Ашық сабақ "Кітап ақыл дариясы" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Кітап ақыл дариясы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Кітап ақыл дариясы" 7 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Кітап ақыл дариясы

Мақсаты:

а) Білімділік: білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру;
б) дамытушылық: кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту;
в) тәрбиелік : кітапты таза ұстауға,тазалыққа, мейірімділікке баулу, тәрбиелеу.
Әдісі: пікіралысу
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы сөздері
,слайд

Тәрбиеші: 
Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.

Кітапта алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы 
Кітабыңның әр бетін,-деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. 

Кітап туралы тақпақтарын тыңдау

Оқушы:

Кітаптің қадiрi.
Байланып ғаламның торына,
Жығылдық желінің жолына.
Сайттың түр түрін оқимыз,
Кітапты оқудың орнына.

Кітаптың ашылмай парағы,
Сөреде сарғайып барады.
Кітапхана есігін көрсетпей,
Клубқа жұмсаймыз баланы.

Кітапқа құмартса баламыз,
Қияли болды деп қаламыз.
Сипатып сотканы сəбиге,
Уланып барады санамыз.

Окыған əдеби шығарма,
Қазақта көп болған ғұлама.
Соткаға сүйенген бүгінгі,
Ұрпақтан ұлылық шығама?

Оқушы:

Ағарып атқан таң нұрын
Ғылымнан ғана ұққанмын.
Халқымның тарих – тағдырын
Кітаптан оқып шыққанмын
Көздерін тартып мұқаба,
Оқушы қауым қолға алар.
Қалың ба, мейлі, жұқа ма –
Жүрекке кітап жол табар.
Жүйткіген пойыз ырғағы,
Ақынның отты жырлары,
Әлемнің жұмбақ сырлары
Кітапта толып тұр бәрі.



Оқушы:

Әліппеден басталған,
Құштарлығым білімге.
Кітап бетін ашқаннан,
Оқимын көп білуге.
Ұрпағы үшін даналар,
Өнеге-үлгі жазыпты.
Сол кітаптан балалар,
Алады мол азықты.
Жазушы мен ақын да,
Айналады жақынға.
Кітап – білім сандығы,
Іші толған нақылға.



Оқушы:

Ғасырлардан Ғасырларға,
Бірге жасап, асып алға.
Сарқылмаған, тартылмаған,
Ұлы мұра асыл арна.

Кітап, сенде ақын жыры,
Ойшылдардың асыл сыры.
Кітап, сенде қаттаулы тұр,
Адамзаттың шаттық мұңы.

Сондықтанда –сен асылсың,
Ақылшым, -сен жанашырым.
Мәңгі жаса, кітап мұра,
Шерткен сырын сан ғасырдың.

Сені оқыдым толқып, жаным,
Сезім сергіп таңырқадым.
Біліміңмен шөлін басқын,
Алда келер сан ұрпақтың.



Тәрбиеші

- Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер? 
Кітап түрлерімен таныстыру.

Қызыл кітап Қазақстандағы азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді жазады, қазақ ертегі кітабы, арнайы оқулықтар, ұлы ғұламалардың өмір баяны туралы т.б түрлері өте көп. 

Кітап арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасаң ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен, өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.

Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған. 



Оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.Ал, 1045 жылы Шын елінің өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.Еуропада тұңғыш рет ХҮ ғасырда неміс өнертапқышы И.Гутенберг баспа станогын жасады.Русьте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.


Оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған «Оғызнама», ХІ ғасырдағы Ж.Баласағұнның «Құтты білігі», Махмуд Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік», т.б. кітаптары болды.1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады.Төңкерістен кейін өзімізде шыға бастады.


Оқушы:Кітап-заманымыздың өмірі,ол кәріге де, жасқа да қажет.Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Кітап сендердің дүниетанымдарыңды кеңейтіп,рухани жан-дүниелеріңдіоятып,ертегі,әңгімелермен сыр шерткен,кітап-сенің ақылшың.



Топпен жұмыс:

І-топ:Кітапты (оқулықты) күтіп ұстау ережесін айту

ІІ-топ:Кітап туралы мақал-мәтел айту

-Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.

-Кітап - көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.

-Жақсы кітап - жан азығы.

- Кітапты сүйіп оқы,
Көңілге түйіп оқы.

-Кітап — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы

-Күш - білімде, білім - кітапта

ІІІ-топ:Кітаптың(оқулықтың) оқушыға пайдасы



Бейнебаян:Кітап оқудың пайдасы



Тәрбиеші:

Балалар , сендер кітапті қайдан алып оқисыңдар? Кіапханадан

Кітапханашы бізге кітапты күтіп ұстау ережелерін айтып берсін.

  1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек.

Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма! Кітап оөуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.

3. Кітапты қалай болса, солай ұстама.

4. Кітапты сызуға, жыртуға болмайды.

5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

6. Кітап бетіне сурет салма.



Кітап ауруларының түрлері:

  1. Туғаннан пайда болатын аурулар

(Баспадан дұрыс басылмаған кітаптар)

2. Қартайғаннан болатын аурулар

(көп жыл ұсталынған кітаптар)

3. Жұқпалы аурулар

(кірлеген, сия жағылғын немесе май қолмен ұсталған кітаптар)

4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар

(терезенің алдында, күнде көп тұрған,

ылғалды, дымқыл жерде сақталған кітаптар)

5. Кездейсоқтықтан болған аурулар

(батпаққа жығылып былғанған, жыртылған кітаптар.)



Қорытындылау: 
Иә, кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз.

Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – ғажап дос» деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.
Осымен «Кітап – сарқылмас қазына» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі