Материалдар / ашық сабақ Координаталық сәуле. 5-сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ Координаталық сәуле. 5-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа арналған Координаталық сәуле тақырыбында өткен ашық сабағым. 5-сыныпта Натурал сан және нөл саны тарауында. бастауыш сыныпта натурал сандардың жазылуы мен оқылуы тақырыбын қайталап жаңа тақырыпқа берілген ашық сабақ қысқа мерзімді жоспар..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2540
65 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1А Натурал сандар және нөл саны

Күні:

Сынып: 5

Мектеп: С.Торайғыров жом

Мұғалімнің аты - жөні: Айтуғанова Ж.Ж

Қатысқандар: Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы

Координаталық сәуле. Натурал сандарды және нөл санын координаталық сәуледе кескіндеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.3.1.1 - өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;

5.5.2.2 - натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: координаталық сәуле, бірлік кесінді, координата басы, нүктелердің координатасы ұғымдарын түсіну; координаталық сәуле сызу және сандарды белгілелеу;

Басым көпшілігі: координаталық сәуледе кіші сандар және үлкен сандар кескінделетінін түсіну;

Кейбіреулері: координаталық сәуледе үлкен сандарды кескіндеу ; есеп шығаруда алған білімдерін тиімді қолдана алу.

Бағалау критерийі

-координаталық сәуледе бірлік кесіндіні анықтайды;

-координаталық сәуледе берілген нүктенің координатасын анықтайды;

- белгіленген нүктелердің координатасын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

  • нүктелердің координаталық сәуледе орналасуын түсіндіре алады;

  • мәтінді есептердің шешімдерін түсіндіре алады;

Лексика мен терминология.

  • координаталық сәуле,

  • координаталық сәуленің басы,

  • нүктенің координатасы,

  • бірлік кесінді;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • координатасы үлкен нүкте координаталық сәуледе ... оң жағына қарай орналасады;

  • координатасы кіші нүкте координаталық сәуледе ... сол жағына қарай орналасады;

Құндылықтарға баулу

Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Алдыңғы бөлім

Түзу, сәуле, кесінді ұзындық бірліктерін біледі.




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мин.

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы




3 мин









7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату. Есімдерінің бас әріптеріне байланысты бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

«Суретпен жұмыс» әдісі бойынша сыныпты үш топқа бөлемін. Сыныпқа сурет тарқатамын, суретте Астана, Алматы және Шымкент қаласындағы көрікті жерлердің суреттері берілген, қай сурет қай қалаға тиісті екенін тауып үш топқа бөлінеді. Астана тобы – Бәйтерек, Думан ойын сауық орталығы, Хан шатыр, Ақ Орда резиденциясы, Пирамида, Тәуелсіздік сарайы, Нұр мешіт. Алматы – Медеу мұз айдыны, Абай паркі, Қазақстан қонақ үйі, Көктөбе, 28 панфиловшылар паркі , Шымкент – Дендро саябақ, Түркістан, Кең-баба, Бәйдібек би ескерткіші,Қошқар ата өзені, Shymkent city.

Алдыңғы сабақты пысықтау мақсатында «Серпілген сауал» әдісін пайдаланамын:

«Астана» тобына

1. Мына сөздерді цифрлармен жазыңдар: сегіз жүз тоқсан бес;

2. 5698 санындағы 9 саны нені білдереді?

3.санды сөзбен жаз: 48954

4.санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 312

5. 126597 санындағы 2 саны нені білдіреді?

6.5914 санын пайдаланып ең үлкен төрт таңбалы санды жаз.

«Алматы» тобына

1. Мына сөздерді цифрлармен жазыңдар: тоғыз жүз сексен сегіз;

2. 2367 санындағы 6 саны нені білдереді?

3.санды сөзбен жаз: 15689

4.санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 268

5. 98413 санындағы 8 саны нені білдіреді?

6. 8127 санын пайдаланып ең үлкен төрт таңбалы санды жаз.

«Шымкент» тобына

1. Мына сөздерді цифрлармен жазыңдар: үш мың сегіз жүз жетпіс

2. 21478 санындағы 4 саны нені білдереді?

3.санды сөзбен жаз: 57896

4.санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: 6987

5. 126597 санындағы 2 саны нені білдіреді?

6.5914 санын пайдаланып ең үлкен төрт таңбалы санды жаз.

















5-сынып Т.А.Алдамұратова,

Е.С.Байшоланов


1-бөлім Алматы "Атамұра" 2017ж.


Сабақтың ортасы

10 мин





















15 мин




«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Оқушылар сабақтың мазмұнын толық ашу үшін күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, топтасып, жұптасып, келесі топтарға өзара талқылап оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды. Координаталық сәуленің бірлік кесінді , координаталық сәуле, нүктені координаталық сәуледе кескіндеуді түсіндіреді.

ОА –бірлік кесінді, О нүктесі координаталар басы.

Сәуленің О басталу нүктесін санақ басы ретінде алып, оның тұсына 0-ді жазамыз.

Санақ басы – О нүктесінен бастап берілген қашықтыққа А нүктесін белгілейміз. Сонда сәуле бойында ұзындығы берілген Оа кесіндісі салынады. Мұндай кесінді бірлік кесінді деп аталады.

Объект 1

Координаталық сәуле дегеніміз - сәуленің О басталу нүктесі санақ басы ретінде алынған, бірлік кесіндісі берілген, бағыты белгіленген сәулені айтамыз.

Координаталық сәуледегі берілген нүктеге сәйкес сан осы нүктенің координатасы деп аталады. О(0), А(1), В(2) оқылуы: О нүктесінің координатасы 0-ге тең, А нүктесінің координатасы 1-ге, В нүктесінің координатасы 2-ге тең.









5 –сынып

Т.Алдамұратова, Е.Байшолпанов.

«Атамұра» 2017ж.

І-бөлім.

«Айналмалы бекет» әдісі арқылы топтар бірін-бірі тексереді, тақырып бойынша есептер беріледі, есептің шартын оқып, тапсырманы орындап ,жауабын топта бір бірімен айналдырып тексереді.

1-тапсырма:

Координаталық сәуледе мына А,В және С нүктелеріне қандай сандар сәйкес келеді? А,В және С нүктелерінің координаталарымен жазыңдар?


2-тапсырма:

Бірлік кесіндінің ұзындығы ретінде 1 см-ді алып, координаталық сәулені салыңдар және А(7), В(3), С(5) нүктелерін кескіндеңдер.


3-тапсырма

Үш ағайынды. Арман , Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі класта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім

Қалыптастырушы бағалау: оқушылар бір бірін көңіл – күй смайликтері бойынша бағалайды.

Дескриптор:

- координаталық сәуледе бірлік кесіндіні анықтайды

- координаталық сәуледе берілген нүктелердің координаталарын табады.

-есептің шартын дұрыс құра алады;

- тапсырманың дұрыс шешімдері арнайы мәліметтермен анықталды;



«Жұппен жұмыс» әдісі. Топқа берілген тапсырманы жұп болып орындап, бір-бірін тексереді, топ болып та бір-бірін тексереді.

Координаталары кестеде берілген нүктелерді кескіндеп, оларды латын әріптері арқылы емес, кириллица әріптерімен белгілеңіз.

8

3

1

0

7

6

2

4

9

12

17

15

5

10

13

16

11

14

т

р

о

к

а

н

о

д

а

л

у

с

и

т

ы

ә

а

қ


Тапсырманы орындаған соң оқушыларға координаталық сәуледе алынған жазуды оқуды ұсыныңыз


Қалыптастырушы бағалау: оқушылар бір – бірін бес бармақпен бағалайды.

Дескриптор:

- координаталық сәуледе бірлік кесіндіні анықтайды

- координаталық сәуледе берілген нүктелердің координаталарын табады.












Сабақтың соңы

10 мин

Қорытындылау. Кері байланыс.

«Қарлы боран» әдісі. Бұл әдісті топта немесе сыныптың барлық қатысушыларымен жүргізуге болады.Әр оқушыға жеке – жеке А4 ақ қағазы таратылады. Оқушылар алдындағы қағаз бетіне жаңа сабақ бойынша сұрақтар жазады. Келесі қадамда, қолдарындағы мыжғылайдыжәне қарша боратып бір-біріне атқылайды. Ммұғалімнің «Стоп» сөзінен кейін қолдарындағы қағазды ашып тез арада жауап жазады. Қағазды мыжғылап тағы да боратады. «Стоп» дегенде қайта қағазды ашып сұарқ пен жауапты тексеріп жауаптың бұрыс немесе бұрыс екенін анықтайды.



«Таңдау» әдісі .

  1. Маған сабақ қызықты _____ , қызықсыз болды _____ деп ойлаймын.

  2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____ , үйренгенім аз болды _____.

  3. Мен басқаларды мұқият _____, зейінсіз _____ тыңдадым.

  4. Мен пікірсайыстарға жиі _____ , сирек _____ қатыстым.

  5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын _____, риза емеспін_____ .

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына «+» белгісін қою тапсырылады.



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Сыныпты үш топқа бөлемін. Суреттер арқылы.. Өткенді пысықтауға «Серпілген жауап» әдісі.

Жаңа тақырыпқа «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі, есептер шығартуға «Айналмалы бекет» әдісі, жұптық жұмысқа «Жұппен әңгіме» әдістері.

Қорытындылау.

«Қарлы боран» әдісі

"Таңдау " әдісі арқылы

Барлық оқушылар білетін болады: координаталық сәуле, бірлік кесінді, координата басы, нүктелердің координатасы ұғымдарын түсіндіру; координаталық сәуле сызу және сандарды белгілелеу;

Оқушылардың көпшілігі: координаталық сәуледе кіші сандар және үлкен сандар кескінделетінін түсіну;

Кейбір оқушылар: координаталық сәуледе үлкен сандарды кескіндеу ; есеп шығаруда алған білімдерін тиімді қолдана алу.

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Құндылықтарды бағалаудағы салыстырмалы талдау жасай алулары бағаланады.

Оқушылардың тақырыпты меңгеруі топтық жұптық жұмыс арқылы іске асырылады. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысынды өзін-өзі бағалайды, өзара бағалайды. Мұғалім ретінде мен әрбір тапсырманың орындалу барысында қалыптастырушы бағалаулар және дискрипторлар арқылы бағалап отырамын. Оқушылар сабақ барысында көңіл – күй смайликтер және бес бармақ әдісі арқылы қалыптастырушы бағалаулары арқылы бағалап кері байланыс жүргізіп отырамын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып АКТ құралы интербелсенді тақтаны денсаулыққа зияндылығын және нормативке сай 10 минут қолдану.


Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған сабағым дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай


Төмендегі бос орынды сіздің сабағыңызды сипаттауға пайдаланыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақтың сапасы туралы сұрақтардың ең маңыздыларына жауап беріңіз


Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?














































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!