Материалдар / Ашық сабақ "Металдардың құймалары. №5 көрсетілім. «Металдар және құймалар»» 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Металдардың құймалары. №5 көрсетілім. «Металдар және құймалар»» 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9.1.4.3. Құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу; 9.1.4.4 Шойын және болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру; 9.4.2.5. Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Тамыз 2021
4818
21 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Металдардың құймалары. №5 көрсетілім. «Металдар және құймалар»

Осы сабақта қолжеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.3. Құйма ұғымын және оның артықшылықтарын білу;

9.1.4.4 Шойын және болаттың құрамы мен қасиеттерін салыстыру;

9.4.2.5. Қазақстандағы металдардың кен орындарын атау және оларды өндіру үдерістерін, қоршаған ортаға әсерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Құймалардың түрлерін және қолданылуын біледі;

Құймалардың құрамы мен қасиеттерін жазады;

Қазақстандағы кен орындары, өндіру үдерістерін және қоршаған ортаға әсерін зерттейді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Бағалау критерийі

Құймалардың түрлерін, қолданылуын жіктейді;

Құймалардың қасиеттерін анықтайды;

Металдардың кен орындарының қоршаған ортаға әсерін зерттейді.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Құймаларды түрлерін ажыратып, қасиеттері мен құрамын сипаттай алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Құйма, болат, шойын, дюралюминий, жез, қола

Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік тіркестер:

1.Құймалардың түрлері

2. Құймаларды қолдану ерекшеліктері

3. Құймалардың құрамына талдау жасау

Құндылықтарға баулу



Жауапкершілік, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы білім


9.1.4.2. Металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттаужәне металлметалл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10-минут

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Психологиялық ақуал . Оқушылар смайликтер арқылы көңіл күйін көрсетеді.

Үйге берілген тапсырмаларды сұрау үшін және жаңа тақырыпты ашу үшін «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша 1. Тайқазанның; 2. Қару-жарақ; 3. Ұшақ; 4. Бағалы әшекей заттардың суреттері ілінеді. Осы суреттердің барлығына ортақ нені байқауға болады, қандай металдардан тұрады, физикалық және химиялық қасиеттері қандай, табиғатта кездесуі, т.с.с. сұрақтармен ой тастай отырып, оқушыларды «Сөздік үлгісі» әдісі арқылы бағалаймын.

Смайликткер, суреттер


Сабақтың ортасы

25- минут





























Мұғалімнің іс-әрекеті: (3 мин.)

  1. Жаңа сабақты түсіндіреді. Құймалардың түрлері, қолдану аймағы, құрамына талдау жасай отырып, металдардың кен орындары туралы жалпылама мағлұматтар айты, құймалардың үлгілерін көрсетеді.

1 тапсырма. Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру» әдісі (3 мин.)

Құймалар

Қолданылуы

шойын

Авиацияда, медицинада

Дюралюминий

Ыдыс-аяқтар, әшекей бұйымдар жасауда

электрин

Ас үй ыдыстарын, машина бөлшектерін жасауда

Жез

Ракета,автомобиль жасауда

Болат

Ескерткіштер,

мельхиор

Зергерлік бұйымдар

нейзильбер

Вагон, кеме жасауда

Қола

Орденьдер мен медальдер, мед-қ аспаптар жасауда


Кестенің жауабы экраннан көрсетіледі, оқушылар өз-өздерін бағалайды.

«БББ» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіледі

2-тапсырма. Топтық жұмыс. Құймалардың аты жазылған кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

Вен диаграммасы әдісі бойынша бірдей құймалардың ұқсас белгілерін, айырмашылығын (құрамы, қасиеттерін, түрлерін) т.с.с. белгілерді салыстра отырып жазады.

1 топ. Дюралюминий- электрин

2 топ. Жез- қола

3-топ. Шойын-болат

Дескриптор

1. Құймалардың түрлерін ажырата алады;

2. Құймалардың құрамына талдау жасай алады;

3. Құймалардың қолдану артықшылықтарын айта алады;

«Формативті сұрау» арқылы бағалананып, смайликтер арқылы көрсетіледі.

3 тапсырма. Топтық жұмыс. «ТВ шоу» әдісі арқылы топтар географтар, экологтар, химиктер болып 3 топқа бөлінеді.

Географтар- металдардың Қазақстандағы кен орындарын, экономикалық маңыздылығын зерттейді.

Экологтар – кен орындарының қоршаған ортаға әсерін зерттейді.

Химиктер – өндіру үдерісін (қандай әдістер қолданылады) зерттейді.

Дескриптор

  1. Металдардың кен орындарын картадан табады;

  2. Металдардың өндіру тәсілдерін анықтай алады;

  3. Металл өндірудің экономикалық, экологиялық талдау жасайды.

Бағалау.«Температураны өлшеу» әдісі арқылы бағаланады. «БББ» арқылы кері байланыс жүргізіледі.

Металдар мен құймалардың үлгілері, кеспе қағаздар, интерактивті тақта, Қазақстанның қазба-байлықтары картасы, оқулық


Сабақтың соңы

5- минут


Рефлексия:

«БББ» әдісі бойынша рефлексия жүргізіледі.

Білемін

Білдім

Білгім келеді











Кесте

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Талаптары жоғары оқушыларға қалаған металл құймасына ЭСЕТ- талдау жасауға және құйманы одан артық жақсарту жолын ұсына аласызба және ойыңызды түсіндіре кетіңіз дей отырып оқушының құйманың құрамын зерттей отырып оны жақсарту жолын өз бетінше ізденуге талпындырамын. Ынтасы төмен оқушыларға тақырыпқа байланысты «кроссворд құрастырыңыз» - деп, тапсырма бере отырып, оның тақырыпты қайта түсініп оқуына және одан әрі іздене отырып тезірек ойлануға мүмкіндік туады.

1.«Сөздік үлгісі» әдісі арқылы үй жұмысы мен жаңа тақырыпты ашу барысында өте тиімді деп есептеймін. Оқушылар суреттерге талқылай отырып, металдардың химиялық және физикалық қасиеттерін еске түсіреді.

2.Өзін-өзін бағалау- оқушылар тез ойлау арқылы, жылдам шешім қабылдай отырып дұрыс жауап беруге дағдыланады және өзін-өзі тексеру барысында қателіктерін анықтай отырып, мұқият болуға баулиды.

3. «Формативті сұрау»-әдісі арқылы оқушылар құймалардың ұқсас белгілерімен, айырмашылықтарын табумен қатар өз бетінше іздену қасиеттерін арттырады.

4. «Температура өлшеу» әдістері арқылы оқушылардың нақты дәлелдемелерді келтіріп, барлық оқушылардың топта жұмыс жасауға бейімдейді.

Техника қауіпсіздік ережесі, топтық жұмыс барысында оқыс қимылдар мен іс-әрекеттер жасамауға, басқа оқушылардың көзқарасын, пікірін құрметтеу.

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


«Сәйкестендіру»

Құймалар

Қолданылуы

шойын

Ас үй ыдыстарын, машина бөлшектерін жасауда

Дюралюминий

Авиацияда, медицинада жасауда

электрин

Ракета,автомобиль жасауда

жез

Зергерлік бұйымдар жасауда

болат

Вагон, кеме жасауда

мельхиор

Ыдыс-аяқтар, әшекей бұйымдар жасауда

нейзильбер

Орденьдер мен медальдер, мед-қ аспаптар жасауда

қола

Ескерткіштер, қару-жарақтар жасауда





Білемін

Білдім

Білгім келеді












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!