Материалдар / Ашық сабақ Көркем еңбек

Ашық сабақ Көркем еңбек

Материал туралы қысқаша түсінік
Біді жесең, майды же! Аузында тұрсын жылтылдап. Бірді мінсең, жүйрік мін! Астында тұрсын жылпылдап. Бірі құшсасң, сұлу құш! Жанында жатсын былқылдап. Бір сөйлесең тауып айт! Болсын мәз жұртың сылқылдап. Бір ән салсаң, мұзды ән сал! Елжіресін жан тыңдап. Бәйге алмас шауып бар жылқы, Жүйрігі озар қарқындап. Бір асасаң, талғап жұт! Қақалып қалма қырқылдап. Жабылған соң жас күнің, Жасқа ұмтылма қылқындап! Бай болам деп ойлама! Қойды сүйреп, жылқы ұрлап. Абұйырлымын деп ойлама! Әркімге тиіп, бұрқылдап. Өсек аңдып, сез бағып, Ел қыдырма қылтыңдап! Жалаңаш адам бәрі бір, Киімге күлме сылтыңдап! Сырыңды айтпа сырдаңға, Отырса нанба, жылтыңдап! Жарлыға бол жағымды, Байға тұрма қылпылдап! Көршіге салма күш-қайрат, Қожайынсып, шыңылдап.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2021
430
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аудандық білім бөлімінің басшысы

Б.С. Рамазановтың педагог қызметкерлердің

аудандық тамыз кеңесінде сөйлейтін сөзі


19 тамыз 2016 жыл



Білімді ел – Мәңгі ел!


Құрметті Әділбек Егеубекұлы!
Құрметті тамыз кеңесінің
қонақтары, қадірлі әріптестер!


Қазақ елі – дербестігін әлем мойындаған, бүгінде «Мәңгілік ел» идеясымен қаруланған Ұлы дала елі.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» делінген. Егеменді тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі.

Қазіргі таңда еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты ұстанымы болып отыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқын көрініс табуда.

Бүгінгі құбылмалы, шапшаң өзгермелі заманда «Білім туралы» Заңға қажетті өзгерістер мен толықтыруларды уақытында енгізіп отыру – бүгінгі күннің басты талабы.

Сондықтан да бүгінгі басқосу кезек күттірмейтін маңызды мәселелерді ортаға салатын келелі кеңеске айналған. Яғни, өткен оқу жылын қорытындылап қана қоймай, өздеріңізбен білім беру жүйесінің жаңа өзгерістерімен бөліспекпіз.

Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда.

Осы міндетті жүзеге асыруда облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың көлемі жылдан жылға артып отыр. Биылғы жылғы бюджет 3 млрд. 36 млн. теңгені құрады. Жыл сайын аудан мектептерінің ғимараттарына ағымды жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, оның сыртында биылғы жылы Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебіне 134 млн. 739 мың теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қысқы жылыту маусымына дайындық баса назар аударуды қажет ететіні сөзсіз. Барлық білім нысандарының жылыту жүйелері, шатырлары, есік-терезелері және қазандықтарының жағдайларын тексеру жұмыстары жүргізілді. Құрақсу ауылындағы Қ.Мұқашев атындағы негізгі орта мектебіне қазандық сатып алынып, сыртқа шығарылды. Арасан ауылындағы Б.Сырттанов атындағы орта мектебінің қазандығына 6 млн. 845 мың теңге, Көшкентал ауылындағы Көшкентал орта мектебінің қазандығына 4 млн. 17 мың теңге бөлініп, құжаттары конкурсқа берілді.

Аудандағы 48 білім беру мекемесі ағымды жөндеуден өтіп (бөлінген қаражат 4 млн. 280 мың теңге), жаңа оқу жылына дайын.

Барлық білім беру жүйесінің негізі – мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру болып табылады. Оның маңыздылығын жоғарылату әлемдік тенденциямен ұштасып жатыр.

Бүгінгі таңда 7 балабақша мен мектеп жанындағы 20 шағын орталыққа 1588 бала қамтылған, бұл 75,1 пайызды құрайды (облыс 77,3).

Мектепке дейінгі ұйымдар санын өсіру бағытындағы жұмыстарға қарамастан, ауданымыз облыстық деңгейден төмен, сондықтан да жыл соңына дейін 3 мектеп жанынан шағын орталық, 4 жұмыс жасап жатқан шағын орталық жанынан қосымша топтар ашып, 175 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жоспарланып отыр.

Ағымдағы оқу жылынан бастап 1-сынып оқушылары жаңа стандарт бойынша білім алады. Осыған байланысты орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы мен үш тілділікті енгізу жайында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ төрайымы К.Шамшидинова, Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Э.Сұханбердиева облыс педагогтерімен кездесу өткізіп, жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында білім саласында атқарылатын жұмыстар мен күтілетін нәтижелер туралы пікірлесті.

Жас ұрпақты рухани жағынан байытып, денінің саулығын қадағалап, олардың жалынды да дарынды, айбынды азамат болып өсуіне тікелей ықпал ететін мұғалімдер қауымы екені белгілі. Бүгінгі күні ауданда 1117 педагог еңбек етіп жатыр.

Ұлы педагог К.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін  үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады», - деген екен. 12 жылдық білім беру жағдайында педагог – ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс. Сол себепті соңғы жылдары педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде түбегейлі реформа жүргізілуде.

Бүгінгі күнге дейін аудан бойынша білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында 167 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2012 жылдан бері жаңа жүйе бағдарламасы негізінде 286 мұғалім мен 14 мектеп директоры біліктіліктерін жетілдірді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 19, ал 2017 жылдың соңына дейін 59 педагогтің курстан өтуі жоспарлануда. Әлемдегі үздік тәжірибені меңгерген мұғалімдер  орта мектеп жүйесіне  жаңаша леп әкелуде. Білім беру қызметінің сапасын  жаңа деңгейге жеткізеді деп айтуға толық негіз бар. Алайда, 8 педагогтің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша өткен курста тест тапсыра алмағандығы баршамызды алаңдатады. Атап айтсақ, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі, Тарас, Кеңғарын орталау, Баласаз, Ақтөбе, Шолақөзек, Қызылқайың бастауыш мектептерінің педагогтері тест тапсыра алмаған.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында үш тілді білім беруді дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген. Осы мақсатта ауданда «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында «Үш тілде білім беруді ілгерілету» жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бір уақытта оқытуға көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылу барысында педагогикалық ЖОО-ның 3-4 курс студенттері және ағылшын тілі мұғалімдерін қатыстыру арқылы 5-11 сынып оқушыларына маусым айында Жаздық тілдік мектептер ұйымдастырылды. Барлығы 32 мектептен 645 оқушыға 43 мұғалім мен 13 студент дәріс берді.

Мемлекет басшысы өз жолдауында жас мамандарға «Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» - деп ерекше көңіл бөлді. Біздің ауданымызда да келген жас мамандарға қолдау көрсету, оның материалдық қажеттілігін және кәсіби өсуін қамтамасыз ету-үнемі басты назарда.

2015-2016 оқу жылында ауданға келген жас мамандардың жалпы саны - 112, оның 36-сы мектептерге еңбекке тартылды.

«Дипломмен» ауылға бағдарламасы бойынша 21 жас маман орналасып, оларға 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.

Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алынған 70 баланың тұрмыс жағдайлары тұрақты бақылауда. Оқу жылында 3-уі балалар үйіне орналастырылып, 4 бала қорғаншылыққа және қамқоршылыққа берілді.

Білім беру жүйесіндегі ең басты мәселенің бірі – жалпыға бірдей міндетті оқуды жүзеге асыру, оқу жылы барысында екі рет міндетті оқу айлықтары өткізіліп, онда әр мектеп өз шағын аудандары бойынша есеп жүргізіп, әр жанұядағы балалар есептері сарапталып, қайырымдылық акциялары, жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Бұл шарадан аудан азаматтары тыс қалған емес «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан шығады» демекші бұл акция өз жалғасын алдағы уақытта да табады деп үміттенеміз.

2015-2016 оқу жылы Талдықорған қаласындағы №2 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде денсаулығына байланысты 41 оқушы үйден оқытылды, оның ішінде 27 даму мүмкіндігі шектеулі оқушының барлығы соңғы ақпараттық-техникалық құралдармен толықтай қамтамасыз етілген.

Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.


Құрметті Әділбек Егеубекұлы!


Ауданымызда оқытудың интерактивті нысандарын тиімді қолдануға, білімді ақпараттандыруға баса көңіл аударылады. Қазіргі уақытта 1 компьютерге 5 оқушыдан келеді. «Е-learning» электронды оқыту жүйесі білім беруді дамытуды жүзеге асыратын негізгі бағыттардың бірі болып саналатындықтан, бұл жүйеге ауданымыздың 5 білім беру ұйымдары қосылған. Барлық білім беру ұйымдары 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп, интернет желісіне қосылған, олардың 38-зі (92,7%) кеңжолақты Интернет желісінде жұмыс жасайды.

Өткен оқу жылында мектеп директорларының сұраныстарына сәйкес 31 аудан мектебіне 12 млн.теңгеге мультимедиялық проектор жылжымалы тақталарымен алынды.

Ауданымыздың 25 мектебінде 72 интерактивті тақта орнатылып, 16 мектепте жаңа модификациялы физика (45,7 %), 9 мектепте биология (25,7 %), 8 мектепте химия (22,8 %) және 17 мектепте (48,5 %) мультимедиялық-лингофонды кабинеттер бар.


Құрметті әріптестер!

Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес асыл қазынасы. Ал мұндай мақтан тұтар озық ойлы, дарынды оқушылардың саны жыл сайын артып келеді.

Елбасының тапсырмасына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспарды негізге ала отырып, алған білімдерін кез–келген ортада пайдалана білетін, дарынды балалармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2015-2016 оқу жылында аудандық пән олимпиадасына 573 оқушы қатысты. Барлығы 219 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық пән олимпиадасына 21 оқушы қатысып, оның 14-і (66%) жүлделі орындармен марапатталды.

Талдықорған қаласында өткен облыстық «Зерде» ғылыми жоба жарысына 17 жоба қатыстырылды, нәтижесінде 13 оқушы жүлделі орындармен марапатталды.

«Дарын» ғылыми жобаның облыстық кезеңіне 15 оқушы қатысып, нәтижесінде 10 оқушы жүлделі орынға ие болды.

Облыстық Кіші ғылыми-практикалық конференциясына 16 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындармен марапатталса, Жансүгіров атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ерғазы Жансая физика бағыты бойынша Республикалық кезеңіне қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді, жетекшісі Муналбаева Жазира Рымкабыловна.

Қазақстанның болашақ зиялылары – бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Сондықтан дарынды балалармен жұмысты жүйелі түрде үнемі жандандырып отыру қажет, әр мектепте олардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасалынуы тиіс.

Облыстық Махамбет оқуларына Көшкентал орта мектебінің 10-сынып оқушысы Жетпіс Мадина «Ел құтқарар ер едім...» номинациясы бойынша 2 орынды, Қарашілік орта мектебінің 9-сынып оқушысы Заманбек Назерке «Ұлы арман» номинациясы бойынша 3 орынды иеленді.

Облыстық Абай оқуларына Абай атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Кеңесхан Аяжан қатысып, жүлделі 2 орынмен марапатталды.

Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуында 3 орынды Егінсу орта мектебінің 7-сынып оқушысы Бердалы Еркебұлан иеленді.

Жаңа оқу жылында оқулықтарды және оқу әдебиеттерді бастыру және сатып алу үшін республикалық бюджеттен 60 млн. 387 мың теңге бөлінді.

Аудан бойынша оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. 2016-2017 оқу жылына 1 сыныпқа келетін оқушы санына сәйкес жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтар 5 баспадан алынды (Атамұра, Алматыкітап, Мектеп, Еdustream, Бөбек баспаларынан).

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «...балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» - дей келе, елдің ертеңі – ақылды да дарынды, айбынды да парасатты, білікті де білімді жастар қолында екендігі баса назар аударып, білім қызметкерлеріне зор міндет жүктеген.

Қоғам да

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ