400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. "Логика әлемі" қолданбалы курсы. 5-сынып. Сиқырлы фигуралар.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Логика әлемі", "Математикалық сауаттылық" курстарын оқитын 5-сынып оқушыларына арналған сабақ. Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Логика әлемі" курсының сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Геометрия

Мектеп: Жезқазған қаласындағы "Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі"

Күні: 19.01. 2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жакупбекова Г.М.

Сынып: 5 Д

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сиқырлы фигуралар

Сабақ мақсаты

- есеп шартын түсіну және соған сәйкес әрекет ету;

- шаршының периметрі мен ауданын есептей білу;

- шығармашылық ойлай алу.

Бағалау критерийі

  • фигураларды анықтай алады;

  • шаршының периметрі мен ауданының формуласын біледі, есептей алады;

  • шығармашылық ойлай отырып, өз идеяларын жүзеге асырады

Тілдік мақсаттар


Оқытудағы тілдік мақсаттар: логикалық тапсырма шартын түсіну

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

"үшбұрыш", "фигура", "периметр", "аудан", "Эйлер графтары"


Құндылықтарға баулу


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоюға баулу

Пәнаралық байланыс

Тапсырмалар негізінде тарихпен

Алдыңғы білім


Шаршының ауданы, периметрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі: оқушы зейінін шоғырландыру. Ширату жаттығуы: "Боди-арт"әдісі арқылы соңғы оқушыдан бастап әрбір оқушы алдыңғы оқушының арқасына геометриялық фигураның суретін салады. Алдыңғы мен соңғы оқушы салыстырылады. Кімнен қате кеткені анықталады.

Тапсырмаға байланысты бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Сабақтың ортасы





5 мин





2 мин



8 мин







4 мин










5 мин




















5 мин

1-тапсырма. Суретте қанша үшбұрыш бар?


/18/


(Ж) «Ойлан-бөліс» әдісі жұпта оқушылардың тапсырманы талдай отырып бірлесе орындауына негізделген.


ҚБ: "Жұлдызша" әдісімен жұптар бірін-бірі бағалайды, алған жұлдызшаларының көлеміне байланысты.


2-тапсырма. Суретте пәтердің сызбасы кескінделген. Әр бөлме нөмірленген шаршы кескінде. Р1= 20 см, Р2= 12 см,

а) Р3= ?

ә) Р4= ?

б) пәтердің ауданы қанша?


(Т) "Галереяны шарлау" әдісі. Талқыланған есепке дайындалған постер бойынша қорытынды жұмыс ұсыну, идеяларын қорғау.


ҚБ: "Пікір алмасу"әдісі. Топтар жұмыстармен танысады, бағалау өлшемдері бойынша бағалап, пікірлерін стикерлерге жазып жапсырады. Сыныптастарының  пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.


(ЖК) 3-тапсырма. Сызықтың әрбір бөлігі бір рет қана сызылып, қарындаш қағаз бетінен ажыратылмай, үздіксіз сызылатын графтар Эйлер графтары деп аталады.

Эйлер графтарын үздіксіз сызғанда:

1) қарындаш қағаз бетінен ажыратылмау керек;

2) сызықтың әрбір бөлігі бір рет қана сызылу керек.

Фигураны дәптерлеріңе қарындашты қағаз бетінен ажыратпай, үздіксіз сызып көшіріңдер.










ҚБ: "Жұлдызша" әдісімен оқушы өзін-өзі бағалайды,


(Т) 4-тапсырма. Танграм ойыны. Жеті жазық фигурадан адам, жануарлар, түрлі заттар құрастыратын басқатырғыш.

ҚБ: "Жұлдызша" әдісімен топтар жасаған заттарының сапасына, санына байланысты жұлдызша береді.




Сурет

Жұлдызша















Сурет
















слайд

Жұлдызша



















Фигуралар қиындысы

Жұлдызша


Сабақтың соңы

3 мин





















3 мин

Геометриялық фигуралардан құрастырылып жасалған қандай мемлекеттік маңызы бар эмблеманы білесіңдер?

Жауап:


2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген. Білімнің салтанат құруы бағытында: "Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді"- деп атап көрсеткен.


Үйге тапсырма: "Таңғажайып фигуралар" тақырыбына реферат жазу.

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?




слайд




















Саусақ сызбасы

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


1-тапсырманы орындауда "Қарқын" тәсілі арқылы көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі

2-тапсырма барысында "Диалог және қолдау көрсету" тәсілімен кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек беріледі.


"Жұлдызша" әдісі

"Пікір алмасу"


Топқа бірігу барысында парталардың дұрыс қойылуы, оқушылардың орнының денсаулығына кедергі келтірмеуі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
1468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі