Материалдар / Ашық сабақ. М. Жұмабаев «Түркістан» поэмасы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. М. Жұмабаев «Түркістан» поэмасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу, ақындық даралығын ұғыну. "Түркістан"өлеңіндегі ақын көтерген тақырыптарды ашу, балаларды ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. Оқушының тіл байлығын жетілдіру, тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2024
140
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№ 185жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты


мұғалімі: Ләйлә Дегенбаева Дүйсенбекқызы

М. Жұмабаев «Түркістан» поэмасы.

Мақсаты

 Мағжан Жұмабаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу, ақындық даралығын ұғыну. "Түркістан"өлеңіндегі ақын көтерген тақырыптарды ашу, балаларды ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру. Оқушының тіл байлығын жетілдіру, тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу

Міндеті

1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.
2. Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы ену.
3. Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.

Күтілетін

нәтижелер

1.Әр оқушы өзіндік пікірін жеткізуге дағдыланады;

2. Топта жұмыс жасауға үйренеді.

3. Көшбасшылық қабілеті ашылады

Сабақтың түрі

Жаңа білімді өздігінен меңгеру

Пәнаралық байланыс

Тарих,география

Қолданылатын әдістер

Блум таксономиясы, СТО

Керекті жабдықтар

А4, А3 қағазы, маркер, стикерлер.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

2 мин

Сынып оқушыларын қала аттарымен топқа бөлу. Алматы,Астана,Түркістан,Отырар.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасы: Топтық жұмыс.Әр оқушы бір-бірін қайталамай тың мәліметтер айтады.Арнайы тапсырма түртіп алу стратегиясын қолдана отырып кестені толтыру.

«Жылдар сөйлейді» әдісі арқылы
Мағжан Жұмабаев : 
1893,1905-1910,1913-1917,1923,1926, 1913,1927,1925,1936,1937,1938;

Әр топ үйге берілген тапсырма бойынша 1-топ М.Жұмабаев өмірі,2-топ Мағжан шығармашылығы ,3-топ Мағжан туралы айтылған ой пікірлер, 4-топ Танымдық деректер.

Мағжан Жұмабаев өмірі
1905 - 1910 ж - Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М. Бегішевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.
1909 ж - Баспадан шыққан Абай өлеңдерін оқып, «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды..
1910 - 1913 ж. - Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды.
1913 - 1916 ж - Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
1923 - 1926 - Мәскеудің әдеби көркем институтында оқыды.1923 жылы «Түркістан» өлеңін жазды.
1913ж.- Қазан қаласында “шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.
1927 ж - Елінде оқытушылық қызметпен айналысады
1925ж - “Алқа” әдеби үйірме ұйымдастырады.
1936ж - Концлагерьден босанып шығады.
1937 ж - Озбыр топтың қолына түседі
1938 ж 19. 03 - “халық жауы деп жала жауып, атып тастайды.Бес арыстың бірі.
50 жылдан кейін - Ақын аты елімен, жерімен, ұрпақтарымен қайта қауышты

Мағжан кім? Ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, Алаш ардақтысы.
Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т.б


 Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында

Мағжан – ұлы ақын

Мағжан – лирик, сыршыл ақын

Мағжан – эпик ақын .

2-топ Мағжан шығармашылығы 

Ақын

Зерттеуші

Аудармашы

Жазушы

Өлең

Поэма

Анама”

Батыр Баян”

Педагогика”

Ақ боз ат”

Шолпан ның

күнәсі

Толқын”

Түркістан”

Бернияз Күлеев”

Большевик балсы”

Сүйе мін”

Қойлы байдың  қобызы”

«Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні»

И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В. Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, И.И.Дмитриев, А.А.Блок өлеңдерін, А.М.Горький, В.В.Иванов, Д.Н.Мамин-Сибиряк әңгімелерін қазақ тіліне аударған



Сағындым”

«Қорқыт»,

«Жүсіп хан»

"Сауатты бол"

«Оқжетпестің қиясында»

«Өтірік ертек»

«Тоқсанның тобы»,

3-топ.Кездесу мен оқиғалар

Міржақып Дулатов 1911 жылы Қызылжарда көрнекті ақын-жазушы, журналист М. Дулатовтан  бір қыс орыс тілінен дәріс алады.

Мұхтар Әуезов Мағжанның ақындығын аса жоғары бағалап, таңырқанған .     

  М. Әуезов былай деген: «…Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан әрине Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан… Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан культурасы зор ақын.»

1913 жылы ол Ахмет, Міржақыптардың жөн сілтеуімен Омбыдағы оқытушылар семинариясына оқуға түседі, сонда болашақ ұлы ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинмен танысып, бірге білім алады.

1917 жылы ол семинарияны алтын медальмен тәмамдаған.

«Педагогика»

       1922 жылы Орынборда жарияланған ең үлкен ғылыми еңбегі – «Педагогика» Бұл еңбекті ақын балаларды, жастарды тәрбиелеу ісіне аса қатты мән беріп жазған.

Қызылжар

1905-1910 ж.ж. Мағжан Қызылжардағы мұсылман медресесінде оқиды. Білімге құныққан Мағжан Бегішев медресесін бітіргеннен кейін, Уфа қаласындағы «Медресе-Ғалияға» келеді. Қызылжарда тағдыр жазып, көрнекті ақын-жазушы, журналист Міржақып Дулатовтан бір қыс орыс тілінен дәріс алады, ұстазының көмегімен классикалық әдебиет үлгілерінен сусындайды. А.С. Пушкин,

М.Ю. Лермонтовтың өзіне ұнаған жекелеген өлеңдерін аударып, ақындық қуатын шамалап көреді. 1917 жылы Шоқанның інісі Жақып төренің қызы – сұлу Зейнепке

үйленеді. 1919 жылы Зейнеп балаға босану кезінде қаза болады. Азамат есімді ұлы бір жасында шетінеп кетеді. 1921 жылы Ақмола Губерниялық «Бостандық туы» газетіне редактор болып тағайындалады. 1927 жылы кеңес партиялық мектебінде және қазақ-орыс педагогикалық техникумда ұстаздық етеді. 1929 жылы шілде айының бас кезінде Қызылжардағы өз үйінде тұтқындалады. 1936 жылдың қыркүйегінен бастап Пушкин атындағы № 7 орыс орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Педтехникумда да уақытша сабақ береді. 1937 жылы қаңтар айының соңынан бастап ұстаздық қызметінен айырады. 1937 жылдың наурызында Мағжан Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға жүріп кетеді.

Ұлжан Жұмабаева

Ұлжан Жұмабаева ақын Мағжан Жұмабаевтың немересі. Ол Мағжанның қара шаңырағында өсіп, тәрбиеленді. Ақынның адал жары болған Зылиха Мағжанның басына түскен барлық ауыртпалықты оқып жүрген кезінде де, 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған тұста да, лагерьде айдауда болған жылдары да онымен бірге бөлісіп өтті. Ол Мағжанның ағасының немересін Ұлжанды асырап алған болатын.

Ой қозғау. Ой шақыру .Олай болса, мына суретке көңіл бөлейік.Түркістан қаласының суретін көрсету. Не білеміз? Бұл қай қала? деген сұрақ арқылы тақырыпты ашамыз.Қай жерде орналасқан? Картамен жұмыс.

Слайд:М.Жұмабаевтың өлеңінен үзінді.

Түркістан – екі дүние есігі ғой.

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңір берген несібі ғой.

М.Жұмабаев.

Кіріспе

Түркістан” сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?

ІІІ. Жаңа сабақ

III. Мағынаны ажырату. 1. Сабақтың мақсатымен таныстыру

Түркістан қаласымен таныстыру.

Слайд: Түркістанның картасы, Түркістан мен Меккенің суреттері. Түркістан шаһары Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ол 18 ғасырда Оңтүстік Қазақстанның астанасы болған. Түркістан ертеде Шам, Тұран, Шабғар, Йасы деп аталған. «Түркістан» сөзі «Түріктер мекені» немесе «Батырлар елі» деген мағынаны білдіреді.Түркістан – қасиетті рухани қала. Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Оны Меккемен салыстырады. Мекке Сауыт Аравиясында орналасқан. Адамдар Меккеге қажылыққа барып, тілек тілейді. Егер Түркістанға 3 рет барсаң, Меккеге 1 рет барғанмен тең болады. Ақынның бізге үлгі - өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен - ақ Түркістан жерінің тарихы тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.
М.Жұмабаев «Түркістан» өлеңін 1923 жылы жазды. «Түркістан» өлеңі- Мағжанның Шығыстық,Тұрандық өлеңдерінің шыңы және Мағжанды түрікшілдікпен айыптатқан туынды.
Отанын сүйген ақын көк түріктерді өзгелерден өзгеше көреді. Ақынға сенер болсақ, дүниеде түріктен асқан халық жоқ. Шаңқобыз шабытына мініп, қиял көгінде шарықтаған ақынды туған халқын соншалықты сүйіп, жырға қосқандығы үшін кінәлау қиын.

Поэма дегеніміз не?\грек-туынды\-орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған ,не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды ,алуан-алуан адамдар тағдыры мен заман шындығын көлемді, өлеңмен суреттейтін жанр.Поэма-белгілі бір оқиғаны жыр,толғау түрінді өлеңмен баяндайды.

Білу. Оқулықпен жұмыс.

1.Өлеңді тізбектеп,мәнерлеп оқу.

2.Әр шумағына талдау жасау.Тарихи тұлғаларға түсінік беріледі.

Сонымен біз міне, көздің жауын алып тұрған әдемі, сұлу да сырлы Түркістан қаласымен таныстық.Осы «Түркістан» өлеңі бойынша жоспар құрайық.

1-тапсырма  Өлеңге жоспар құру.
1.    Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.
2.    Тұран жері – түркілер елі.
3.    Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.
4.    Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.
5.    Туған жер – тұғырың.

Топтық жұмыс орындайды. Дәптерге жазады.

2) Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің? (Түрік – ұлт атауы, түркі - туыстас халықтар атауы)

Дәптермен жұмыс.Тақтамен жұмыс.

2-тапсырма Топтық тапсырма.

1.Алматы тобы-өлеңге сатылай талдау жасау.

2.Отырар тобы –әр шумаққа ат қою.

3.Түркістан тобы-өлең құрылысына талдау.

4.Астана тобы-семантикалық карта.Көркемдегіш құралдарды өлеңдегі метафора,эпитет, теңеу табу.Ережесіне тоқталу.

1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.


3                           4                   4

Шер батса// кім  іздемес//туған елін, а

3                     4                       4

Тұлпар да // көксемей ме  // туған жерін? а

3                        4                      4

Арқаның // ардагері – //  қалың алаш, б

3                        4                       4

Тұран да // біле білсең,  // сенің жерің! а


Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. 


Семантикалық карта

Сөздер

Эпитет

Теңеу

Метафора

Ер түрік

+



Арқаның ардагері –қалың алаш,



+

нажағайдай


+


кең ақыл,

+



отқа ұқсап



+

отты қайрат

+



Алаштың арыстаны.



+

жүйрік қиял.

+



Түркістан – екі дүние есігі ғой,

От болып туған



+

Түркістандай


+


 Ақын өлеңіндегі көркем тіл шеберлігіне көңіл аударту.
1-топ Өлеңдегі метафора, эпитет, теңеулерді таптыру. Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны.

Топтық жұмыс орындайды. Дәптерге жазады.

Поэма мәтінін мәнерлеп оқу және әр шумаққа ат қою.

1 шумақ - Түркістан – екі дүние есігі ғой.

2 шумақ - Тұран – ер түрік мекені.

3,4,5,6 шумақтарда – Тұран табиғаты.

6,7 шумақтарда - өзен-көлдері, жер-су аттары – Оқыс, Яқсарт - Жейхун- Сейхун - Амудария - Сырдария

8 шумақта – Тұран таулары Тянь-Шань,Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.

 Сонымен біз міне, көздің жауын алып тұрған әдемі, сұлу да сырлы Түркістан қаласымен таныстық.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Поэмаға сатылай кешенді талдау жасау.
1. Авторы: Мағжан Жұмабаев. 
2. Тақырып: «Түркістан» поэмасы,  бұл - тарихи туындының іргетасы, тарихи поэма. Тарихи поэма – бұл белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың 
сәулесі. 
3. Жанр түрі: өлең, поэзия, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір 
өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып 
келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы: автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін 
суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан 
бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді. 
5. Поэма 8 шумақты. Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 
6. 32 тармақты. Тармақ – өлеңнің әр жолы. 
7. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: өлеңде туған жерді, Отанды сүю, қорғау, тарихи тұлғаларды біліп, оларды құрметтеу.


Түсіну

1) Түркістан қайда орналасқан?

2) Түрік және түркі сөздерінің мәнін қалай түсінесің? (Түрік – ұлт атауы, түркі - туыстас халықтар атауы)

3) Поэмада «Алаш» деген сөз жиі кездеседі оны қалай түсінесің?

Қазақстанның Елордасы болған Түркістан мен Астана қалаларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыз.

Неге Түркістан қаласы екінші Мекке деп аталады? Өз ойыңызды 3 минуттік эссе түрінде жазыңыз.

V. Ой толғаныс. Жаңа сабақты қорыту.

Өлеңдегі тарихи тұлғаларды атаңыз. Түркістандағы тарихи ұлы тұлға Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің суреті

Қожа Ахмет Йасауи кесенесін Орта Азияның әміршісі Әмір Темір салдырған. Ол бұл кесенені философ, ақын, екінші әулие Қожа Ахмет Йасауиге арнаған.. Осы құрылыс 10 жыл салынған. Сәулет біртұтас болып көрінгенмен, 8 бөліктен, 35 бөлмеден тұрады. Бұл бөлмелерде кітапхана, мешіт, асхана, құдық, тайқазан бар.Кесененің қабырғалары мен күмбездері көркем ою-өрнектермен, әсем мозаикалармен көмкерілген.

Слайд: тарихи тұлғаларды атаңыз

Шыңғыс хан Есім хан Кенесары хан Әл-Фараби.
Мағжан Жұмабаев – қазақ әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі болған. Мағжан – әдебиетте қайталанбас өзіндік қолтаңба қалдырған дарынды тұлға.Түркістан қаласы - тарихын тереңнен алатын, ежелгі қалалардың бірі. Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Ата-бабаларымыздың тарихын білу – әрбір адамның парызы.

Жинақтау.

4-тапсырма .Топтарға бөлініп, өлең мазмұнына сәйкес «Оңай-қиын» тәсілімен сұрақтар құрастыру.Мәселен, оңай сұрақтар дегеніміз-мәтінде жауабы бар сауалдар.Ал қиын сұрақтардың жауабы өлең жолдарында жоқ,өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады,өз ойын пікірін білдіреді. М.Жұмабаев «Түркістан»



Оңай сұрақтар


Қиын сұрақтар


1.    «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)

   Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде?


(«Бабаның  басына барып қайту-үлкен сауап», - деп саналады)

Берілген сұраққа жауап береді, ойларын айтады.


Қорытынды.

Өлең бойынша ойымызды жинақтау.

Өлеңнің тарихилығы,Бүгінгі өмірмен байланысы,Әлеуметтік-саяси жақтары,Тәрбиелік мәні.

Рефлексия

5 мин

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім.Екі жұлдыз,бір тілек.

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырады.

Үйге тапсырма

«Түркістан» өлеңінен 10 шумақ жаттау

Бағалау.Топ басшылары.

Топ мүшелері берілген тапсырмалар бойынша жинақтап, бірі-бірін бағалау.

Топ бір-бірін бағалайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!