Материалдар / Ашық сабақ "Орта қашықтыққа жүгіру дағдылары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Орта қашықтыққа жүгіру дағдылары"

Материал туралы қысқаша түсінік
- Оқушылар жеңіл атлетика сабағындағы техника қауіпсіздік ережесін біледі - Жүгірудің түрлерін түсіндіріп бере алады. - Төменгі старттан дұрыс жүгіре алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2021
941
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді cабақ жоспары № 3-4

Пән: дене шынықтыру

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 бөлім – Жеңіл атлетика

Күні: 10-15.09.2018 ж.

Сынып:

Мектеп: Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Даутбеков Б.Д

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Орта қашықтыққа жүгіру дағдылары

Оқу мақсаттары:

7.3.2.1. Ағзаның функционалды жүйесіне әсер ететін жаттығуларды орындау

Сабақ мақсаты:

1. Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережесін қайталау;

2. Орта қашықтық түрлерімен таныстыру;

3. Сөре түрлерімен таныстыру, сөреге тұруын үйрету;
4. Жүгіру икемділік дағдыларын қалыптастыру;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар мыналарды орындай алады:

  • Оқушылар жеңіл атлетика сабағындағы техника қауіпсіздік ережесін біледі;

  • Жүгірудің түрлерін түсіндіріп бере алады.

  • Төменгі старттан дұрыс жүгіре алады.

Тілдік мақсаты
Оқушыларға арналған ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы бөлімнің пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін

төменде беріліп отыр.

Оқудың тілдік мақсаты

Оқудың тілдік мақсаты

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекетіне қатысты өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • физикалық қасиеттер: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік

  • қауіпсіздік, тәуекел

  • сөрелік екпін алу, қашықтыққа дейін жүгіру, мәреге жету

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай болуы тиіс?

  • Жүгіру кезінде қандай жарақан алуы мүмкін?

  • Физикалық денсаулықты нығайту үшін қандай жаттығуларды немесе кешендерді білесіңдер және қолдана аласыңдар?

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пән аралық байланыс

Топпен эстафеталық ойын кезінде жеңіл атлетикаға байланысты терминдерді қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде жазу, еске сақтау арқылы байланыстырылады.

Акт қолдану:

Жүгіру түрлеріне байланысты бейне фильм көрсетіледі.


Бастапқы білім:

Оқушылар алдыңғы сабақтарда өткен қауіпсіздік ережесі, төменгі сөре және старттық үдеу тақырыптарын еске түсіреді.



САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин


Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу, түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

1 Стартер:

а) Суретте қандай жүгіру түрлерін көріп тұрсыңдар?

б) Төменгі сөре мен жоғарғы сөренің айырмашылығы неде?

2 Оқушыларға жүгіру қашықтықтары жайында ақпарат беру.

  • Қысқа қашықтық 60 м – 400 м (спринт)

  • Орта қашықтық 800 м – 3000 м

  • Ұзақ қашықтық 5000 м – 10000 м (стайер)

  • Марафон 42000 м

  • Орта марафон 21000 м

  • Ультрамарафон 42000 м жоғары қашықтық


Бос кеңістік,




Ысқырық, секундомер.




Сабақтың ортасы 60 мин

1) Жүгірудің адам денсаулығына пайдасы жайында айту.

Жүгіру «биомеханикалық дабыл» деп аталатын ерекшеліктерге ие. Аяқ жерге тигенде қарсы соққы пайда болады да, ол қан тамырлары арқылы қанның жоғары қарай ауысуына себепші болады. Жүгіру кезінде бауыр мен ішектердің дірілі өттің жүрісін жақсартады, бауыр мен ішектердің функционалдық қабілеттерін арттырады, кідірістерді жояды. Қан айналысы, лимфалар мен клеткааралық сұйық заттар жасару, жаңару тиімділігін туындата отырып ағзаны зат алмасу қалдықтарынан тазартады.


2) Жарақат алмау үшін берілетін жаттығулар.

Бұл жаттығуларды жүгіру алдында орындап жүрген адамдар оқыс қозғалыс кезінде жарақат алмай, өз нәтижесін жоғарылата түседі екен. Олай болса сол 5 жаттығу түрімен таныс бола отырайық.
1. Жамбас жазу жаттығуы
Алға қарай 45 градуста иіліп, тізені бүгіп көкірек тұсына тигізіңіз. Артынша жиған тізеңізді (артқа қарай тепкен секілді) артқа қарай жылдам жазыңыз.
2. Жіліншік жазу жаттығуы
Тік тұрған бойда тізеңізді бүгіп, бөксеңізге жеткізе бірнеше минут ұстап тұрыңыз. Артынша екінші тізеңіздің жіліншігіне де осы жаттығуды жасаңыз.
3. Сан бұлшықеттерінің жаттығуы
Тік тұрған қалыпта тізеңізді көкірегіңізге тигізіп, бірнеше рет қайталаңыз. Одан кейін екінші тізеңізді де көкірегіңізге жеткізе орындаңыз.
4. Бел мен жіліншік жаттығуы
Тік тұрған қалыпта бір аяғыңызды беліңізбен бірдей деңгейде ұстап, тізеңізді бүгіп-жазу жаттығуын жасаңыз.
5. Табан сүйектерін жазу жаттығуы
Бір аяққа тұрған қалыпта, екінші аяғыңызды көтеріп саусақтарыңызды бүгіп-жазыңыз.
Жүгіру алдында отырып-тұру жаттығуын жасауды да естен шығармаңыз. Сондай-ақ, жүгіру алдында тізеңізді жоғары бүккен бойда қолыңызбен қапсыра ұстап, бір аяқпен тұру да пайдалы.

3) Жүгіру алдында берілетін тапсырма.

Спорт залдың арғы басына жеңіл атлетикаға байланысты терминдер қойылады. Оқушылар кедергілерден өте отырып эстафеталық ойын ретінде барып сөздерді еске сақтап сөреге келіп, тақтаға сол сөзді жазуы керек. Карточка №1


Аласа стартқа тұру және шығу техникасымен таныстыру үйрету.

Стартқа отырған кезде:

Сызықтан бір аяқты 1-1,5 табан алшақ қойып, екінші аяқты алдыда тұрған аяқтың өкше тұсына қойып, қолды сызыққа қойып отырамыз.

Дайындал деген команда да:

Көтерілеміз,бас төмен қарап тұрады, салмақ аяқ пен қолға бірдей түседі. Аяқ сәл бүгулі қалыпта болу керек.

Жүгір деген команда берілгенде:

Аяқпен итеріліп атыла алдыға шығып жүгіреміз.

«Қайталап 3х10 м жүгіру»

Үйрету реттілігі:
Қайталап жүгіру өте шапшаңдықты қажет етеді.
Алдын –ала дайындық жаттығулар.
а)Бәрі бір сызыққа тұрып,араларын ашып,алға қарай қос аяқпен секіру
ә)Белгіленген жерге жүгіріп барып,қайту,
б)белгіленген жерде тұрған затты алып қайту,
в)Белгіленген сызықтан жүгіруге дайындалу,алға қарай сәл еңкейіп тұру,мұғалімнің бұйрығы бойынша сөреден шығу,

Белгіленген жердегі тұрған кубикке жүгіріп барып алу (кубикті алған кезде оң қолыңмен алғанда оң аяқ қатар қойылады, егер сол қолмен алатын болсаң сол аяқ қойылады.
Қайталап жүгіру кезінде өте шапшаң жүгіру қажет.

Үлкен, бос кеңістік ысқырық, секундомер, нығыздалған доп, үлкен теннис добы, конустар












Сабақтың соңы:

10 мин


Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.


Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • нені білдім, нені үйрендім.

  • нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы - дене қаблеттерін дамыту жаттығулары

Ашық сұрақ-жауаптар

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Қабілеті жоғары оқушылар:

  • Топтағы физикалық қабілеті орташа оқушыларға қолдау жасай алады; Берілген тапсырманы толық орындай алады.

  • 600 м қашықтықты тоқтамай, бір қалыпты жүгіріп өте алады.


  • Қабілеті орта оқушылар: топтық жұмыстарда басқа оқушыларға көмек көрсете алады. 400 м қашықтықты бір қалыпты жүгіріп өте алады.

Қабілеті төмен оқушылар:

  • Жұмыс барысы бойынша қолдау көрсету

  • Мұғалімнің қолдауы.

  • 600 м қашықтықты тоқтап-тоқтап өтуі.


Сабақта пайдаланылатын әрбір тапсырманы ресми және бейресми тапсырмалар арқылы бағалау жүргізу


Оқушылар топтардың бір-бірін критери бойынша бағалауы.

2 Тапсырма бойынша бағалау критерилері:

  1. Эстафетаны жылдам аяқтау;

  2. Термин сөздерді дұрыс жазуы;

  3. Ойын барысында әділ болуы.

  • Оқушылар сабақ барысында эстафета ойыны кезінде техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін белгілейді.

  • Оқушылар жүгіру кезінде туындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді.


Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді?


2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?




3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?




4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?




Жалпы оқушыларды бағалау:


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!