Материалдар / Ашық сабақ "Қазақстанда жасалған" 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қазақстанда жасалған" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Қазақстанда жасалған тауарлар жөнінде өз білгендерін топппен жасай отырып ортаға салады,Қазақстанда жасалған тауарлардың қорапшаларын әкеліп, сол тауарға жарнама жасайды.Сол тауарларды жарнамалай отырып сабақтың тақырыбын ашты.Топпен жұмыс жасай отырып, тауарлардың сапасына тоқталып өтті.Қазақстанда жасалған тауарлардың эмблемасын өз түсінгендері бойынша ашып көрсете алды.Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып келешекте Қазақстанда қандай тауарларды өндіргілері келетінін көрсете алды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ тақырыбы:

Қазақстанда жасалған.

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі: Токтаганова Л.Ж:

СЫНЫП: 1 «А» сынып

Қатысқандар саны: 22


Қатыспағандар саны: -

Оқу мақсаты:

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар: Қазақстанда өндірілетін негізгі тағам өнімдерімен танысy;


  • Оқушылардың басым бөлігі: өсімдік және мал өнімдерінің түрлерін ажыратy;

  • Кейбір оқушылар: Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді табуды үйрену.

Тірек сөздер:

өндіріс – производство – production; өнім – продукция – product;

құрам – состав – ingrediens.

Ресурстар:

«Қазақстанда жасалған» тақырыбы бойынша таныстырылым, Қазақстан картасы, Қазақстанда өндірілетін тағам түрлерінің суреттері, әр топқа арналған флипчарт қағаздар.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Қазақстанның тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Еліміз ет, сүт, жарма, нан өнімдерінің сапасы мен бағасы бойынша әлемдік бәсекеге түсе алады. Кондитерлік бұйымдар өндіретін «Рахат» АҚ, «Тұлпар» АҚ, шай өндіретін «Алматы шайы» ЖШС, қант өндіретін «Қант» ААҚ және «Көксушекер» АҚ, өсімдік майын өндіретін «Май» АҚ – елдегі ең белгілі фирмалар болып табылады. Кейінгі жылдары шетелдік фирмалармен біріккен бірқатар тағам өнімдерін шығаратын кәсіпорындары құрылды, атап айтқанда «Кока кола Алматы Ботлерс» біріккен кәсіпорны (сусындар), «Беккер және К» біріккен кәсіпорны (шұжықтар),

«Сұлтан»АҚ (макарондар), «Фудмастер» біріккен кәсіпорыны (сүт өнімдері), «Қарағанды конфеттері» АҚ және сондай-ақ, ішкі нарықта танымал «Баян сұлу» ААҚ (кондитерлік бұйымдар), Алматы және Қарағанды қалаларындағы маргарин зауыттары бар.


Ең дамыған сала – ет өнеркәсібі. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 1930-жылдары салынған Семей ет консерві зауыты. Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Олардың негізгі шикізат көзі ауыл болып саналады.


Таңғажайып апорт алмасы. Апорт – бұл алманың бірегей сұрыбы. Ол халықаралық көрмелерде жоғары марапатқа ие болды. Апорт Алматы қаласының нағыз нышанына айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Алматы апортын өсіруді жандандыру мәселесі көтеріліп отыр. Мемлекеттің қолдауымен бұл алма сұрыбын қайта жандандыру жөніндегі ғылыми бағдарлама жасалды.

Шаттық шеңбері.

Топқа бөліну: «Оңтүстік», «Солтүстік», «Батыс», «Шығыс»

Топ ережесін құру.

«Қазақстанда өндірілетін қандай тағам түрлерін білесің?»

«Оларды кімдер өндіреді?» «Қандай елді мекенде, қандай қалаларда тағам

өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар?»

Жауабы: Нан өнімдері, сүт және ет өнімдері, қант және т.б.

Зауыттар мен комбинаттардың жұмыскерлері. Қазақстанның барлық облыс орталықтарында.

Оқушылардың жауаптарын тыңду. Бүгінгі сабақ елімізде жасалатын тағам түрлері туралы болатынын айту. Тағам түрлерін өндіретін өңірлерге саяхат жасайтынын хабарлау. Оқушылардан тақтада ілулі тұрған Қазақстан картасының төрт тұсын көрсетуін сұрау. Олар өткен тақырыпты естеріне түсіріп, картадан Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысты көрсетеді. Алдымен жаңа сөздерді түсіндіруден бастау.

Еліміздегі тамақ өндірісі. Оқушылар өздері білетін ақпараттарын ортаға салып, сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруі үшін сабақты тірек сөздерді түсіндіруден бастау. Өндіріс – кез келген пайдаланатын заттарды жасап шығаратын орын, ал құрам – бір бүтін нәрсенің барлық бөлшектерінің жиынтығы екенін айту. Бұл сөздердің мағынасын былайша түсіндіру «Анаң саған бәліш дайындады. Анаң бәлішті жасап шығарған өндіріс орны ас үй болса, шығарылған өнімі бәліш болады», «Анаң ботқа дайындау үшін нелерді қосады? (Оқушылардың жауабын тыңдаңыз.) Осы атаған заттардың барлығы ботқаның құрамы деп аталады». Бұл сөздердің үш тілдегі атауларының жазылуын интерактивті тақтада көрсету. Оқулықтағы мәтінді бір оқушыға сыныптың алдында мәнерлеп оқып беруін сұрау. Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің аймақтарына зерттеу саяхатын жасауды тапсыру. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге жазуы тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулықтағы картаны қолданады. Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік жасау. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстыру. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіруін сұрау. Оқушылармен бірге саяхат бойынша әрі қарай ауылда тұратын әжесі мен оның немересіне баратынын айту.

Ас дастарқанға қалай келді? Оқулықтағы бұл тапсырма әжесі мен немересі арасындағы аяқталмаған диалог ретінде берілген. Тапсырма

оқушы дастарқанға тағамның еңбекпен келетіндігін түсіне білуі мақсатында беріледі. Оқушылар тапсырманы жұпта рөлге бөлініп орындайды. Диалогты жалғастыра алмай отырған жұпқа қолдау көрсету. Үлгі ретінде бір жұптың тапсырманы сынып алдында орындауын сұрауға болады немесе рөлдік ойын түрінде өткізу.

Мақал-мәтел. Тапсырманың тәрбиелік мәнін арттыру үшін «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақалының мағынасын қалай түсінгендерін сұрау. Оқушылар мақалдың мағынасын топ ішінде талдайды. Оларға нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбек ету қажет екені туралы тұжырым жасауға көмектесу.

Анықта. Бұл айдардың тапсырмасын топта орындаған дұрыс. Оқушыларға туған өлке бойынша саяхат жасаудың жалғасатынын айту. Бұл тапсырма ақпарат көздері (сурет, мәтін) арқылы сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға өз қаласында (ауылында) орналасқан тағам өндіруші кәсіпорындардың суреттерін көрсету. Өз қалаңдағы, өңірдегі тағам өнеркәсібі кәсіпорындары туралы қосымша материалды алдын ала дайындап, әр топқа таратып беру.

Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Сен білесің бе? Бұл айдарда оқушылар Алматы қаласының атауы қалай пайда болғанын біледі. Оқушылардан саяхатымыздың соңғы аялдамасы Алматы қаласы екенін айту. Алматы еліміздің қай аймағында орналасқанын анықтап, Қазақстан картасынан көрсетулерін сұрау. Қаланы неліктен осылай атағанын сұраңыз. Оқулықтағы айдардың мәтінін оқу. Оны деректі материалдардан алынған мәліметтермен толықтыру.


Бұл сабақта үш тілдегі тірек сөздерді меңгерту 1-тапсырманы орындау кезінде қамтылады.Мәтінмен жұмыс істеудің алдында сөздердің мағынасына қарапайым түсінік беру. Үлестірме парақша түрінде үш тілдегі тірек сөздерді әр топқа араластырып беріп, аударма реттілігімен қоюды тапсыру.


Ас дастарқанға қалай келеді?

Әже, ас дастарқанға қайдан келеді?


Балам, ас дастарқанға оңайлықпен келмейді. Бұл – халықтың еңбегі. Әжесі мен немересі арасындағы әңгіме қалай аяқталды деп ойлайсың?


Мақал-мәтел


«Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


АКТ. 1-тапсырмада және «Анықта» айдарының тапсырмасын орындау кезінде оқушылар интернетті пайдаланады.


Өнер. Оқушылар жұмыс дәптерінде бірінші тапсырманы орындайды (бояйды).



«Үлкен адамға жүз сұрақ» ойынын ойнату. Ортада үлкен адамға арналған орындық қойылады. Ол орындыққа отырған оқушы өзін үлкен адам сезініп, қойылатын барлық сұрақтарға жауап беруі керек. Мұғалім де орындыққа отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап беруіне болады. Осы сәтті пайдаланып, сабақты қорытындылау.






Бағалау


Оқушылар:

–– елімізде өндірілетін негізгі тағам түрлері туралы білді;


–– барлық тағам түрі ауыл еңбеккерлері мен кәсіпорын жұмысшыларының қажырлы еңбегімен келетінін түсінді.


Оқушылар:

–– мал өнімдері мен өсімдік өнімдерін ажыратуды үйренді;


–– Қазақстан картасынан еліміздің қай өңірінде не өндіретіндігін көрсете алады.


Бағалаудың бір түрі ретінде берілген дұрыс және жалған сөйлемнің тұсына тиісті белгілерін қою қажет. Оқушылар ұғымы жағынан дұрыс құрылған сөйлемге +, ұғымдық қатесі бар сөйлемге – белгісін қояды.

1. Еліміздің шығысында қант өндіреді.

2Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 . Қызылорда – күріштің Отаны.

Shape5 Shape6 Shape7 Shape8

3. Барлық тағам түрлері еңбекпен келеді.

Қорытынды бағамдау


Рефлексия.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!