Материалдар / Ашық сабақ "Мақал - мәтел"

Ашық сабақ "Мақал - мәтел"

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
3545
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 28.11.2018

Тобы: кіші топ

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтел
Сабақтың мақсаты: а) салт дәстүрді сүюге тәрбиелеу ә) өтілген мақал-мәтелдерді еске түсіру, мағынасын ашу б) мақал мен мәтелдің айырмашылығын ұғындыру 
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру 
ІІ Жаңа сабақ
 
- Біздер әрбір тақырыптарды оқыған сайын мақал-мәтелдерді көптеп кездестіріп отырамыз. 

Ерте,ерте ертеде бір Әдебиет деген қария болыпты.

Әдебиет қарияның төрт ұлы болыпты. Олар: Жаңылтпаш, Мақал – Мәтел, Жұмбақ

Мақал мен Мәтел егіз болыпты. Екеуі бірге жүрмесе бөлек жүре алмайтын болған.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер — өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі. «Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.

Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: «Кең болсаң,кем болмайсың», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені, Еменнің иілгені-сынғаны».

- Балалар, мақал өте ертеден келе жатқан,мағынасы өте кең бір немесе екі тармақтан құралған,қара сөз немесе өлең сияқты ұйқасты болып келген қысқа ғана нақыл сөздер. Мақалда жалпы айтайын деген ой белгілі болып тұрады. 
Мәтел-мақалға ұқсас,ықшам келген нақыл сөз. Бірақ, айтайын деген ой тұспалдап жеткізіледі. Сөздері өткір келеді. Мақал мен мәтелді шығарған –халық. Ерте заманда елді билеп тұрған билер мен шешендердің,дана адамдардың аузынан шыққан ақылды сөздерді қазақ азаматтары қасиеттұтып, ауыздан-ауызға таратып келеді.

Мәтел – ой-бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді»«Әлін білмеген әлек».Мақалдар негізінен тура мағынасында ұсынылса,мәтелдер астарлы мағынада түсініледі. 

Бала өсіруде,тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға,жеткіншектерге арнады.Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған «Бала-бауыр еті,көздің нұры» деп босқа айтпаған.Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен.Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды.

«Оқу- білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.

«Оқу – білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімділіктен туатынын айтады. «Ақыл- тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен» деп білімнің таусылмайтынын  сан рет ескертеді.

Бірақ мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес, ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесінде болатынын ескертеді.

«Білім қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып, жасөспірімдерге әдейі айтылған.

«Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой» деп сөйлегенде ойланып, сауатты сөйлеуге үндейді.

«Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады» деген нақыл сөзде де суретті әңгімелеу, баланы сөйлете білу. Сонда ғана баланың тіл байлығы дамиды.

«Кітап алтын қазына» деп кітап арқылы бала білімді, еңбекқор, тәрбиелі болуына ықпал ететінін айтады.

Мақал-мәтелдер-ертек, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр.Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.

«Көре-көре көсем боласын, сөйлей-сөйлей шешен боласың», деп еңбектенудің, алаптанудың, үздік әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жасөспірімдердің сенімін арттырып, өздерін ынталандыра, қызықтыра түседі. Балалардың көңілін серпітіп, қанатына су бүркіп, эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді.Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.

Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы «Ата балаға сыншы» деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір.Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден- бір даналық сөз.

Ыбырай Алтынсариннің «Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш баламен ойнамайды» дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.

Өкініш естен кетпейді ,бір тойғаның түске жетпейді.«Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар» деп жастардың намысына тие, ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.

Мысалы,біз Отан туралы, туған жер,еңбек,оқу, өнер тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдерді оқып ,жаттадық Енді осы мақал-мәтелдерді қайталаймыз. 

Мағынаны тану (Оқушылармен жұмыс)
І. Көрініс «Егінші мен қасқыр» ертегісі (бейнеролик көрсетіледі)
- Балалар ,осы егінші мен қасқыр туралы не айтуға болады ? (егінші еңбек етеді, қасқыр-жалқау,еріншек)
- Әрине, еңбек деген сөзді бәріміз де жақсы түсінеміз, еңбек-тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күнде өмір сүруге болмайды.Жеп отырған тамағымыз,киіп отырған киіміміз-бәрі де еңбекпен келеді. Ал ,еңбек еткісі келмейтін адамды жалқау дейміз. Жалқаулық,еріншектік сияқты қасиеттерден Абай атамыз айтқандай ,қашуымыз керек. Олай болатын болса, еңбек туралы,еріншектік туралы,жалқаулық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік (мағынасын аша кету) 
1. Еңбек етсең,ерінбей
Тояды қарның тіленбей (тіленбеу)

2. Еңбектің наны тәтті 
Жалқаудың жаны тәтті.(еріншектік)

3. Еңбек етсең -емерсің (өнімін аларсың)

4. Қыс қамын жаз жина (ертерек дайында) 
-Жақсы еңбек туралы көптеген мақал-мәтелдер білеміз екен. Енді мына бір көрініске қаралық. 

Суретпен жұмыс
- Бұл оқушыны қандай оқушыға жатқызамыз? (әдепті)
- Әдептілік дегеніміз не? (жауап алу)
- Әдептілік дегеніміз бұл тіл алғыштық, сыпайылық, көргенділік, инабаттылық, т.б сүйкімді қылықтар. Егер, сен әдепті болып өссең, ата-анаң қуанады, ал анаңның тілін алмасаң ,өзіңнен үлкен адамға сәлемдеспесең, бір нәрсені бүлдіріп алсаң да кешірім сұрамасаң, әрине сені әдепті бала деп айтпаған болар еді. 
- Ал, әдепті бала, әдепсіз бала туралы мақал-мәтелдер айтайық .

1. Әдепті бала – арлы бала 
Әдепсіз бала-сорлы бала.

2. Жақсы бала –қуаныш
Жаман бала-өкініш.

3. Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

4. Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.

5. Ұқыптының тоны тозбас
Ұқыпсыздың ісі оңбас.

6. Өтірік сөз өрге баспайды.

7. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

3. Балалар мақал-мәтел өте көп. 
«Мен бастайын,сен аяқта» ойынын ойнату.
-Бір оқушы мақалдың басын бастайды да, екінші оқушы жалғастырады. 

«Ер қанаты-ат» деп қазақ халқы үнемі атты көлік етіп, ата –бабамыз, яғни батырлар аттың арқасында сан рет жеңіс туын желбіреткен.

«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақалда досың көп болса ешкім саған қарсы тұра алмайды, ал ақылың көп болса ешқандай да дауға қалмайсың дегенді білдіреді.

«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын» деген мақалда ақшаға сатылма оданда досын көп болсын.

Қорытынды 
-Сонымен, мақал-мәтелдердің тіліміздегі рөлі қандай?
-Мақал-мәтелдер қандай түрде айтылады?
-Ол бізге нені үйретеді?

Үйге тапсырма: мақал – мәтелдер жаттау























Аудандық «Оқушылар Сарайы»ММ

















Ашық сабақ

Мақал-мәтел









Аминова Айгерим Юсупқызы

















2018-2019 оқу жылы

Шалқар аудандық «Сазды өнер» музыка - эстетикалық бағытындағы бірлестік мүшелерінің өткізген ашық сабақтарын талдау

Хаттама

Күні: 28.11.2018 ж

Күн тәртібіндегі қаралатын мәселе:

«Жас өнерпаз» драма үйірмесінің жетекшісі: Аминова Айгеримнің «Мақал-мәтел» тақырыбындағы ашық сабағының талдауы

Сабақтың мақсаты:

а) салт дәстүрді сүюге тәрбиелеу ә) өтілген мақал-мәтелдерді еске түсіру, мағынасын ашу б) мақал мен мәтелдің айырмашылығын ұғындыру 

Ашық сабағыма кіші тобымдағы оқушыларым қатысты. Сабағымның бірінші сағаты. Оқушыларға мақал-мәтелдерді қалай қолдану керектігі жайында толық ақпарат бердім. Ойлаған мақсатыма жеттім .

Шығып сөйлеушілер:

Дизайн үйірмесінің жетекшісі – Алмағамбетова Айгерим: Айгеримнің ашық сабағы маған өте жақсы болды. Сабақ жүйелі құрылған және де уақытын үнемдеп пайдалана білді.

Дизайн үйірмесінің жетекшісі – Мұрзағали Гүлжанат: маған Айгеримнің сабағы ұнады және сабағы мен уақытын үнемдеп қолдана білді, оқушымен байланыс аздау болды.

Ағылшын үйірмесінің жетекшісі - Алдашева Айғаным : Айгерим апайдың сабағы ұнады. Тәрбиелік жағы өте жақсы ашылды. Сабақ ойын ретінде ұйымдастырылғанда өте жақсы өтетін еді. Сабағын «жақсы» деп бағалаймын.

Әдістемелік бөлім меңгерушісі – Ж.З.Қонысова: Бүгін Айгеримнің сабағы жақсы өткізілді. Бірақ балаларға тапсырмаларың қиындау болды. Әлі де ақпараттар, тренингтер қосу керек еді. Құрылымы жан-жақты алынған. Сабағын «жақсы» деп бағалаймын.

Оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары –Г.Н. Қобландина: Бүгін Айгеримнің сабағына қатысып отырмыз. Сабағы жақсы , оқушыларға сәл ауырлау болды. Жас ерекшелігіне сай келмей қалды. Оқушы мен мұғалім арасында байланыс болды. Оқушылары қатысып отыр. Сабақ арасында үндестік болды. Сабақ құрылымы жақсы құрылған. Сабағын «қанағаттанарлық» деп бағалаймын.


Қаулы:

«Жас өнерпаз» драма үйірмесінің жетекшісі А.Ю.Аминованың «Мақал-мәтел» атты ашық сабағының талдауы «қанағаттанарлық» деп бағалансын.


Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қобландина Г.Н.

Хатшы: Аминова А.Ю

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ