400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Қазақ тілі. "Қазақ жазуы" 8 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныптың қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары. "Қазақ жазуы" тақырыбындағы ашық сабақ. Сабақтың мақсаты: О. 8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; Ж . 8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: 1.5.

Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицей

Күні: 20.09.18ж

Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева Самал Жақсылыққызы

Сынып: 8 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 18

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы

Қазақ жазуы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О. 8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

Ж . 8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.

Сабақтың мақсаттары

Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып,жинақы мәтін жаза алады;

Дәйекті ақпарат арқылы қайта мәтін құрастыра алады ;

Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолдана отыра мәтін құрайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып,жинақы мәтін жаза алады;

Дәйекті ақпарат арқылы қайта мәтін құрастыра алады ;

Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолдана отыра мәтін құрайды;

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

жазба ескерткіштер, рун жазбалары, Орхон ескерткіштері,

Талқылауға арналған сұрақтар:

Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалымдардың еңбегі туралы не білеміз?

Орхон ескерткіштері қай жерлерден табылған?

Көне түркі ескерткіштерінің құндылығы неде?

Бағалау критерийлері

Берілген ақпараттан жинақы мәтін жаза алады;

Дәйекті ақпарат арқылы қайта мәтін құрастыра алады ;

Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолдана отыра публицистикалық стильде мәтін құрайды;

Құндылықтарды дарыту

Ел тарихын құрметтей білуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, ноутбук

Осыған дейін меңгерілген білім

Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыра алды, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алды, диалогке еркін түсе білді, пікірлерін білдірді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Бағалау

Дереккөздер


Қызығушылықты ояту


5 минут

Сыныпқа психологиялық ахуал тудыру.

  1. «Джавани құпиясы» әдісі арқылы сыныпқа психологиялық ахуал орнатамын.

  • Жасырын нәрсе не? (рун жазбасы)

  • Ол қайдан табылды? (Орхон, Енесей өзендері бойынан)

  • Оны кімдер тапты? (ғалымдар)

( сөздер: рун жазбасы, домбыра, қытай жазбасы, Орхон-Енесей өзендері, Балқаш теңізі, Арал теңізі, Тынық мұхит, ғалымдар, бишілер, мұнайшылар, алтын балық, мұнай, тапты, жасады, орналастырды, суретшілер, оқушылар)

3 сұрақтың жауабымен сабақ тақырыбына шығып, оқу мақсатымен таныстырамын.

Алған сөздердегі түстер бойынша топқа бөлінеді



Қошемет




Сабақтың басы


7 минут

Жеке жұмыс. «Болжау» әдісі бойынша бейнебаянды көрсете отырып, сабақ тақырыбы мен көтерілетін мәселені болжату. Сабақ мақсатымен таныстыру

Дескриптор:

-бейнебаянды тыңдап, сабақ тақырыбын болжайды;

-тірек сөздер арқылы көтерілген мәселені болжайды;

-сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийі: бейнебаянды тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжайды.

Тыңдалым алды тапсырма: Сұрақтар:

8-бет, 1-тапсырма.

Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеген ғалымдардың еңбегі туралы не білеміз?

Орхон ескерткіштері қай жерлерден табылған?

Көне түркі ескерткіштерінің құндылығы неде?

Смайликтер арқылы

«Көне түркі жазбалар»

youtube.com


Сабақтың ортасы


10 минут

























10 минут















І.Жазылым кезіндегі тапсырма. Топтық жұмыс.

«Жинақы мәтін» әдісі.

Десктриптор:

1.Берілген сөйлемдерді құрастыра отыра, мәтінді жинақтау;

2.Ғаламтордан алынған мәтінмен толық нұсқасын салыстыру;

3.Оқылым мәтіндері арасындағы айырмашылықты айқындау.

Бағалау критерийі:

1.Берілген сөйлемдерді құрастыра отыра, мәтінді жинақтайды;

2.Ғаламтордан алынған мәтінмен толық нұсқасын салыстыра алады;

3.Оқылым мәтіндері арасындағы айырмашылықты айқындайды.

Саралау.

Қажеттілігі бар оқушылар:

Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады, диалог құрастырады.

Қабілеттілігі бар оқушылар:

Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады, ойды түйіндейді, диалогке түседі, зерттеушілік диалогке түседі.

ІІ.Жазылым кезіндегі тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Бос микрафон» әдісі. Журналист ретінде мәтінді редакциялайды, сөз сөйлейді

Тыңдалым және оқылым материалдар бойынша кілтті сөздерді тақтаға жазады.

Десктриптор:

1.Кілтті сөздерді құрастыра отыра, мәтінді жинақтау;

2. Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолдана отыр мәтін құрау;

3.Мәтінді редакциялау.

Бағалау критерийі:

1.Кілтті сөздерді құрастыра отыра, мәтінді жинақтайды;

2. Публицистикалық стиль ерекшеліктерін қолдана отыр мәтін құрайды;

3.Мәтінді редакциялайды.

І топ. Радио ақпараты

ІІ топ. Газет ақпараты

ІІІ топ. Теледидар ақпараты

Қалыптастырушы бағалау.

Жұп болып бір-бірін «Бағалау сэндвичі» арқылы бағалайды. 1. Мадақ 2. Сын 3. Мадақ


Сілтеме. Көне түркі жазуының тарихына шолу

http://e-history.kz/kz/publications/view/kone_turki_zhazuinin_tarihina_sholu__1149











Сабақтың соңы


5 мин






3 мин








«Қазақ жазуы» тақырыбы бойынша оқушылар өз ойларын «ПОПС» формуласы бойынша білдіреді.

1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»


Кері байланыс.

«3-2-1» әдісі

-Бүгінгі сабақтан есте қалған 3 нәрсе жазыңыз.

-Сабақта естіген 2 маңызды ұғым жазыңыз.

-Сабақ кезінде туындаған 1 сұрақ жазыңыз

Оқушылар өздерінің жазғанын оқып, қысқаша түсіндіріп

тақтаға жапсырады.






Сілтеме. Көне түркі жазуының тарихына шолу. http://e-history.kz/kz/publications/view/kone_turki_zhazuinin_tarihina_sholu__1149


Ұлы Дала өркениеті біздің бүгінгі күнімізге қандай жақындап келе жатса, көне Түркі жазуына да сондай жақындап келеміз.  18 мамыр – көне Түркі жазуы күні.  Көне Түркі жазуының пайда болуы туралы болжамдар 

- Бұлар ру таңбаларына ұқсайды. Мағыналық белгілерге ұқсайды.

- Көне замандағы финикия жазуының арамей тармағына ұқсас жерлері бар. 

- Көне Соғды жазуын Түркі тіліне бейімдер өңдеу және таңбалар қосу арқылы қалыптасқан.

Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.  

Сілтеме. Көне түркі жазуының тарихына шолу

http://e-history.kz/kz/publications/view/kone_turki_zhazuinin_tarihina_sholu__1149


Ұлы Дала өркениеті біздің бүгінгі күнімізге қандай жақындап келе жатса, көне Түркі жазуына да сондай жақындап келеміз.  18 мамыр – көне Түркі жазуы күні.  Көне Түркі жазуының пайда болуы туралы болжамдар 

- Бұлар ру таңбаларына ұқсайды. Мағыналық белгілерге ұқсайды.

- Көне замандағы финикия жазуының арамей тармағына ұқсас жерлері бар. 

- Көне Соғды жазуын Түркі тіліне бейімдер өңдеу және таңбалар қосу арқылы қалыптасқан.

Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Монғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.  






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
80 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
6285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі