Материалдар / Ашық сабақ "Қалай дұрыс тамақтану керек?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қалай дұрыс тамақтану керек?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар орындай алады:Адам денсаулығы үшін қажеттіліктерді атай алады, тамақтанудың да денсаулыққа үлкен үлесі бар екенін түсіндіре біледі: Пәнге тән лексика мен терминология: Пайдалы тағам-адам денсаулығына пайдалы, дәрумендерге бай азық-түліктез (жеміс-жидектер,көкөністер,т.б). Тамақтану пирамидасы-дұрыс тамақтану үшін қандай тағамды және оны қанша мөлшерде пайдалану қажет екенін көрсететін сызба. Саумал-биенің жаңа сауылған сүтінен жасалатын сусын. Ас-мәзірі — белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі. Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы, оларға: ата-ана, ата-әже,аға, әпке, бауыр,қарындастар жатады. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -Сендер дұрыс тамақтану ережесін қаншалықты сақтайсыңдар?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
458
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: :Жаратылыстану

Ортақтақырып:Менің отбасым және достарым.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Жанды табиғат.

Күні:28.11.19.ж.

Сынып:1 «А»

Мектеп: «№2 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Мухатова Д.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қалай дұрыс тамақтану керек?


Оқу мақсаты

1.2.3.3 Адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтайды.

Көптеген оқушылар: Адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтап,пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады;

Кейбір оқушылар:Адамның өсуі мен дамуы үшін қажеттіліктерді анықтап,пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, олардың қаншалықты зиянды немесе пайдалы екенін зерттеп дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

Адамның өсуі мен дамуына керек қажеттіліктерді анықтайды;

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:Адам денсаулығы үшін қажеттіліктерді атай алады, тамақтанудың да денсаулыққа үлкен үлесі бар екенін түсіндіре біледі:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Пайдалы тағам-адам денсаулығына пайдалы, дәрумендерге бай азық-түліктез (жеміс-жидектер,көкөністер,т.б).

Тамақтану пирамидасы-дұрыс тамақтану үшін қандай тағамды және оны қанша мөлшерде пайдалану қажет екенін көрсететін сызба.

Саумал-биенің жаңа сауылған сүтінен жасалатын сусын.

Ас-мәзірі — белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі.

Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы, оларға: ата-ана, ата-әже,аға, әпке, бауыр,қарындастар жатады.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Сендер дұрыс тамақтану ережесін қаншалықты сақтайсыңдар?

Құндылықтарды дарыту

«Көремін, тыңдаймын, талқылаймын» әдісі арқылы оқушылардың ынтымақтастық құндылығы артады.Жұптық, топтық жұмыс жасау кезінде құрмет құндылықтары артады

Пән аралық байланыс

Дүниетану, сауат ашу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Бейне жазба, Imektep «Денсаулық» видеоролигі. https://www.youtube.com/watch?v=O7Lg63vLt2Y&tБалапан арнасы «Бойсергіт» бағдарламасы. https://www.youtube.com/watch?v=Nsrvg_KCyeo Интербелсенді тақта, видеоролик, сайттардан ақпараттар іздеу.

Бастапқы білім

Күнделікті тұтынатын тағамдар мен сусындар туралы біледі, түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


3минут




















4минут























5минут

Ұйымдастыру. (Сәлемдесу )

-Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.

Үлкенге де «СІЗ»,

Кішіге де «СІЗ»,

Сәлемдесіп құрметпен,

Бас иеміз біз

Психологиялық ахуал .

Дөңгеленіп тұрайық,

Бірге шеңбер құрайық.

Денсаулыққа пайдалы,

Тағамдарды жинайық.

Жаны саудың тәні сау,

Соны терең ұғайық.


Оқушылар партаның үстінде жасырын суреттер жатыр, соларға назар аударайықшы. Сендер сол суреттерді алу арқылы топтарға бөлінесіңдер.

1-топ. Жемістер

2-топ. Көкөністер

3-топ. Дәнді - дақылдар

Топтың ережесі:( слайд)

1.Бірін – бірі тыңдау

2.Уақытты үнемдеу

3. Белсенділік таныту

4.Ұйымшыл болу

5. Тыныштық сақтау.

Ой қозғау жаттығу.

«Тапқыр болсаң , тауып көр!» әдісі арқылы сабақ мақсатын жариялау үшін, оқушылардың ойын қозғауға бағытталған жұмбақтар шештіру.

-Жұмбақтың шешуі не жайында болды.

-Жалпы бұларды не деп атаймыз?( тамақ)

- Олай болса бүгінгі сабағымыз тақырыбы не туралы ?(тамақтану)

-Оқушылар бірлесіп сабақ тақырыбын табады.

- «Тамақтану, тамақ».

-Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қалай дұрыс тамақтану керек?» деп аталады.


Ой қозғау:

«Денсаулық» бейнеролигі көрсетіледі.

«Жаңа мағлұмат» әдісі арқылы балалар бейнеролик бойынша сұрақтарға жауап береді.

-Иммунитет дегеніміз не?

-Вирусқа қарсы тұратын, ауру-сырқаудан сақтайтын қасиет.

-Иммунитетті күшейту үшін не істеуіміз керек екен?

Дұрыс тамақтану, денсаулыққа пайдалы , дәруменге бай тағамдарды қолдануымыз қажет.

-Денсаулық мықты болу үшін тағы қандай ережелерді сақтау қажет?

-Дене жаттығуларын жасап, тазалықты мұқият сақтау керек.

-Дұрыс айтасыңдар.


Балалар тағы бір бейнежазбаны тамашалайықшы.

Дұрыс тамақтану адамның денсаулығына пайдалы.Әрдайым уақытылы тамақтану керек. Артық тамақ жеу - денсаулыққа зиян. Асты асықпай жақсылап шайнау қажет. Ғалымдар адамның денсаулығына пайдалы азық түлікті көрсету үшін «Тамақтану пирамидасын »ойлап тапты.

( Тамақтану пирамидасын көрсету.) Слайдтан, кітаптағы суретке назар аударту. Суретте берілген барлық топтарды және жеке азық – түліктерді атап шығуларын сұрау.

  • Суретте қандай азық – түліктер берілген атап жіберейікші.

  • -Олардың қайсыларын көп және жиі қабылдау керек. (Дәнді дақылдар, нан, макарон өнімдері , ботқаларды. )Олар пирамиданың қай жерінде орналасқан? -Жоғарыда не орналасқан? ( Торт ,тәттілер )Оны жеуге бола ма? (Иә, бірақ көп мөлшерде емес)

  • Демек пирамидада күнделікті тамаққа пайдалануға қажетті азық- түлік топтары көрсетілген. Пирамиданың төменгі жағында тамаққа жиі қолданылатын азық түліктер, ал төбесінде шектеулі мөлшерде қолдануға тиісті азық- түліктер орналастырылған.

  • Қазір тапсырмалар орындайық
















































«Денсаулық» видеоролигі. https://www.youtube.com/watch?v=O7Lg63vLt2Y&tБалапан













Бейнежазба, Imektep

Сабақтың ортасы


5минут





























5минут





















2 минут





5минут





















5 минут

1-тапсырма: (Т) «Менің күнделікті ас-мәзірім» постер құру әдісі арқылы өтеді.

Әр топ өзінің таңғы, түскі, кешкі ас мәзірінде қандай тағамдарды қолдану керек екендігін топтастырады. Ас-мәзірі — белгілі бір күні көрсетілген, сол күнгі тағамдар мен сусындар тізбесі.

1-Топ-таңғы ас

2-Топ-түскі ас

3-Топ-кешкі ас

Дескриптор:

1.Оқушылар тағам аттарын жаңылыспай атап бере алады.

2.Тамақтану уақытын жаңылыспай біледі.

3 Әрбір тамақтану уақытында қандай тағамдарды тұтыну керек екенін біледі.

(ҚБ) «Смайликтер » әдісі арқылы бағаланады.

Өте жақсы-күлімдеп бейнеленген

Жақсы-жымиған бейнесі бар

Талпыну керек-сәл мұңайған бейнелі

  • Күніне неше рет тамақтану керек?( 4-5 рет) тамақтану қажет.

  • Қай уақытта тамақтанған дұрыс?

(Үнемі бір мезгілде тамақтанған дұрыс, мысалы: 7.00 , -таңғы ас, 11-00 жеміс – жидек немесе шырын, 13-00 – түскі ас, 16-00- бесіндік, 19-00- кешкі ас.)

Таңғы ас нәрлі болу үшін ботқа , жеміс – жидектер жеген дұрыс.Ал кешке жұмыртқа, көкөніс, балықтан жасалған тағамдар жеген пайдалы.

2-тапсырма. «Заттарды ажырат» әдісі, (Т) себетке теру.

Суреттер араластырылып беріледі. Оқушылар пайдалы тағамдарды қоңыр, жасыл себетке,ал зиянды сусындарды қызыл себетке тереді.

І топ: Пайдалы тағамдарды жапсыру.( қоңыр себетке)

ІІ топ:Зиянды тағамдарды жапсыру (қызыл себетке)

ІІІ топ: Пайдалы сусындарды жапсыру.

( жасыл себетке)

Дескриптор:

-пайдалы тағамдарды атайды, жапсырады;

-зиянды тағамдарды атайды, жапсырады;

-пайдалы сусындарды атайды, жапсырады;

ҚБ: «Бағдаршам » әдісі арқылы бағалау.

Жасыл – өте жақсы

Сары- жақсы

Қызыл – талпын


-Балалар енді мына суретке зер салайықшы.

-Суретте қандай азық- түлік бейнеленген? Газдалған тәтті сусындар, жылдам әзірленетін тағамдарды, мысалы фри, гамбургер, ролтон.

-Газдалған тәтті сусындар, жылдам әзірленетін тағамдарды жиі қолдануға болады ма? (Жоқ)

.-Өйткені , Газдалған тәтті сусындардың құрамында қант өте көп. Жылдам әзірленетін тағамдардың құрамында түрлі дәмдеуіштер болады. Олар адам денсаулығына зиян.

- Газдалған тәтті сусындарды қандай сусындармен алмастыруға болады?

-Сүр ,шырын, қымыз,шұбат, айран ,су.

-Дұрыс айтасыңдар бұл сусындардың пайдасы зор.

Сендер білесіңдерме? Биенің жаңа сауылған сүті өте пайдалы.Мұндай сусынды саумал дейді.Саумалдың құрамында көптеген дәрумендер бар. Құрамындағы С дәруменінің мөлшері сиырдың сүтінен 7 есе жоғары, тұмау ауыруының алдын алады. Ол өзінің негізгі пайдалы қасиеттерін сауылғаннан кейін 3 сағаттың ішінде жоғалтады екен.


  • Сергіту сәті:»Көңілді күн!»


3-тапсырма: (Т) «Жас зерттеушілер» әдісі. Әр топ картоптан дайындалған чипси мен үй жағдайында дайындалған қытырлақ нанды зерттейді. Екі стақанға су құйып, біріншісіне кептірілген нанды, екіншісіне чипсиды салып, нәтижесін бақылайды. Зерттеу нәтижесінде қытырлақ нанның суға езіліп кететінінен басқа нәтиже көрінбейді, ал чипсидың бетіне дәмдеуіштер жәнеде бояудың шығатынына көз жеткізеді. Жәнеде, қасықпен екі стақандағы зерттеу жұмыстарының дәмін өру арқылы нанда еш дәм болмағанына, чипси салынған судың өте ашты, дәмдеуіштердің дәмі өте көп мөлшерде сезілетініне көз жеткізеді. Чипсиды қолданғанда адам асқазанында да дәл осылай қайталанып, зақымдайтынына көз жеткізіп,зиян екенін біледі.

1.Зиянды тағамдардың адам ағзасына кері әсерін атайды;

2.Пайдалы және зиянды тағамдарды салыстыра отырып зерттейді;

Бағалау:Топтар бір-бірін бағалайды

«Бас бармақ » арқылы бағалау


4- тапсырма: (Ж) «Әжеңе көмектес» әдісі арқылы дәптермен жұмыс жасайды.

Тек пайдалы тағамдарды боя.( Жеміс, шырын, ,қымыз,жұмыртқа)

Дескриптор:

1.Дәптердегі пайдалы тағамдарды бояйды.

2.Суреттеген тағамды атап, не себепті пайдалы тағам екенін түсіндіре алады;

ҚБ «Апельсин » әдісі арқылы бағаланады.


-Тапсырманы өте жақсы орындаған оқушыға-бір апельсин беріледі;

-Тапсырманы сәл қатемен орындаған оқушыға- жарты апельсин беріледі;

-Тапсырманы қате орындаған оқушыға-апельсиннің бір тілімі ұсынылады;























.









































770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!