Материалдар / Ашық сабақ "Көлік және жол белгілері" 5сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Көлік және жол белгілері" 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ қазақ тілі пәніне арналған 5 сыныптың бағдарламасына сай жасалған "Көлік және жол белгілері" 5.О5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. 5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет- журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
4225
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Көктөбе ЖОББМ

Күні: 04.05.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Солтанова Анар Амиргаликызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 19

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Көлік және жол белгілері

Сабақтың тақырыбы

Жол

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.О5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.О7. Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-

журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

Мәтін мазмұнын түсінеді.

Негізгі ақпараттарды анықтайды, сұрақтар құрастыра біледі.

Көптеген оқушылар

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтарды шығармашылықпен құрастыра алады.

Кейбір оқушылар

Мәтін мазмұнын бойынша өзінің сыни көзқарасын білдіре алады.

Бағалау критерийлері

  • Нақты ақпараттарды анықтайды.

  • Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады.

  • Ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Пән лексикасы және терминология:

Адамдар, көлік құралдар, жолаушылар, темір жол, автомобил жол, әуе жолдары.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

-Қала көшелерінде жол белгілері болмаса, не болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?

-Абайлаңыз балалар белгісі жойылса ,не болады?

Құндылықтарға баулу

  • жауапкершілік;

  • денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу сабағы, дене шынықтыру, технология.

Осыған дейін меңгерілген білім

Дүниетану.

1.1.4.4. Жолда өзін-өзі ұстау ережелері, жол қозғалысын реттейтін жол белгілерін білу.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың бастапқы кезеңі


5 минут


Ұ йымдастыру жұмысы.

Қызығушылықты ояту.

Ынталандыру.

«Көңілді шеңбер».

-Балалар, шеңберде қалай тұру керек?-деген сұраққа өздері білетін тәртіп ережелерін айтады.

Топқа бөлу. Қима қағаздар ұсыну (темір жол, әуе жол, автомобил жол, жол.)



Қима қағаздар


Сабақтың ортасы






10 минут














































10 минут
























































3 минут






Ой толғаныс кезеңі.



5 минут











Кері байланыс

5 минут

Сабақтың мақсатын айтып кетемін.

Бүгінгі сабақтың кіріспесінде мәтін алды тапсырма беріледі. Оқушылар берілген бейнефильмді көреді. Сабаққа болжам жасайды.

«Миға шабуыл» әдісі.

  • Бұл бейнефильм сабаққа қатысы қандай деп ойлайсыңдар?

  • Кімнің қандай ой бар?..

Бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп

ойлайысыңдар?

Мәтіннің тақырыбын беріп, болжам жасату, мәтін не туралы болуы мүмкін екенін түртіп жазып болжам кестесін жасау.

«Ассоциограмма» әдісі. «Жол» сөзіне қатысты тірек-сызба құраңдар..

Бүгінгі тақырыптың «Жол» екенін айтып, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады.

Оқушылардың алдына бағалау критерийлері беріледі.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдану.

мәтіннің мазмұнын түсінеді;

үйренген сөздерді қолдана алады;

сол арқылы ойын анық жеткізеді;

Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады.

мәтін не туралы екенін біледі;

мәтіндегі сөйлемдерді еске түсіреді;

нақты ақпаратты анықтауға

бағытталған сұрақтар құрастырады;

жол көлік апатын болдырмау жолдарын болжайды, түсіндіреді,

ұсынады;

Ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдайды.

көтерілген мәселені табады;

сілтемені (дереккөз) көрсетеді.

Кері байланыс.

  • Топ өз жұмысын белсенді атқара алды;

  • Тақырыпқа қатысты сөздерді қолдана білді;

  • Сол сөздер арқылы ойын анық жеткізе алады,

  • Ойын жақсы айтты, дегенмен...

  • Менің ойымша, осыны былай жеткізер едім...

1-тапсырма. «Джигсо» әдісі арқылы әр топқа бөлек –бөлек мәтін беріледі. Олар өздеріне берілген мәтінді мұқият оқиды. Топтан бір адам қалып, қалғандары басқа топқа барып, олардың тобына берілген мәтінің мазмұнымен танысады. Қайтып оралып, өз тобында қалған адамға естігенін айтып береді.

2. Осы мәтінді «қысқарту» әдіс арқылы айтып беру. Мәтінді жинақтап айтып шығу.

Мәтінмен жұмыс.

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

Газет-журналдан, энциклопедиядан алынған мәтінде беріледі.

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі.

Сұрақ:

1.Мәтінде не туралы айтылған? Өз ойлары мен пікірлерін білдіреді.

2..Еске сақтап оқу. Оқыған мәтінінен өзі қалаған бір сөйлемді есіне түсіріп айту.

Қалыптастырушы бағалау.

Кері байланыс.

  • Мәтіннің не туралы екенін айта білді;

  • Сөйлемдерді еске сақтауда белсенді болды;

  • Еске сақтап айтуында белсенділік танытты, бірақ нақты айта алмады;

2-тапсырма. «Түртіп алу » әдісі.

Бұрыннан білемін.

Жаңа ақпарат

Мен ойлағандай емес

Білгім келеді.








3-тапсырма. «Аквариум». Құрастырған сұрақтарыңды пайдаланып, жол ережелерінің тарихы туралы пікірлесіңдер. Сынып ең үздік диалогті анықтасын.

4-тапсырма. «Адасқан әріптер» әдісі.

«ЖОЛЫҢ БОЛСЫН !»

Бұл жол қарапайым емес. Егер сен мұқият анықтап қарасаң,онда жол және жол ережесіне қатысты 10-нан аса сөз таба аласың.

БАҒДАРШАМАШИНАЙНАСФАЛЬТРОЛЛЕЙБУСОЛҒАВТО

БУСИГНАЛ

5-тапсырма.«Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі.

Сабақтан алған білімдерін постер түсіріп қорғау.

Қалыптастырушы бағалау

Кері байланыс.

  • Бұл тапсырманы орындау ұнады.

  • Мәселені таба алды.

  • Ол ойын айтуға белсенділік танытты.

«БББ» әдісі



https://www.

youtube.com

/watch?v=

1KvUWfBNnFI



















































Оқулықта-ғы мәтін.





























http://moldir-bulak.kz/?p=3386

























Оқулықтан-ғы тапсырма.










Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия. Бүгінгі сабақ барысында толық жауап беріп, сынып ережесін сақтаған оқушыны таңдаңыз және өз көңіл күйіңізді смайликтер алқылы білдіріңіз.

Б ағдаршам көздерімен.

-Толық түсінсем жасыл

-Жартылай түсінсем сары

-Мүлдем түсінбесем қызыл

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай

түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс;

денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-

мен байланыс, құндылықтармен

байланыс (тəрбие элементі)

Топтар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау. Қабілеті жоғары оқушыға қосымша тапсырма алады.

Ерекше дарынды баланы сабақ басында бағалаушы ретінде тағайындап, баға береді.

Белсенділігі төмен: Егер топ ішінде талқылауға ынтасы жоқ бала болса, ол оқушы суреттер салуға көмектеседі .

1. Топ жұмысы критерий бойынша дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тәсілімен бағалаймын.

2.Топ жұмысын топтар бағалау критерийі арқылы бағалайды.

3. Сабақтың соңында «бағдаршам» арқылы әр оқушы өзін бағалайды.

1. Бейнелеу сабағы, дене шынықтыру, технология пәндерімен байланысты

2. АКТ дағдыларына жаңа сөздердің бейнефильм пайдалану;

Интенрактивті тақта

3. Ынтымақтастық, бірлесе жұмыс істеу дағдылары

Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.

Әрине сабақ оқу мақсаттары қолжетімді болды.

Оқушылар жол қозғалысы ережелерін сақтау керек екенін түсінді.

Сабақта жағымды, белсенді жағдай, ахуал орын алды.

Саралау жұмыстары жоспар бойынша өз нәтижесін берді.

Сабақ белгіленген уақытқа сай жүрілді, ауытқу болған жоқ.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Джигсо» әдісі арқылы оқушылардың қысқа баяндап беруі.

2: «Жұптас, ойлас, бөліс» әдісі арқылы ойларын жинақтап алуы сабақ нәтижесіне әсерін берді.

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын

тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Сабақты іс жүзінде өмірде жасасақ жақсы әсерін берер еді.

2:Оқушыларға алдын ала осы тақырып туралы айтқан болса өте белсенді өтетін сияқты.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде

келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданудың маңызы екендігін білдім.

2.Алдыңғы білімі келесі білімнің жалғасы ретінде спиралды түрде даму қажеттігін білдім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!