Материалдар / Ашық сабақ "Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу"

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
411
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Математика пәнінен аудандық семинар

Ашық сабақтың жоспары

математика 5 «А» сынып



Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Хадыс Амангул

5 «А» сыныбы.

Оқушының саны 26

Ақмола облысы

Целиноград ауданы, Қоянды ауылы

20 ОМ

6 Апта

09. 02. 2016

2 сабақ

Сабақтың атауы

§34 Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу

Сілтеме

Математика 5 сынып А. Е. Әбілқасымова Т. П. Кучер Л. У. Жадраева

Слайдтар.

Жалпы мақсаты


Білімділік: Ондық бөлшек ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру. Материалды оқыту кезінде ондық бөлшектер мен натурал сандарды жазу ұқсастығы қолданылады. Сын тұрғысынан ойлай білу қабілеттерін арттыру. Бөлімі 10, 100, 1000 т.с с. болатын бөлшектерді ондық бөлшекпен жаза білу, оқи білу.

Тәрбиелік : Оқушыларды көпшіл болуға үйрету өзара көмегін қалыптастыра отырып, жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге үйрету. Бірін-бірі әділ әрі дұрыс бағалауға жетелеу.



Міндеттер:


Оқытуды жаңаша ұйымдастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда әдіс тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көз жеткізу. Олай дейтінім бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Болжау:Психологиялық ахуалды қалыптастырғаннан кейін, сабақтың қызықты өтуі үшін оқушылардың бұрынғы білімімен ұштастыра отырып неше түрлі көрнекіліктермен слайдтармен оқушы өз көзін жеткізгенше барынша сабақты жүйелі түрде құрастырып сергіту тапсырмаларымен қоса пән аралық байланыстар орнату үшін логикалық тапсырмалардың жауаптарын үш тілде айтуға тапсырмалар беремін. Бес жолды өлең, эссе жаздырып үздік саналған оқушылардың тапсырмаларын оқытамын, өздерін өздері әділ бағалатуға жетелей отырып, сабақ соңында жиынтық бағалаймын.


Күтілетін нәтиже

Сабақтың негізгі идеясын анықтау, сабақтың маңыздылығы, бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?, өмірден алған тәжірибесінің әсері?, сабақтың болашақта оқушыға пайдасы, қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекеттер қолданамын? Сол іс-әрекеттің тақырыпты алып кетуіне пайдасы, өздері өздерін бағалай алды ма?

Тапсырмалар



Жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беру, қабілеттеріне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қолжетімділік, «А», «В» «С» оқушыларға тапсырмалар беру, ойлаған санды табу тапсырмалары, сергіту тапсырмалары, оқулықтан есептер шығару,3 түрлі сурет ұсыну арқылы бір суреттің ішінен бірнеше бейнені көру барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін тексеруге арналған тапсырмалар, эссе, бес жолды өлең жазып сабақты қорытындылау.





Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 1мин

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сәлеметсіңдер ме? Барлықтарымыздың бүгінгі көңіл-күйлеріміз жақсы ма? Алдымен барлығымыз топқа бөлініп алайық. Бір-бірімізге сәттіліктер тілейік.

Ендеше мен де сендерге бүгінгі күнге сәттіліктер тілеймін.

Біздің ұранымыз: (бірге)

1, 2, 3

Бойға жинап күш

Сан әлемін зерттеп

Биіктерге ұш!

Сабақ бастамай тұрып бағалау парағын таратып беру.

Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру. (Қызығушылығын ояту)

2. Ой толғау (Математикалық диктант, сұрақ-жауап)

3. Миға шабуыл (Мағынаны тану үшін...)

4. Пысықтау үшін жүргізілетін ойын (құмырсқа ойыны)

5. Ой қорыту (рефлексия)

6. Үйге тапсырма


Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

І-топ: Дұрыс бөлшек.

ІІ-топ: Бұрыс бөлшек.

ІІІ-топ: Ондық бөлшек

IV-топ: Бөлшек

Сөзжұмбақ шешу:

Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек.

Бөлшек сызығының астындағы сан.

Бөлшек сызығының үстіндегі сан.

О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық.

Ең кіші жай сан.

Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді.

І. Қызығушылығын ояту (5 мин) (Ой шақыру) диалог арқылы

Музыка ойнатылады (Ертегілер елінде)

Мұғалім:

-Осы музыкадан кейін қандай әсер алдыңдар?

-Бүгінгі сабағымыз қалай өтеді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жауабы тыңдалады.

  • Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз ертегідегідей саяхат сабағы болмақ.

«Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніңнің жақсысын қыл,

Білмегенді біле бер»

Ш.Құдайбердиев.

Мұғалім:

Бұл сабағымыз «Қазынаға саяхат» деп аталады. Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екендігін, картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз баласына картаны тауып беруіміз үшін мына сұрақтарға жауап беруіміз керек екен:

М атематикалық диктант


Осы диктант бойынша әр топ бір-біріне сұрақ тар қойып өткен сабақтарды еске түсіреді.


(топтар бір-біріне сұрақ қояды), топ мүшелері бірігіп жұмыс жасау барысында жауап береді.


Математикалық диктант жауабы:

Бағалау шкаласы: «5»-5

«4»-4

«3»-3

«2,1»-2

Мағынаны тану: (Іздендіру кезеңі)

Миға шабуыл (слайд бойынша есеп шартын құрастыру

Топпен жұмыс жасау)

Әр топқа шамалар мәндері беріліп, оларды аралас сан түрінде жазу тапсырылады. Жазылған аралас сандардың бөлімдері 10, 100, 1000 болғандықтан, оларды ондық бөлшек түрінде жазу үлгісі беріледі. Мысалы, 9м 41 см=



1-тапсырма

Берілген шамаларды метр, кг есебімен бөлімі 10, 100, 1000 т.с.с. болатын аралас сан түрінде жаз.

І-топ: 4м 6 дм

ІІ-топ: 5м 7см

ІІІ-топ: 12 кг 351 г

IV-топ: 9м 41 см

Жауабы:

І-топ:

Бөлімдері 10, 100, 1000 т. с. с болатын бөлшектерді бөлімсіз жазуға болады. Ол үшін алдымен бөлшектің бүтін бөлігін , сонан соң үтір қойып, алымын жазады.



ІІ-топ:

Оқылуы:бүтін бөлігі жоқ жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін бөлшек бөлігінің алдына 0 санын жазып, «нөл бүтін» деп оқиды.

IV-топ:


Жай бөлшек Ондық бөлшек

Shape1 Shape2





ІІІ-топ:

Анықтама:

Жай бөлшекті немесе аралас санды ондық бөлшек түрінде жазу үшін:

  1. Керек жағдайда бөлшектің алымындағы цифрлар саны мен бөліміндегі нөлдер санын теңестіру;

  2. Бүтін бөлігін жазу (ол нөлге тең болмауы мүмкін);

  3. Бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен айыру үшін үтір қою;

  4. Бөлшек бөлігінің алымын үтірден кейін жазу керек.





Мысалы:


1. Бөлшек нешеге бөлінеді?

2. Жай бөлшек нешеге бөлінеді?

3. Аралас сан дегеніміз не?

4. Ондық бөлшек дегеніміз не?

5. Ондық таңбалар дегеніміз не?

6. Санның бөлігін қалай табамыз?

7. Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?

1-топпен 2-топ экрандағы мысал есептерді орындайды, ал қалған екі топ тексереді.

Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығады. Саяхатқа шығу үшін өзімізбен бірге қоржынымызды тамақпен толтырайық. Және бізге мына бір танымдық бағыттағы тапсырманы орындауға тура келеді. Ол үшін экранға назар аударайық.

Саяхатта ол бір аралға тап болады. Сол жерде ол ағаштан «Қозғал» деген жазуды көреді. Оның қандай бағытта жүру керектігін анықтау үшін құмырсқа ойынын ойнауға тура келеді.

Есептер шығару (Дамыту кезеңі)

І. “Құмырсқа ” ойыны

Ойын мақсаты: Оқушылардың меңгерген білімдерін пысықтау

Ойынның шарты: сынып 4 немесе 5 топқа бөлінеді, әр топтағы оқушылар нөмірленеді. Тақтаға өрмек сызылады, тапсырмалар үш деңгейде жазылады.

Сыныпта оқулықтан: № 697, 698, 699 ауызша орындайды.

700, 701, 705, 706, 709

Сергіту кезеңі.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Бәріміз дем алайық!


Кеспе парақшалар таратылады.


КЕСПЕ (Топтық жұмыс)

Есептің кестедегі жауаптарымен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар. Сонда сендер қазақтың ұлы математигінің атын оқи аласыздар.


С. 8 метрдің бөлігін тап Қ. А. Р.

А

С

Қ

А

Р

Шығармашылық жұмыс: «Дарынды дарабозды анықтау»

Амалды орында:


Қорытынды: бағаны мұғалім өзі қояды.

Яғни баласы шығысқа қарай бет алады.Ол сол қалпы келе жатып үңгірге тап болады. Оның кіре берісінде алып тасты көреді. Сол таста былай жазылған екен: «Осы тасты қозғасаң шұңқырдан қазынасы бар жәшікті табасың»- деген екен. Баласы жәшікті алса, ол жабық екен. Жәшіктің қақпағында: «Ең басты қазына - ол ....» деген сөз жазылған екен. Көп жылдар бойы жатып қалған жазудың жартысы өшіп қалған екен. Осы сөзді табуға сіздердің көмектеріңіз қажет. Ата- бабаларымыз қандай дау, сұрақ болса да оны мақал- мәтелдер, даналық сөздер арқылы шешкен екен. Ендеше, бізде осы жауапты тауып көрелік. Мен сіздерге мақал айтамын. Оның ішіндегі екі сан есім теңдеудің түбірлері, яғни түбірлер арқылы теңдеу құру және дана сөзді табу керек?


  1. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді. (Б)

  2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал. (І)

  3. Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. (Л)

  4. Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю. (І)

  5. Бір тал кессең, он тал ек (М)


І

Х+12=19

М

50х=50, х+20=30

І

х+40=70, 2х=80

Б

3х=18, 9х=36

Л

Х-1=999, 10х=10

Яғни, баласы әкесінің мұра еткен қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Сіздер бүгінгі сабақ арқылы «Ең басты қазына – ол білім» екеніне көз жеткіздіңіздер. Әрқашанда ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер.Сонда көптеген нәрселерге қол жеткізесіздер дегім келеді.

Сергіту тапсырмалары

1-топ:

  1. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

  2. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

  3. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

2- топ:

  1. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

  2. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

  3. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)

3-топ:

  1. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)

3. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

4-топ:

1. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

2. Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)

3. Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)











Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру










Сонда біз бүгін не білдік? Сонымен оқушылар сабақ ұнады ма, ұнаса несімен ұнады? Қандай түйінді пікірге келдік? Көкейлеріңе не түйдіңдер? Өз ойларыңды жазыңдар.(Эссе жазу) Ең үздік деп танылған эссе оқылады.

Рефлекция (Қорытындылау)

«Ой толғаныс»: Бүгінгі сабақтан не алдым?

Сабақтан алған әсерің?

Сабақ пайдалы болды ма? Неге?

Не ұнаған жоқ?


Өзара бағалау: Оқушылармен бірігіп оқушы білімін бағалау.







Бағалау парағы


Аты- жөні __________________


Қызмет түрі

Бағалау

1

Математикалық диктант

Бағалау шкаласы: «5»-5

«4»-4

«3»-3

«2,1»-2




2

Ауызша сұрақтар және есептер


3

Деңгейлік тапсырмалар (құмырсқа ойыны)


4

Логикалық есептер


5

Мақал-мәтелге байланысты есептер


6

Шығармашылық жұмыс: «Дарынды дарабозды анықтау»





Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау


Парақшалардағы бейне арқылы топтағы белсенділіктерін бағалайды.

Соңында жиынтық баға қойылады.

Тақтадағы екі смайлик арқылы балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін жазып көңіл-күйлерін білдіреді.

Мұғалім: Абай атамыз «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деген екен. Олай болса, бізде бір-бірімізден осындай нәрселермен озатын болайық.

Үйге тапсырма: №704,706, 707


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!