Материалдар / Ашық сабақ: Power Point бағдарламасында фигураларды 3Д пішімдеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Power Point бағдарламасында фигураларды 3Д пішімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру педагогтарына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2021
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Power Point бағдарламасында фигураларды 3Д пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Power Point бағдарламасында жұмыс істеуді, фигураларды 3Д пішімдеуді графикалық мүмкіндіктерімен таныстыра отырып, білім білік дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық: 3 Д пішімдеу графикалық мүмкіндіктерін меңгерту арқылы оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік: балалардың адамгершілік тәрбиесіне баули отырып, өзіне деген сенімділікті арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, жеке жұмыс, «Сенімділік» тренингі, жаттығу жасау, ойын, сұрақ-жауап, тапсырмалар, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, компьютер, фигуралар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: информатика, сызу, ағылшын тілі


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткенді қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ

Теориялық бөлімі

Практикалық бөлімі

Сергіту сәті

IV. Сабақты бекіту

V. Сабақты қорыту

VI. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу: «Амандасу» жаттығуы (Күн бейнеленсе – жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз).

- Оқушыларды түгендеу

- Психологиялық жағымды орта қалыптастыру: «Сенімділік»

Мақсаты: оқушыны стрестік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

Шарты: оқушыларға бос парақ таратылады. Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1, 2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді, ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те, ортасы қырқылып алынады. Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып, жағымсыздарын қатты мыжып, қоқыс жәшігіне салады.


Жағымды

........................

........................

........................


Жағымсыз

........................

........................

........................








ІІ. Өткенді қайталау:

1. «Адасқан әріптер» ойыны. Орны ауысқан әріптерден сөздер құрау.

  1. оrwd  word

  2. етксе – кесте

  3. арфгиу – фигура

  4. жаұқт – құжат

  5. флйф – файл

  6. оуяб – бояу

  7. юқұ – құю

Балалар, бүгінгі сабағымызды Карен Шахназаровтың мына сөздерімен бастағым келеді: «Егер сіз оқығыңыз келсе – үйреніңіз, егер қаламасаңыз – ешкім сізге ештеңе үйретпейді!»

(Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады).


ІІІ. Жаңа сабақ:

Теориялық бөлім.

Microsoft Office  пакетінің Power Point бағдарламасы — әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу)  құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Сонымен қатар Power Point бағдарламасында 3D фигурасын пішімдеуге де болады. Оны таңдалған фигураның рельеф параметрлерін реттеу арқылы қолданамыз.

Практикалық бөлім.

Тапсырманы орындамас бұрын техникалық қауіпсіздік және компьютерде жұмыс істеу ережелерін еске түсірейік.

  1. Жұмыс кезінде өзінің де, өзгенің де көңілін бөлмеу.

  2. Жарық жоқ және оның нашар кезінде жұмыс істемеу.

  3. Компьютерді рұқсатсыз қоспау және қосылған компьютерді иесіз қалдырмау.

  4. Дымқыл немесе су қолмен жұмысқа отырмау.

  5. Монитор экраның желі жалғағыштарды, сымдарды қолмен ұстамау.

  6. Қондырғыларды рұқсатсыз орнынан қозғамау.

  7. Жұмыс орнынан қажетсіз кетпеу.

  8. Компьютерді қатты қозғамау.

  9. Компьютерлердің үстіне бөгде заттарды қоймау.

  10. Жұмыс орнында және бөлмеде тазалық сақтау.


Компьютерде жұмыс істеу ережесі.

1. Арқаңды тік ұста.

2. Иықтарыңды бос ұста, шынтақтарың тік бұрыш жасап бүгілген болсын. Басыңды сәл алдыға еңкейтіп тік ұста.
3. Орындығыңның отырғышы жұмсақ болуы, тізелерің тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарың жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
4. Арақашықтықты сақта. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық 70 см - ден аз болмауы тиіс.

1-тапсырма. Компьютерде орындау.

3-D көрінісін беру үшін сіздің суретіңізге және мәтіндік өрістерге қолдануға болатын эффектілердің екі түрі бар: 3-D айналу және бұралу. 3-D айналу нысанды басқа бұрыштан оқып жатқан сияқты әсер қалдырады және оны презентациядағы кез-келген пішінге қолдануға болады. Қиғаш пішіннің қалыңдығы мен дөңгелек жиектерін қосады, бірақ ол фигураның әр түрімен жұмыс істемейді.

  • Power Point бағдарламасын ашамыз.

  • Жаңа бетті таңдаймыз.

  • Кіріктіру батырмасын басу арқылы кез келген фигураны қоямыз.

3-D айналуды пайдалану:

  • Суретті немесе мәтін өрісін таңда.

  • Пішім қойындысын нұқы.

  • Пішін эффектілері топ фигураларының стильдері түймесін бас.

  • Тінтуірді 3-D айналдыруға бағытта. Ашылмалы мәзір пайда болады.

  • Ашылмалы мәзірден қажетті бұрылысты таңда. Егер сен жеке мәндерді енгізгің келсе, 3-D айналу параметрлерін басуға болады.

Шабуды пайдалану:

  • Суретті немесе мәтін өрісін таңдаңыз.

  • Пішім қойындысын нұқыңыз.

  • Пішін эффектілері топ фигураларының стильдерінен түймесін басыңыз.

  • Bevel жүгіргісін апарыңыз. Ашылмалы мәзір пайда болады.

  • Ашылмалы мәзірден қажетті қиғашты таңдаңыз. Егер сен жеке мәндерді енгізгің келсе, 3-D параметрлерін басуға болады.

Егер сен 3-D параметрлерін түртсең, сондай-ақ оған металл, пластик, немесе мөлдір көрінісін беру үшін материалдық фигуралар өзгерту мүмкіндігіне ие болады.


Өзіңді тексер!

  • PowerPoint көрсетілімін ашу.

  • Мәтінге WordArt эффектілерін қос.

  • Пішінді сал.

  • Пішінді басқа пішінге өзгерту.

  • Толтыру түсінің өзгеруі.

  • Контурдың түсін өзгерту.

  • Түрлі көлеңке эффектілерін қолданып көр.

  • Әр түрлі 3-D эффектілерін қолданып көр.


Сергіту сәті: Дене жаттығуларын жасау (бейнематериал).


IV. Сабақты бекіту:

«ББҮ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Білдім







V. Сабақты қорыту:

- Рефлексия

Өзін –өзі бағалау

Өзін-өзі бағалау – біздің қалай оқитынымыз туралы білім, өзін-өзі бағалау біздің нені оқуымыз. Өзін-өзі бағалауды жаттықтыру үшін мынадай сұрақтарды қолданыңыз:

  • Сізді не ойландырды?

  • Сізге не қиын болды?

  • Қай жерде көмек керек болды?

  • Сізге не ұнады?

  • Жаңадан не білдіңіз?

  • Бүгінгі сабақта нені өзгертер едіңіз?

Педагог сұрақтың жауаптарын оқушыларға өздерін бағалаудың үлгісі ретінде көрсете алады.

- Оқушыларды мадақтау

VI. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.


Күтілетін нәтиже:

Оқушылар:

  • Power Point бағдарламасында фигураларды 3Д пішімдеуді үйренеді;

  • жеке, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;

  • оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;

  • шығармашылық қабілеті артады;

  • бос уақытты тиімді пайдалуға мүмкіндік алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!