Ашық сабақ "Гобелен тоқу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Гобелен тоқу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Гобелен тоқу түрлері мен технологиясы туралы ақпарат бере отырып түсінік қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ


Күні: 29/04/2014

Сыныбы: 8 «В»

Пән мұғалімі: Ишимбаева Күләш


Тақырыбы: Гобелен тоқу

Сабақтың білімділік, тәрбиелеушілік, дамытушылық мақсатына жеткізетін құзыреттіліктер:

а/ Білімділік: Гобелен тоқу түрлері мен технологиясы туралы ақпарат бере отырып түсінік қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыра отырып, әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау.

ә/ Дамытушылық: гобеленді безендіру тәсілдерін меңгерту, оқушылардың өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттілігін дамыту.

б/ Тәрбиелік: Меңгерген білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге, кәсіби іскерлікке, шығармашылық белсенділікке дағдыландыру, адамгершілік тәрбиесін беру

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, түгендеу;
б. Жұмыс орнын ұйымдастыру, әкелген құралдарын тексеру.
в. Ұйымдастыру сәті кезеңінде сабақтың жұмыс ырғағын анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтарға жауап алу тәсілі арқылы:

Гобелен дегеніміз не?

Гобелен— қолдан тоқыған кілем-сурет.

Гобелен өнерінің өркендеу тарихы қай ғасырдан басталады?

Гобелен тоқу 20 ғ-дың 70-жылдарынан бастап күрт өркендеді.

Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш қай елдерде кең тараған?

Гобелен дербес суретшілік өнер туындысы ретінде алғаш Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде дамып, кейін Ресей, Балтық бойына, Кавказға кең тараған.

Гобеленнің дамуына үлес қосқан суретшілер?

Оның дамуына үлес қосқан суретшілер: Қ.ТыныбековИ.ЯремаБ.ЗәуірбековаӘ.БапановС.Бапанова,

 Л.А.Анисимов К.ЖұбаниязоваЕ.П.НиколаеваБ.ӨтеповШ.Қожаханов.


Жаңа сабақты түсіндіру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Гобелен

Гобеленді түрлі жіптер арқылы тоқып үйрену

Гобеленді тоқудың тәсілдері


Гобелен тоқу үшін:
1. Эскиз жасалады.
2. Дайын эскизді безендіру.
3. Гобелен тоқу үшін түрлі жіптер дайындау.
4. Үлгіні жіппен торлау.

5. Гобелен тоқу

Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.
1946ж Батима Зәуірбекованың туған жылы
1970ж Гобелен саласындағы алғашқы туындысы «Шеберлер» деп аталған. Сарғалдақ түстес көйлек киген бойжеткен қыз жасыл өрнек арасында отыр. Осынау құпиясы мен қызығы мол, қиындығы да көп өнерге таңырқай қарайды. Әрине, бұл оқшау өнердің алғашқы көрінісі, бұлақ сылдырындай әуені ғана ғой. Бірақ өнер зерттеушілері осы еңбегін жақсы бағалады.
1972ж «Жіп иіруші қыз» атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен.

Қауіпсіздік ережесі:

Ине ұстау кезінде инені оң қолыңмен ұста;
• Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
• Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, ұшын инеден өткізіп, дұрыс отырамыз;
• Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнаң солға қарай жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу апқылы орындалады;
• Тоқылу әдісінің арақашықтығы 1-1cм болады;
• Тоқылу әдісінде жіптер мата бетін толық жауып, суретті нақтылай тоқу керек.

Технологиялық карта

Жұмыстың орындалуы

Қажетті заттар

1.

Материал дайындау

Картон қиындысы, түрлі - түсті тоқыма жіптер

2.

Үлгісін дайындау

Картон, қайшы

3.

Гобелен тоқу

Ине-жіп, түйреуіш

 Сарамандық жұмыс.

  • Гобелен тоқу нені талап етеді? (Шыдамдылық, еңбекқорлық)

  • Ендеше былай деп қорытынды шығаруымызға болады деп ойлаймын «Шыдамды еңбек, алғыр ой

Нағыз досың біліп қой»

Себебі сабағымызға бұл қасиеттер артық болмайды.

Жұмыс барысын түсіндіру


  1. Оқушылар өз қалауынша нұсқау карта арқылы жұмыс жасайды.

  2. Гобелен тоқу үшін қажетті заттарды дайындайды.

  3. Тоқуды бастайды.

  4. Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.


Оқушылардың ойын сергіту. Сергіту сәті.

Сабақты бекіту.

Мақал-мәтелдің жалғасын табу

  1. Бүгінгі істі .......... қалдырма.(ертеңге)

  2. Жеті рет өлше, ....... рет кес.(бір)

  3. Батыр адам қорқақты сүймес,

Шебер адам ............ (жалқауды)

4. Өнерлі болу зейнет,

Өнерсіз болу ........ (бейнет)

5. Мал жұтаса да ......... жұтамас.(өнер жұтамас)

6. Ата-мұра ....................(асыл-қазына)

  • Оқушы білімін бағалау.
    Әр бір оқушының жасаған жұмысын қабылдап, баға қойып, жіберілген қателерін қайта түсіндіру.
    Үй тапсырмасы. Интернетте берілген сайттарды қарау, қажет мағлұмат алу.

  • Безендірудің эскизін дайындап келу

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2019
1650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі