«Бейнеу ауданының
әкімдігінің «Құлшар Бақтыбайұлы
атындағы
Бейнеу өнер
мектебі»МКҚК
Ашық
сабақ
Тақырыбы:
Көркем образдағы қазақ
фольклоры.
3
сынып
Мұғалім:Н.Тыныштықова
2018-2019 оқу
жылы
Тексерілді
Мектеп директорының оқу
жұмысы
жөніндегі орынбасары
__________________
Ж.Кубегенова
« ___»
_____________________
Пәні: Композиция
Күні: 15.11.2018ж
Уақыты: 9:40-11:15
Сағат
саны: 2
Сыныбы: 3
Тобы: I
Оқушы
саны: 14
Сабақтың
тақырыбы: Көркем образдағы қазақ
фольклоры-
-
сағат
Машықтық жұмыс: Қазақ
халық ауыз шығармашылығының
сарындары бойынша (қазақ
дастаны,
халық ертегілері
,мақалдар,қазақтың
ұлттық салт
дәстүрлері
тақырыптарына
композициялар.
Сабақтың мақсаты: Қазақ
халық ауыз шығармашылығымен
оқушыларды кең көлемде
таныстыру, сол
бойынша жұмыс
жасау.
1.Білімділігі:
Оқушылардың композиция
пәнінен
білімдерін жетілдіру, еркін
тақырыпта
сурет салып,түспен жұмыс
жасауға
үйрету
2.Тәрбиелігі:
Оқушыларды тазалыққа,
шыдамдылыққа
инабаттылыққа
тәрбиелеу.
3.Дамытушылығы:
Оқушылардың ойлау
қабілеттерін,
ой-өрістерін дамыту,
арттыру.
Сабақтың
түрі: ашық
сабақ
Сабақ
әдісі: а) теориялық , б)
машықтық
Сабаққа қажетті
құралдар
мен
көрнекіліктер: А3
формат,карандаш,өшіргіш,кнопка,
пастель,корточкалар,гуашь,
акварель,палитра,көрнекі
плакаттар,т.б.
Сабақтың жоспары: I
Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын
тексеру
III Жаңа
сабақ
а)теориялық
б)машықтық
IV
Қорытындылау
V Үйге
тапсырма
VI
Бағалау
VII Сыныпты
жинақтау
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
Сыныпты жабдықтау, оқушыларды орындарына
отырғызу,оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға
белгілеу.
II.Үй тапсырмасын
тексеру.
Қазақ ертегілері бойынша эскиз салып
келу.(гуашпен,акварельмен
бояп келу)
Үйге берілген тапсырманы тексеріп , кемшілігін айтып,
бағалаймын.
Үй тапсырмасна қосымша жалпылама бейнелеу өнері бойынша
мағлұматтарды еске түсіріп жіберейік?
Бейнелеу
өнері
Түрлері
Жанрлары
Композиция
III.Жаңа сабақ
Көркем образдағы қазақ
фольклоры
а)теориялық
Көркемдік білім берудің бір бағыты композиция
заңдылықтарын бейнелу өнері сабақтарында оқыту болып
табылды.
Композициялық сурет салу – шығармашылық іс-әрекетке
жатады.Шығармашылық жұмыс , білім мен ой әрекетін қажет
етеді.
Композиция ұғымы бейнелеу өнерінің тарихы , сурет,
кескіндеме ,сәндік қолөнер, дизайн бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
пәндерімен тығыз байланысты.
Композиция дегеніміз- латынның «сomposito», «ойлап табу»
, «құрастыру» деген сөзінен шыққан ұғым.Композицияны бейнелеу
өнеріне ,кескіндеме,графикаға қатысты айтатын болсақ картинадағы
айтайын деген ойды жеткізу үшін ,жаңа ойды білдіретін көріністер
айшықтап алып көрсете білу ,көріністегі айтатын ойды аша түсу үшін,
қосымша бейнелер беріледі, уақыт пен кеңістік көріністері жарық пен
көлеңке мүмкіндіктері арқылы беріледі.
Композицияның негізгі
талабы – шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет,
кескіндеме, роман, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін
біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы
дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма
жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу
керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты
құрады.
Композиция суретші үшін
негізгі мақсат емес екенін ескерту қажет, өйткені композицияның
негізгі мұраты – суретшінің идеялық ойын
көрсету.
«Перспектива» сөзін латын
тілінен аударғанда «анық көремін» деген мағынаны білдіреді.
Перспектива сурет салушыға кез келген бейнені өмірде қалай көрсек,
дәл солай бейнелеуге мүмкіндік
туғызады.
б)
машықтық. Қазақ халық ауыз шығармашылығының сарындары бойынша
(қазақ дастаны, халық ертегілері ,мақалдар,қазақтың ұлттық салт
дәстүрлері
тақырыптарына
композициялар.
Станокты көркемөнер
жанрларындағы фольклор : тарихи, мифологиялық және тұрмыстық.Тілдің
байлығы,әлеуметтік түрлердің әралуандылығы, даналық, қазақ
ертегілеріндегі, эпосындағы және халық ауыз шығармашылығындағы
ғибраттылық пен әзіл-оспақ.Қазақ халқының тұрмысы, үй жиһаздары,
халық билері мен ойды фольклорлық шығармалардың ажырамас бөлігі
ретінде бейнелеп көрсете білу.
Берілген тақырыпқа
композиция құру үшін ең алдымен эскиз
дайындаймыз.
Бүгінгі тақырып қазақ
дастаны ,мақалдар, ұлттық ойындар,салт дәстүрлер бойынша А3форматқа
эскиз салу.Сіздерге тақтада ұлттық нақыштағы оюлар берілген ,осы
оюлардың астында әр топқа тақырыптар берілген.Әр топ тақырыпты
таңдап алып,осы тақырып бойынша жұмыс
жасаймыз.
Эскиз болашақ шығарманың
түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанмен, мұнда суретші нобайға
қарағанда көбірек еңбек сіңіреді.
Гуашь – желім араласқан
бояу. Оның құрамындағы желім байланыстырғыш қызмет атқарады.
Сондықтан акварель сияқты гуашьпен жұмысты негізінен қағазда немесе
картонда орындайды. Ал айырмашылдығы гуашь түстері бірін – бірі
жабады, мөлдір емес. Гуашь бояулары кепкен кезде ағарады. Бұл
әсіресе затқа қарап салынған кезде кейбір қиындықтарды
туғызады
Акварель бояуының басты
ерекшелігі сумен араластырғанда суды басымрақ қосамыз. Ұшы жұмсақ
қылқалам пайдаланамыз. Алдымен салынуға берілген қандай да бір
дененің сызбасын сызықтық бейне арқылы суреттеп алғаннан кейін
акварельмен жазып бастаймыз. Әр заттың өзіндік түсін бергеннен
кейін аз уақыт кептіреміз. Акварель бояуының тағы бір жаққан да
ұқыпты мұқият қана жағу қажет содан кейін барып, заттардың
көлеңкежылтын, түспе көлеңке, меншікті көлеңкелерін
белгілейміз. Бояумен жұмыс жасай отырып,
заттардың жарық, көлеңкесін, көлемін, пішінін материалын т.б.
шығарып, жұмысымызды аяқтаймыз.
IV.Қорытындылау
Бүгінгі сабағымызды
қорытындылап суретші құралдары тақтасындағы жасырын сұрақтарға
жауап берейік?
1.Композиция дегеніміз
не?
2.Перспектива дегеніміз
не?
3.
Композиция нешеге
бөлінеді?
4.Эскиз дегеніміз
не?
5.Композицияның негізгі
талабы?
6.Гуашь қандай
бояу?
7.Акварельмен бояу
тәсілдері?
8.Жарық дегеніміз
не?
9.Көлеңке дегеніміз
не,нешеге бөлінеді?
10. Жалпы адам бейнесін
салуды не дейміз?
11.Меншікті көлеңке
дегеніміз не?
12.Түспе көлеңке дегеніміз
не?
V.Үйге
тапсырма.
Үйден тақырып бойынша
эскиздер салып келу..
VI.Бағалау
VII.Сыныпты
жинақтау
15.11.18
күні
сағат:
9:40-та
Н.Тыныштықованың композиция
пәнінен «Көркем образдағы қазақ фольклоры» атты ашық сабағы
өтеді.