Биология:
8
сынып
Сабақтың
тақырыбы: Қаңқаның
негізгі бөлімдері.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға
қаңқаның негізгі
бөлімдерін: бассүйек,
тұлға, қол,
аяқ сүйектері
туралы түсінік беру.
Дамытушылық:
тірек – қимыл
жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық –
физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен
қызметтері туралы білімдерін
арттыру.
Тәрбиелік:
адамның тік
жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған
ерекшеліктерді анықтауға
үйрету.
Сабақтың
түрі: ашық
сабақ
Сабақтың
типі: аралас
сабақ
Сабақты
өткізу әдісі: түсіндірмелі
көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың
көрнекілігі: адам
қаңқасы
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру
кезеңі:
-сәлемдесу,
оқушыларды
түгендеу, топқа
бөлу
ІІ.
Үй
тапсырмасын тексеру кезеңі:
«Миға
шабуыл»
-
Тірек – қимыл жүйесін құрайтын
мүшелер?
-
Қаңқаның атқаратын
қызметтері?
-
Адам қаңқасы қанша сүйектен
тұрады?
-
Қанқа деген
не?
-
Ағзада болатын барлық сүйектер
пішіні мен мөлшеріне байланысты неше топқа бөлінеді, оларды
ата?
-
Сүйектер неден
түзіледі?
-
Сүйектің жуандап өсуі неге
байланысты?
-
Сүйектің ұзарып өсуін не
қамтамасыз етеді?
-
Қанқаның толық сүйектенуі неше
жасқа дейін жалғасады?
-
Сүйектің құрамына не
кіреді?
-
Ағзалық заттар сүйекке қандай
қасиет береді?
-
Адамның жасы ұлғайған сайын
сүйегінде қандай ерекшеліктер болады?
«Кім
жылдам?»
№
|
Сүйектің
типтері
|
Оған кіретін
сүйектер
|
1.
|
Қысқа
сүйектер
|
|
2.
|
Ұзын
сүйектер
|
|
3.
|
Жалпақ
сүйектер
|
|
1.
саусақ сүйектері; 2. ми сүйектері; 3. алақан сүйектері; 4. білезік
сүйектері; 5. тоқпан жілік; 6. омыртқа сүйектері; 7. кәрі жілік; 8.
шынтақ сүйек; 9. асықты жілік; 10. ауырын; 11. қабырға; 12. башпай
сүйектері; 13. жамбас; 14. ортан жілік; 15. толарсақты құрайтын
сүйектер;
«Сәйкестендіру
кестесі»
№
|
Сүйектер
|
Сүйектердің байланысу
түрлері
|
1
|
Жауыран мен тоқпан жілік;
тоқпан жілік пен кәрі жілік; жамбас пен ортан жілік; ортан жілік
пен асықты жілік
|
|
2
|
Омыртқа жотасының сүйектері,
арқа омыртқасы мен төс, қабырға
сүйектері
|
|
3
|
Сегізкөз,
құйымшақ
|
|
4
|
Ми сүйектері (маңдай, төбе,
самай, шүйде)
|
|
ІІІ Жаңа
сабақ.
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне
бөлінеді. Ми сауыты
бөлімі бірімен - бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1),
тебе (9), самай (8), шүйде (7) және т. б. сүйектерден құралған.
Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ
жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні
ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бүлкілдейді. Ми
сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан
өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең
соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай
жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері
қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды
жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми
сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет
бөліміне - үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай
және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен
шықшыт буыны арқылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде
(маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол
сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз
етеді.
Қол қаңқасы -
иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана
мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның пішіні үшбұрышты үш
қырлы, жұқа әрі жалпақ
сүйек.
Бұғананың бір
шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол
сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі
(білек), қол басы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен қатарласа
орналасқан. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып
тұрады
Қол басы
суйектеріне - білезік, алақан және саусақ сүйектері жатады.
Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек,
саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің - бас бармақтан
баскасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал бас бармақта
екеу болады
Аяқ қаңқасына -
жамбас белдеуі мен аяқ ұшы сүйектері жатады Жамбас пен сегізкөз
тұтасып жамбас қуысын құрайды. Әрбір жамбас сүйегінің өзі бірімен -
бірі тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай)
тұрады
Аяқ суйектеріпе
жататындар: ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, аяқ
ұшы және башпай сүйектері. Асықты жілікпен қатарласа тұратын
жіңішке сүйек - шыбық (садақ) сүйек деп аталады. Ортан жіліктің
жұмыр ұршық басы жамбас ойысына кіріп тұрады. Толарсақта 7 сүйек
бар, оның ең ірісі - өкше сүйегі. Табанды қысқа бес сүйектер
құрайды. Қол саусақтары сияқты аяқтың башпайлары да, үлкен
башпайдан басқасы 3 қысқа сүйектен құралған. Қол және аяқ сүйектері
бірімен - бірі қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Мысалы, шынтақ
буыны, тізе буыны және т. б. Аяқ ұшы сүйектерінің дұрыс
қалыптаспауынан көбіне жалпақ - табандылық ауытқуы пайда болады.
Оған аяқ бұлшықеттерінің өлсіз дамуы да әсер етеді. Бұл кезде аяқ
ұшы сүйектерінің күмбезденіп орналасуы ауытқып, табан сүйектері
жерге толық тиіп тұрады. Жүргенде, жүгіргенде аяқтың бұлшықеттері
тез шаршайды. Жалпақтабандылықты болдырмау үшін өкшесі бар аяқ киім
кию керек.
ҮІ. Қорытынды.
Тірек - қимыл мүшелер жүйесінің маңызы: тірек - қимыл мүшелер
жүйесіне қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бірімен - бірі дәнекер
ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектерден қаңқа
түзіледі.
Ү
Бекіту.
Сұрақ-жауап:
-
Адам қанқасының негізгі 3
бөлігі?
-
Ми сауыты қандай сүйектерден
тұрады?
-
Астыңғы жақ сүйегі самай
сүйегімен қалай байланысқан?
-
Ми сауытының шүйде сүйегіндегі
үлкен тесік не үшін керек?
-
Омыртқа жотасы неше жерден
иілген және оның маңызы?
«Биологиялық
диктант»
Бас
сүйек 2 бөлімнен: ..... және ..... тұрады. Ми сауытының сүйектері -
....., ....., жұп .... және ..... сүйектері өзара берік (қозғалмай)
байланысқан. Бас сүйектің бет бөлігін ірі сүйектер – қозғалмайтын
....., қозғалмалы .... және бет, мұрын, таңдай, т.б. Сүйектер
құрайды.
Тұлға қанқасына .... мен .....
және ..... жатады. Омыртқа жотасы ...-... омыртқадан тұрады. Оны
мойын (... омыртқа), арқа (... омыртқа), бел (... омыртқа),
сегізкөз (... қосылып өскен омыртқа), құйымшақ (...-... қосылып
өсен омыртқа) бөлімдері құрайды.
Зертханалық
орындау
№8.
Зертханалық жұмыс. Омыртқа жотасының иілгіштігін, бұлшықеттер мен
сүйектерінің орналасуын
анықтау.
ҮІ.
Бағалау.
ҮІІ. Үйге
тапсырма.
§ 23 - § 24 оқу
108 беттегі кестені толтыру