамуы

Нейрула


5.бір қабатты ұрық

Эмбриогенез


6.туу мерзімінен өлгенге дейінгі кезең.

Онтогенез










Құпия сан: 3 5 1 2 4 6.

Жаңа сабақ.

Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік - бір - бірімен қатар жүретін, бір жағынан, бір - біріне қарама - қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Генетика гр. "genesis"- шығу тегі деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологы У. Бэтсон ұсынды.
Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. ХХІ ғасырдың 80 - жылдарында "пангенезис" теориясын неміс зоологы А. Вейсман өткір сынға алды. А. Вайсман "ұрық плазмасы" туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс жасушаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.
Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендельдің "Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер" деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтерге, соның ішінде Ч. Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г. Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды.




Генетиканың даму тарихы

Бірінші кезең

Екінші кезең

Үшінші кезең

1901 жылы голландия ғалымы Гуго Де Фриз өсімдіктерде жүргізген тәжірибелері бойынша тұқым қуалайтын өзгергіштікті түсіндіретін мутациялық теория ұсынды. 1903 жылы дат ғалымы В.Иогансен Мендельдің жұмысын негізге ала отырып, популяциялар және таза сорттармақ туралы теория жасады.

Америкалық генетик Т.Морганның тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын жасауынан басталады. Бұл теорияға У.Сэттон мен Т.Боверидің тәжірибелері негіз болды. Т.Моргон хромосомалық теориясында тұқым қуалайтын гендер хромосомаларда тізбектеле орналасады деп тұжырымдайды.

1953 жылы америкалық ғалым Дж. Уотсон және ағылшын физигі Ф.Крик хромосомаларды құрайтын дезоксирибонуклеин (ДНҚ) молекуласының құрылысын анықтады. Оның тұқым қуалауда басты қызмет атқаратынын дәлелдеді.


Топқа бөлу. Тақырыпқа байланысты суреттер бойынша 3 топқа бөліну.

Жеке жұмыс: «Электронды ұяшықтар»

Әрбір оқушы тұрып ұяшық таңдайды, сол ұяшықтан шыққан сұраққа жауап береді

Топтық жұмыс: «Генетиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар» (постер қорғау)

Әр топ өздеріне берілген ғалымдардың суреттері бойынша әр ғалымның генетиканың дамуына қосқан үлестерін жазады, постер қорғайды.


Жұптық жұмыс: «Сөзжұмбақ»


Сабақты қорытындылау.

Кері байланыс: «Чемодан. Ет тартқыш. Қоқыс жәшігі»


Бағалау: «Өзін-өзі бағалау» парағы арқылы өздерін бағалайды.

Үй жұмысы: «Тұқымқуалаушылық туралы Г.Мендельдің еңбегі» тақырыбына реферат дайындау.







Краснознаменное орта мектебі

















Ашық сабақ

«Генетиканың даму тарихы»












Өткізген: Егизбай

Айгерим Маратқызы













2017-2018 оқу жылы



































Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік - бір-бірімен қатар жүретін, бір жағынан, бір-біріне қарама-қарсы, өзара тығыз байланысты процестер. Генетика гр. "genesis"-шығу тегі деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді 1906 жылы ағылшын биологі У.Бэтсон ұсынды.

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы түсініктер ежелгі дәуірде Демокрит, Гиппократ, Платон және Аристотель еңбектерінде кездеседі. ХХІ ғасырдың 80-жылдарында "пангенезис" теориясын неміс зоологі А.Вейсман өткір сынға алды. А.Вайсман "ұрық плазмасы" туралы болжам ұсынды. Бұл болжамында тек жыныс жасушаларында кездесетін, тұқым қуалайтын заттың болатындығын айтты.

Генетиканың биология ғылымының жеке бір саласы ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың екінші жартысында ашылған ірі ғылыми жаңалықтар себепші болды. 1865 жылы чех ғалымы Г.Мендельдің "Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер" деген еңбегі жарық көрді. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын қалыптастырды. Сөйтіп, Мендель генетиканың негізін қалады. Бірақ оның еңбегі 1865 жылдан бастап 35 жыл бойы көпшілік биологтерге, соның ішінде Ч.Дарвинге де белгісіз күйде қалды. Г.Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары тек 1900 жылы ғана өзінің тиісті бағасын алды.

Генетиканың даму тарихын зерттеушілер оны 3 кезеңге бөледі

Бірінші кезең - 1900-1910 жылға дейін

Екінші кезең - 1911-195 жылға дейін

Үшінші кезең - 1953 жылдан қазірге дейін

1901 жылы голландиялық ғалым Гуго де Фриз өсімдіктерде жүргізілген тәжірибелері бойынша тұқым қуалайтын өзгергіштікті түсіндіретін мутациялық теория ұсынады.

1903-1904 жылдары америка ғалымы У.Сэттон және неміс ғалымы Т.Бовери белгілердің ұрпаққа берілуінде хромосоманың рөлін көрсетті.

1909 жылы дат биологі В.Иогансен биологияда аса маңызды болып есептелетін ген (гр. "genos"-шығу тегі), геотип және фенотип деген ұғымдарды қалыптастырды.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Ресей ғалымы Н.И.Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын қалыптастырды.

1953 жылы америкалық ғалым Дж.Уотсон және ағылшын физигі Ф.Крик хромосомаларды құрайтын ДНҚ молекуласының құрылысын анықтады.

1957 жылы америкалық ғалым Коренберг табиғи вирустың толық қасиеті бар вирус бөлшегін қолдан жасады.

1958 жылы зертханалық жағдайда ДНҚ құрылымы синтезделді.

1961-1962 жылдары америкалық ғалымдар М.Ниренберг, Г.Маттеи, С.Очоа және Ф.Крик тұқым қуалаудың кодын тауып, нәруыз молекуласын құрайтын 20 аминқышқылының нуклеотидті триплеттерінің құрамын анықтады.

Бұдан кейін ген ағзадан тыс, химиялық жолмен алынып, генетика ғылымының жаңа бір саласы - молекулалық генетика пайда болды.

Генетика мен селекцияның дамуына Қазақстан ғалымдарының да қосқан үлесі ерекше. Алыстан будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетерозис т.б. мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде. Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді будандары мен сорттарын алуда К.Мыңбаев, А.Ғаббасов, Ғ.Бияшев және т.б. еңбектерң зор. Н.С.Бутарин, Ә.Е.Есенжолов, А.Ы.Жандеркин алыстан будандастыру әдісімен қойдың арқар-миринос тұқымын алды. Қазақстанда Тұңғыш рет М.Ә.Айтхожиннің басқаруымен молекулалық биология және ген инженериясы саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылымға айтарлықтай жаңалықтар қосылды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
2014
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі