Материалдар / Ашық сабақ: "Мен зерттеушімін" 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Мен зерттеушімін" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе сабағының барысында оқушылар зерт¬ теушілер дегеніміздің белгілі бір ғылым саласын зерттейтін мамандар екенін түсінеді. Зерттеушілер қоршаған әлемнің үдерістері мен құбылыстарын, олардың табиғатын жақсы түсіну үшін зерттеу жүргізеді. Олар өз жұмысында ғылыми әдістерді пайдаланады және тексерістен өткен деректерге сүйеніп, зерттеу жасайды. Деректер құбылыстарды тікелей бақылау, өлшеу, тәжірибелер жасау ар¬ қылы алынады. Ғалым жұмысының негізгі бөлігі мәлі¬ меттермен жұмыс жасап, оларды жазу және сараптау болып табылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тоқаш–ұмытылмас тұлға».


Сабақтың мақсаты: Тоқаш Бердияровтың өмір жолы,

шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.

Тәрбиелік мәні: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын

жырларынан үлгі алу.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,

эстетиклық талғамы бар сауатты оқушы дайындау.

Көрнекілігі: Ақынның суреті, шығармалары, ақын туралы

естеліктер, нақыл сөздер, бүктеме.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші.

Армысың, шұғылалы Алтын-күнім!

Армысың, еңселі елім менің!

Армысың, бақ-даулетті жерім менің!

Армысың, ардақты ата, асыл әже!

Армысың, қамқор әке, қамқор ана!

Армысың, ұстаздарым, достарым!

2-жүргізуші. Қайырлы күн, қадірменді жыр сүйер қауым!

Ән ұран айтылады.

1-жүргізуші. Қырқүйек айы сыршыл ақын Тоқаш Бердияровтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орналасқан.

2-жүргізуші. Жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұршылықтың махаббатына бөленген Тоқаш Бердияровтың шығармашылығына арналған « Тоқаш-ұмытылмас тұлға» атты әдеби-сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші.

Тоқаш-ақын,

Тоқаш тағы асқарда.

Тоқаш жыры шашады,

Нұр аспанға

2-жүргізуші.

Тоқаш деген

Тасып жатқан дария

Әр тамшысы

Айналатын дастанға



1-жүргізуші

Бар өмірінен өнер жолына сарып етіп, қысқа ғұмырында қарапайымдылығымен, қара қылды қақ жарар шыншылдылығымен елге танылған.

2-жүргізуші

Тоқаш «мен» деп ешқашан көкірек қақпаған. Тоқаш ғажайып , сыршыл ақын.

1. оқушы : Тоқаш Бердияров 1925 жылдың 19-қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарағаш ауданы, Келес өңіріне қарасты, «Ұшқын» атты шағын ауылда, жай қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1930 жылы үй тұрмысының ауыртпалығына орай Ташкенттегі №6 балалар тәрбиелиетін мектеп-интернатқа қабылданды. Одан кейін №23 қазақ балалар үйінде оқуын жалғастырып, 1938 өзінің туған ауылына келіп, «Коммуна» жеті жылдық мектебін аяқтап үлгермей тұрмыс тауқыметімен колхоз шаруашылығына орналасып, табельші болып мақта плантациясында, қырманда жұмыс істейді. Кейіннен «Бесқұбыр» ауылы Кеңесінің хатшысы қызметін атқарды.

2.оқушы : «Ауыл».

Ауыл бардым шалдармен көріскелі,

Ауыл маған жақсылық көп істеді.

Шырылдаған бозторғай ауылым ғой,

Ауылым ғой қалың мал өрістегі.


Әкем досы қайда екен, мұртты шалым

Ауыл барсам, жұрт құшағын.

Ауыл десе елестеп қымыз, шұбат,

Еріксіз бүлк етеді жұтқыншағың.

3.оқушы : Тоқаш Бердияров 17 жасқа толмаған шағында 8 қыркүйекте Ұлы Отан соғысына аттанған. 4-ші Украина майданында неміс басқыншыларымен бірнеше дүркін шайқасқа қатысқан. Соғыс аяқталған соң да әрқилы әскери бөлімшелерде қызметте болған. Кейіннен ол қызыл тулы әскери Балтық флотына жіберілген. Сүңгуір қайықта матрос болып қызмет істеген. 1949 жылдың күзінде денсаулығына байланысты Тоқаш Бердияров әскери қызметтен біржолата босатылған.

4.оқушы: Ұлы Отан соғысы Совет халқының естен шықпас тарихи жеңісімен аяқталған соң, Алматыға келіп, суретшілер училищесінде оқыған, «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет істеген.

«Райхан гүл»

Жақсы көрем райхан гүл хош иісін,

Иісінде бар қанша сыр!–

Ашылмайды ол бүрмеленіп, қызарына

Шөп тәріздес жап-жасыл.

Жақсы көрем райхан гүл хош иісін,

Қызғалтақты ұнатсада ел біткен.

Райхан гүл қураса да өз иісін–

Жоғалпайды неліктен?!

5. оқушы : Тоқаш Бердияров қазақ поэзиясының алтын қорын сан алуан тақырыпта, көркемдік дәрежесі жоғары туындылары арқылы байқатқан. Ақынның 1950 жылдардан бастап жариялана бастаған өлең-поэмалары әдебиет жұршылығының назарына ілініп, қызу пікір талқысына түсе бастаған еді.

«Елге арнадым»

Елге бардым,

Түстім міне, көліктен.

Бейтаныс жұрт айналам

Қайда, қайда құрдастарым,

достарым,–

Маған төрін сыйлаған?

Көріп тұрмын, сезіп тұрмын,

қайтейін,

Кімдер үлкен, кімдер кіші.

Шалбар киген әне бір қыз,

мен білсем,–

Құрдасымның тұңғышы.

6. оқушы : Тоқаш Бердияров алғашқы «Мен өмір сүремін» атты поэмасы баспасөз бетінде жарияланған бойда оны Мұхтар Әуезов : қазақ әдебиетіндегі «тың табыс» деп жоғары бағалап, үлкен қолдау көрсеткені белгілі.

7. оқушы: Т. Бердияров оннан астам поэмаларының дені Ұлы Отан соғысына арналған. Бұған ақынның майданды көзімен көріп, Зұлымдыққа куә болуы да себеп болса керек. Ақынның «Оқ және гүл», «Есіктің алды көк терек», «Мен өмір сүремін» атты поэмалары бүкіл әлемді бейбіт өмір сүруге шақырады.

Сендерге дос,

Тілектес азамат бар.

Шетелдік жас құрдасым,

Отандасым!

Жол берме!

Соғыс өрті тұтанбасын!

Сәбидің жадыраған түсі өзгеріп,

Кірпігі аналардың суланбасын.

Кел, халық!

Азаматтар.

Түсірмейік.

Үйлердің төбесіне жау бомбасын!

8. оқушы : Т. Бердияров Келестің ыстық топырағында аунап өскен, қарулас досы Ұлы Отан соғысының ардагері Ерназар Смайыловқа арнап «Келестің ыстық топырағы-ай» деген жыр жазды.

Қызғалдағын теріп сонау белестің,

Оңтүстіктің шаңына аунап мен өстім.

Алып кеттім аттанарда әскерге,

Жалғыз уыс топырағын Келестің.


Сол топырақ бойтұмар боп байланды,

Өз көзімен көрді қырғын майданды.

Сол топырақ қызыл қанға малынып,

Балшыққа мың сан рет айналды.


Кейде мұзға айналды да ол қатты,

Мен жібіттім ішіне сап қолғаптың.

Еділ мен Эльба өзені арасын,

Өлшеді ол адымымен солдаттың.

9. оқушы :

Намыс-ұждан, қайрат-жігер, білек боп,

Ақ топырақ жүрді маған тірек боп.

Өз жүрегім мызғып кеткен шақта бір,

Сол топырақ дүрсілдеді жүрек боп!


Сол топырақ шымшып алған адырдан,

Анам болып шықты талай алдымнан.

Бойтұмарым–жалғыз уыс топырақ,

Көк қапшығым қаңылғанда, болды нан.

10. оқушы :

Бұл топырақ дәйім маған дем беріп,

Өміріме болды ылғи ол көрік.

Толықтырды көңілімді ортайған,

Жаралансам, сауықтырды ем болып.

Ұғымы пәс, діндар адам емеспін,

Табиғатпен тату-тәтті тел өстім.

Туған жерге мені әкелген жетелеп,

Жалғыс уыс топырағы-ай Келестің!

11. оқушы : Әдебиетші ғалым Әбдіхамит Нарымбетов «Уақыт шындығы–көркемдік кепілі» атты зерттеу еңбегінде:

«Жалпы, Т. Бердияров поэзияда бар ескі сүрлеуден бойын барынша аулақ ұстап, жырдың жаңа өрнектерін табуға еңбектенген ақын»–деп ерекше бағалаған еді.

«Ауыл десе»

Ауыл десе–ақ жаулықты көремін,

Ауыл десе–өрекпиді өлеңім.

Өлең жырдан гүл-гүл өрнек өремін,

Ауыл барсам–көңілім жай, төремін.


Ауыл десе–құрт сорғандай боламын,

Ауыл десе–тұғырға шын қонамын.

Айналаны емін-еркін шоламын,

Ауыл жақсы қарсы алады қонағын.


Ауыл десе–күйіп-жанып, өртенем,

Көзіме ыстық әр пұшпағым, әр төбетім.

Ауылдікі–нәзік өлең, мәрт өлең,

Ауыл менің бақытым мен мәртебем.

12. оқушы : Өнер адамын жырға қосу дәстүрі Т. Бердияров шығармашылығында да көрініс тапқан. «Біржан сал» поэмасын қазақ халқының ардақты ұлдарының бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген сал-сері, ақын Біржан Қожақұлұлының өмірі мен өнеріне арнайды. «Біржан сал» поэмасы – ақын шығармашылығындағы биік белестердің бірі дерлік шығарма. Біржан сал туралы тарихтан білгілі оқиғаларды ақын жаңаша желімен, өзіндік стилмен көркем баяндаған.

«Ана»

Сүтімен жан - тәнімді мүсіндеген,

Анамды көрем түсімде мен.

Қадірін анашымның бала кезде,

Қалайша, әттеген-ай түсінбегем?


Әлдилеп арқасынан түсірмеген,

Анамды көремін түссімде мен.

Марқұмның сол бір сөзі әлі есімде,

«Құлыным бақытты боп жүрсін» деген.


Бұл күндері күнім жоқ күрсінбеген,

Жүрегім алып-ұшып дүрсілдеген.

Жүзімді ашытады дымқыл жастық

Анамды көремін түсімде мен.

13. оқушы : «О, туған жер»

Жүріп келем...

Кең даламен тілдесем,

Неткен ұзақ жол деген!

О, туған жер!

Сені сүйе білмесем,

Білмес едім сағынуды онда мен.

14. оқушы : Т. Бердияров Алматыда тұрып, қызмет үстінде жүріп, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевпен достасып, жақсы сыйластықта болған.

Тоқаштың досым М. Мақатаевқа арнауы бар.

Сен жоқсың!

Жан табылмас енді сендей,

Мен жүрмін бірде сеніп,бірде сенбей.

Таусылған ішіндегі сыбағасы,

Жатырсың төңкеріліп дәу кісідей.

14. оқушы : «Ыстық нан»

Сонадайдан Туған жерді танисың,

Сағындым ғой бұрқырыған шаң иісін.

Ақ тандырдан қып-қызыл боп төгілген,

Әсіресе жақсы көрем нан иісін.

Қиын кезде сөз бермеді ме той-дұға,

Қозы бақтым, дорба асынып мойныма.

Дөп-дөңгелек, өзі ып-ыстық күлшені,

Апатайым тығушы еді қойныма.

15. оқушы : От ауызды, орақ тілді, бір айтқанын екінші қайталамайтын Тоқаш Бердияров ағамыздың баспа бетінде жарияланған өлеңдері мен таңдамалы шығармаларының жалпы саны жиырмаға жақын кітаптары шыққан. Атап айтсақ: «Шалқы теңіз», «Мен өмір сүремін», «Бейбітшілік көшесі», «Фарида», «Сумкада не бар?» т.б.

Өлеңімнен өмірді кестеледім,

Ақылдықты, еңбекті қастерледім.

Соң қалған қызыл гүлдей сол күндерді,

Келмейді жұлып алғым әсте менің.

16. оқушы : Т. Бердияров Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 15-үй, 69-пәтерде мекендеген. Ақын араға жыл салмай елге жиі келіп тұратын болған.

Ей, ағайын, сен анықтап көріп ал,

Бұл өмірдің ылдиы бар, өрі бар.

Дүгниеге адам боп келген соң,

Босағада нең бар сенің.... төрін ал!

17. оқушы : «Адыраспан»

Мекен жайың–адырында Келестің,

Адыраспан, елемейді – ау сені ешкім.

Болсаң-дағы тым аласа селеуден,

Түз даланың сұлтанысың сен деген!

Әжем сені қоржын қапқа теңейтін,

Дімкәстарды үптеп-сүптеп емдейтін.

Асыл шөптің сыр-сыйпаты мың қатпар,

Адыраспан түтінінде бір гәп бар.

Дала кезде-ақ мұрныма исі «дыз» еткен,

«Мүңкірлерден» бесігімді күзеткен.

Елестеткен мырза,

жомарт даламды,

Жөргегіме исі сіңіп қалған-ды.

Балғын тәнім боз түтіннен нәр алған.

Соның исі өнбойыма таралған.

Қанымда да адыраспан исі бар,

Бойтұмарым, мүмкін, менің сол шығар?!

18. оқушы :

Оңтүстіктің айлы, түні-ай, ақ тамақ,

Сүт аңқиды адырданда, ойдан да

Жапырақтар әсте қыбыр етпейді,

Бөлеп оны қойған ба?!

Төңкерілген Айым-ай,

Төкші, төкші ақ сүтіңді тағы да.

Қандай салқын, қандай атырап,

Қалмапты ғой күндізгі аптап табы да.

Жымыңдайды, жымыңдайды жұлдыздар,

Ұйықтамайды түнімен.

Төңірекке төгіледі хош исі,

Жиде ағаштың гүлінен


19. оқушы : Тістелген нан

Бір кезде жар қолымен істелген нан,

Тұр, әне, төрде ілулі тістелген нан,

Сол нанға қарайды кеп қара кемпір.

Есіне аяулы бір түскенде адам.

О кезде келіншек боп түскен еді,

Нан-дағы қып-қызыл боп біскен еді.

Майданға аттанарда , ырым қылып,

Қосағы нан шетінен тістеп еді.

Мауқын басып, көңілін жібітпеген,

Осылай қоштасқанды жігітпенен.

Отыз бір жыл өтіпті содан бері,

Қартаймайды екен-ау үміт деген!

Құдайы жеткізбепті тілегіне,

Тағдырдың қаталдығын біледі де!..

Күміс көк білезіктер сылдырлайды,

Кемпірдің еті қашқан білегінде.

Кемпір отыр самауырдан шай құйып,

Сарғайып сағыныштан сан айырған.

Қарайды кәрі көзін сығыратып,

Әлде не қылаң етсе сонау қырдан.

Кейде өлгендер көңілде өлмейді екен,

Өлді деуге жүректе көнбейді екен.

Үюлі кері ішінде жалғыз шоқтай,

Үміт-дағы әсте бір сөнбейді екен.

1-жүргізуші:

Тоқаш-өлең, Тоқаш әуен аспанда,

Тоқаш орны, Тоқаш тағы асқарда

Тоқаш жыры, толқыны боп Келестің,

Зам-зам сыйлап өтер мәңгі жастарға.


2-жүргізуші:

Ақын Жарасқан Әбдіраш өзінің «Дәуір данасы» өлеңінде:

Таң қаламын өміріңе,

Алса да аямастан сан қырына,

Жасына Пайғамбардың жетіп едің...

Артыңда өлмей-өшпей қалды мұраң!



1-жүргізуші:

Т. Бердияров өзінің денсаулығына байланысты 1988 жылы тамыз айында фәни дүниеден, бақилыққа 63 жасында аттанды.

2-жүргізуші:

Ақын: Уақыт тұрмас тоқырап,

Өмір, өмір, құйынсың

Жалғыз уыс топырақ,

Туған жерден бұйырсын – деп жырлаған еді.

Тоқашты ауыл – елі, аудан басшылары болып денесін өзінің туған жері «Келес» шаруашылығының «Ұшқын» ауылына алып келіп жерлеген.

1-жүргізуші:

Естідім бір сұлу ән,

Ішінен ну орманның.

Ол кім екен шырқаған,

Дидарын көрсем сол жанның – деп ақын өзінің «Ән» өлеңін жырлаған еді. Келесі кезекте ашық тәрбие сағатымыздың сазды бағдарламасын тамашалаңыздар.

  1. Ән «Туған күн кешінде» орындайтын –––––––––––––––––––––.

  2. Би «Күй». Қыздар тобы.

  3. Ән «Қыздар-ай» . Қыздар тобы.

  4. Ән «Елім менің». Хор.

  5. Ән «Өз елім»

  6. Көрініс.

2-жүргізуші:

Елі үшін туған, жері үшін туған,

Сыршыл ақын жол қуған.

Оңтүстікті жырлаған бабам,

Тоқаш ағам мәңгі өшпес тұлғаң.

1-жүргізуші:

Осымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі халқына өлеңдерімен рухани азық, бақыт сыйлаған сыршыл ақын Т. Бердияровтың туғанына 92 жыл толу меркесіне байланысты дайындаған тәрбие сағатымыз аяқталды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!