Материалдар / Ашық сабақ "О.Бөкей "Атау-кере" повесі. Ерік образы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "О.Бөкей "Атау-кере" повесі. Ерік образы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспарында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақты оқу мақсаттарына сай жоспарлау, оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарын саралап анықтау, бағалау критерийлері мен тапсырмаларға дескрипторлар ұсыну бойынша тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2021
1216
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар


Сыныбы

11Ә-сынып

І бөлім «Кеңістік пен уақыт» 23.09.2021ж.

Мұғалім

Муратбаева Назгүл Жақсылыққызы

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №76 ЖББМ

Тақырыбы

«Атау кере» повесіндегі Ерік образы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;

11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;


Сабақ мақсаттары (SMART мақсаттар)


Барлық оқушы орындай алады:

Еріктің бейнесін ашуда көркем шығарма үзінділеріне сүйенеді, Айна, Нүрке, Тағандармен қарым-қатынасына талдау жасайды;


Оқушылардың басым көпшілігі орындай алады:

Шығармадағы Еріктің бойындағы оң және теріс қасиеттерін үзінділер негізінде ашып көрсетеді, шынайы өмірдегі Еріктермен байланыстырады;


Кейбір оқушылар орындай алады:

Шығарманың аяқталуының өзіндік ерекшелігін түсіндіреді, Ерік образы арқылы өмірдің мәнін ашады;

Бағалау критерийлері

Барлығы және басым көпшілігі:

  1. Еріктің бейнесін ашуда көркем шығарма үзінділеріне сүйеніп, Айна, Нүрке, Тағандармен қарым-қатынасына талдау жасайды;

  2. Шығармадағы Еріктің бойындағы оң және теріс қасиеттерін үзінділер негізінде ашып көрсетеді;

  3. Шынайы өмірдегі Еріктермен байланыстырады;

Кейбір оқушылар:

  1. Шығарманың аяқталуының өзіндік ерекшелігін түсіндіреді;

  2. Ерік образы арқылы өмірдің мәнін ашады;


Тілдік мақсаттар




Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  1. Әдеби троп пен айшықтаудың түрлері, эпитет, метафора, метанимия, кейіптеу.

  2. Кейіпкерлер жүйесін жинақтау, даралау деген не?

«Жазушының адам мінезін даралауда өз кейіпкерлерінің ішкі бітімін ашып, бір сәт көзден таса қалдырмаған, әр адамның ақылын, ойын, сезімін, білімін, мәдениетін ашқан үстіне аша берген. Қаһармандары көркем шығармадағы образдан гөрі, ақиқат өмірдегі кәдімгі тірі кісілерге айналған. Әр кейіпкердің мінез-құлқындағы 5 түрлі (дәулет, қоғамдық, махаббат, парасат және семьялық) ерекшелікке айрықша назар аударған. Шындық кұбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар, оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы Шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.». Ғабиден Мұстафин “Меніңше, сөзі, мінезі, пішіні, ой әрекеті тек өзіне тән, дара-дара адамдар көбейе берсе, кітап күшейе береді. Ал адамдары көбейгенімен, біріне-бірі ұқсай берсе, әлсірей бермек”.

Талқылауға арналған сұрақ: 1. Біз бүгін Еріктің образын аша отырып, Еріктің бойынан өзімізге не аламыз? Еріктен өмір сүрудің қандай шарттарын үйрене аламыз? Еріктің қандай қателіктері бізге сабақ болуы керек?

  1. Повестің аяқталуы – авторлық шешім. Автор айтпақ болған бүкіл ойын жиып-теріп, шығарманың шешімі арқылы жеткізді. Ол қандай ой?

Құндылықтарды дарыту

Отбасы құндылығы. Адам өмірінің мәні – отбасының бақыты. Еріктің отбасы бақытты ма?

Адамгершілік. Өмірде адам Адам болуы тиіс. Еріктің адамгершілік туралы түсініктері қандай?

Алдыңғы оқу


Көркем мәтінде автор қолданған көркемдегіш құралдардың түрлеріне талдау жасауды біледі

Сабаққа дейін:

«Атау-кере» драмасын тамашалайды.


Сабақтың барысы

Сабақтың басында мұғалім өзіне және оқушыларға: «Неліктен сабақ жүргізу ережелерін талқылауымыз керек? »

(2 минут)

Оқушылармен сабақ жүргізу ережесіне келісімге келу:

  1. Уақытты басқару.

  2. Қол көтеріп сөйлеу.

  3. Топта белсенділік таныту.

  4. Басқаларды тыңдау.

  5. Тақырыптан ауытқымау.

Сабақ барысы

Тапсырмалар

Ресрустар

Сабақ мақсатын оқушыларға жеткізу

2 мин

Бүгін сабақта не үйренеміз?










Тілдік мақсатқа түсінік беру

(2 мин)









Кейіпкерлер жүйесін жинақтау, даралау деген не?

Ғабиден Мұстафин “...Сөзі, мінезі, пішіні, ой әрекеті тек өзіне тән, дара-дара адамдар көбейе берсе, кітап күшейе береді. Ал адамдары көбейгенімен, біріне-бірі ұқсай берсе, әлсірей бермек”.

Жинақтау – кейіпкердің бойына сол қоғамдағы барлық адамдардың мінез-құлық, таным-түсінік белгілерін жиыстыру, көпшілкке ортақ, таныс бейне жасау.

Даралау - кейіпкерді өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктерін ашады.


Шағын топтарға біріктіру (2мин)

Қима қағаздар арқылы 4 топқа бірігеміз.

«Ерік - перзент»

«Ерік – сүйікті жар»

«Ерік – Адам, дос»

«Ерік - кәсіпкер»


Ресурс №1

Қима қағаздар таратылады: «Нәресте мен Ана», «Бал арасы», «Екі дос», «Қос ғашық» суреттері бейнеленген.

Бірлескен оқу тапсырмасы №1

(10+10мин)


Мұғалімнің тапсырма бойынша нұсқауды пысықтап алуы:

RICH

R - regrouping (Қалай орындаймыз? Топта)

I - instruction (не істейміз?)

С concept checking questions (неше уақытымыз бар? Топпен орындаймыз ба, әлде жұппен ба? Не істейтініміз түсінікті ме?)

H - handouts (ресурстарды тарату)


Талқылауға арналған сұрақ: 1. Біз бүгін Еріктің образын аша отырып, Еріктің бойынан өзімізге не аламыз? Еріктен өмір сүрудің қандай шарттарын үйрене аламыз? Еріктің қандай қателіктері бізге сабақ болуы керек?

Бүгінгі сабағымыздың айдары «Көптен кеткен көмусіз қалар»

(Xалық нақылынан)


Тапсырма №1

Үзінділермен танысу. Әр топқа өз тақырыптарына сай тапсырма нұсқаулығы таратылады.


  • «1 тезис, 1 дәлел» стратегиясы бойынша үзіндіден Еріктің образын ашатын 1 тезистік сөйлемді алу, соған қатысты үзіндіден 1 дәлел, шынайы өмірден 1 дәлел келтіру;


Дескриптор арқылы топтардың өзара бағалауы:

  • Еріктің бейнесін ашатын үзінділерден кемінде 4 тезис табу;

  • Еріктің оң қасиеттеріне 4-5 дәлел, теріс қасиеттеріне 4-5 дәлел келтіру;

  • Шынайы өмірдегі Еріктермен байланыстыруға

кемінде 2 мысал;

  • Топ мүшелерінің толық қатысуы;


ӨЗ топтарының ішінде белсенді болған құрдастарын атап өту үшін чатқа комментарий жазу:

«Мықты дерек!», «Мықты дәлел!»

Ресурс №2

4 топқа өз тақырыптарына сәйкес повестен үзінділер таратылады.


Ашық диалог алаңы

10 мин








Мұғалім: Шығарма қалай аяқталды?

Үзінді тыңдайық: Бас қаһарман Ерік: «А, құдай, араға айналсам екен, ара болып арғы бетке ұшсам екен» деп, тізерлей отырып, қолын аспанға соза, бар болмысымен тіледі-ай, тұңғыш рет зар еңіреп жылады-ай... Құдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... бірақ бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға айналды. Айналуы сол екен, арғы жиектегі Қызға зымырай ұшқан. Ұшқан қалпы ғашығына жетіп, иығына қонды. Не болғанын білмей сасып қалған Қыз қолындағы екі бүктелген қамшымен сескене салып қалғанда, енді ана арманына жеткен «Ерік-Сона» қанатын серпуге шамасы жетпей, тырапай асып домалап түскен... мәңгілікке...



Шығарманың аяқталуы реализмнен алыстады ма? Авторлық шешім – Еріктің Араға емес, көк Сонаға айналуы. Осының астарында қандай ой жатыр?

Оқушылар өздерінің шығарманың шешіміне қатысты туындаған сұрақтарын қояды. Профессордың жауабы тыңдалады.


ZOOM платформасы арқылы Жетісу университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қожағұлов С.Қ. қосылады.

Қорытындылау

2 мин

Дескрипторлар арқылы өзін өзі бағалау

3 мин



Рефлексия 2 мин

«Бүгінгі сабаққа кім қандай үлес қосты?»


Оқушылар сабақ бойынша қорытынды жасайды.


Сабақ басында анықталған дескрипторларға қайтып ораламыз!

Дескрипторлар:

  • Еріктің бейнесін үзінділерден 1 тезис таптым;

  • Еріктің оң және теріс қасиеттеріне

2 дәлел келтірдім;

  • Шынайы өмірдегі Еріктермен байланыстырдым;

  • Шығарманың аяқталуына қатысты өз пікірімді айттым;







Білім алушылар өздерінің бүгінгі сабақта бірлесіп оқуға көбірек үлес қосқан құрдастарының есімін ЧАТҚА атап жазып, алғыс білдіреді.



  • Ең белсенді оқушы

  • Ең тапқыр оқушы

  • Ең мәдениетті оқушы









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!