жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Мемлекет және оның қоғамдағы ролі»
Уразаева Гүлім Орынтайқызы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №19 ОЖББМ
құқық пәні мұғалімі
Пәні : құқық
Сабақтың тақырыбы : «Мемлекет және оның қоғамдағы ролі»
Сыныбы: 9 сынып
Технологиялық түрі: « Ауызша сабақ -1» картасы
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сыни тұрғыдан сұрақ , эссе,мәтінмен жұмыс
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға мемлекеттің атқаратын функциялары мен мемлекетті басқару формаларын түсіндіру;
ә)дамытушылық: оқушылардың бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру, құқықтан теориялық білік-дағдыларын дамыту;
б)тәрбиелік: оқушыларды өз ойын ашық айтуына, саяси өмірге белсене араласуына ықпал ете отырып, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : белсенді тақта,бейне ролик,интернет желісі,
флипчарт,электронды оқулық ,тірек- сызбалар,
сөздіктер, презентация
Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асты: мотивация > оқушының субъекті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түсінуді біріншілік тексеру > біріншілік бектуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.
|
|
Сабақтың құрылымы |
Технологиялық карта бойынша жұмыс тәртібі |
Түсініктеме |
||||||||
|
|
1-кезең. Ұйымдастыру кезеңі, мотивация |
Оқушылардың зейінін жинақтау,видео түсірілім көрсету, карта бойынша жұмыс жасау және уақытты үнемдеу туралы мәлімет беру. |
Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ (отырғызу орындарының матрицасы)бойынша жұмыс. |
||||||||
|
|
2-кезең. Жетекші білім мен оқу амалдарын өзектендіру кезеңі |
Үй тапсырмасы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.
|
Бірінші белгі.Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері барлық оқушыларға қойылады
|
||||||||
|
|
3-кезең Қабылдауды ұйымдастыру |
1. Жаңа сабақты электронды оқулық,флипчарт,видео түсірілім арқылы түсіндіру.(қысқаша 4- 5 минут)
Екі ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисті Адам Смиттің тұжырымы бойынша мемлекет төмендегі үш функцияны атқаруы қажет:
Монархия Республика ( өзі билейді) (қоғамдық, жалпыхалықтық) Диктатура (нұсқау беру)
Монарихия
Абсолюттік Конституциялық Абсолюттік монархия- мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Конституциялық монархия- атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқауы.
Республикалық
Парламенттік Президенттік Парламенттік жүйе- парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы басқарады. Президенттік жүйе- президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Диктатура- бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.
(14 сөзден тұратын тірек сөздердің мағанасы түсіндірілді. Тірек сөздер жабылды.Жазуға берілген уақыт есте сақтау уақытына тең . - мемлекет - басқару формасы - монархия - республика - абсолюттік - конституциялық - парламент - президенттік - саясат - диктатура - үкімет - заң - атқарушы билік |
Екінші белгі. 14-тірек сөз 1минут-15 секунд жаттайды , 1минут15 секунд
|
||||||||
|
|
4-кезең Ұғынуды ұйымдастыру |
Мәтінмен жұмыс (оқушылар берілген мәтінді оқиды, бір парақты 4 минут ішінде оқып шығуы тиіс.Оқыған білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алынатыны ескертіледі. |
5 сыныптарға мәтіннің бір парағына 4 минут уақыт беріледі |
||||||||
|
|
5-кезең Түсінудің алғашқы тексерілуі |
Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.
|
Үшінші белгі (барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады) Мұғалім жауаптар бойынша қысқаша талдау жүргізеді (1 мин) |
||||||||
|
|
6-кезең Алғашқы бекітуді ұйымдастыру |
Сын тұрғысынан сұрау.Мұғалім оқушыларды рет ретімен емес ООМ бойынша сабақтың тақырыбын сұрайды. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап дәлелденуі тиіс.
|
Төртінші белгі (барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады) Мұғалім жауаптар бойынша қысқаша талдау жүргізеді (1 мин) |
||||||||
|
|
7-кезең Түйсіну |
ТСҚ Жаңа сабақ бойынша тақырыптық сөздік қорды тексеру жүргізіледі. Шығарма,эссе түрінде, 5-минутта 56 сөзден кем болмауы керек. Ең көп сөз жазған оқушының жұмысы тыңдалады. |
Бесінші белгі (барлық оқушылардың нәтижелері бойынша плюс немесе минус белгілері қойылады) |
||||||||
|
|
8-кезең Қорытынды лау |
Мұғалім тақырып бойынша өз көзқарасын жеткізіп, сабақты қорытындылайды. Оқушылардың жауап бергендері талданады. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды. |
Білім сапасының нормативі оқушылардың 63 пайызы 5 ұпайдан алуы тиіс.
|
||||||||
|
|
9-кезең Үй тапсырмасы |
4 белгіден кем алған оқушылар үйге шығармашылық тапсырма алады. |
|
Уразаева Гүлім Орынтайқызы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №19 ОЖББМ
құқық пәні мұғалімі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген