Материалдар / Ашық сабақ "Қобыланды батыр" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Қобыланды батыр" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға көмек ретінде, ашық сабақ жоспарын құруда үлгі ретінде көмек болады деп ойлаймын. Және сабақтың мақсаты: оқушыларға батыр ата-бабаларымыздың ерліктерін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А.

А.С. Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектеп





Тақырыбы:

Қобыланды батыр.

Сынып: 3 «Б»

2017-2018оқу жылы





Сынып: 3 «Б» сынып

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр»

Мақсаты: Батырлар жыры туралы мәлімет алады, жыр үзіндісімен танысады.

Батырлар ерлігін, халқы үшін жанын беруге дайын болғанын түсінеді.

Сабақтың көрнекілігі: Батырлар суреттері,«Қобыланды батыр» жыры үнтаспа,

видеотаспа, АКТ

Сабақ барысы:

I. Психологиялық ахуал (1мин)

Үлкенге де – сіз,

Кішіге де – сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

II. Топқа бөлу: (1мин)

Қатар бойынша топ болып қалады, аттарын бүгінгі тақырыпқа сай өзгертеміз.

1топ- Алпамыс батыр

2топ- Ақдаул хан

3топ – Қобыланды батыр

Бағалау: Оқушыларға смайликтер жапсыру арқылы , сабақ соңында

смайликтер санымен бағаланады.

III. Үй тапсырмасын тексеру (7мин)

1 топ: Кестені толтыр, көлдер қай аймақта орналасқан?

2 топ: Өз туған жеріңді мақтаныш сезімімен сипаттап жаз.

3 топ: Ребусты шешу. Ондағы сөздер тараудағы қай ақынның өлеңінде кездеседі?

Өлеңді жатқа айта аласыңдар ма?

Әр топтан бір оқушы жауап береді, және басқалардың орындағандарын тексеріп шығамын.

IV. Қызығушылықты ояту (3мин)

Батырлар суреттерінің топтамасы бойынша «Галереяға саяхат» ұйымдастарамын. Бәріміз назарымызды тақтаға аударамыз. Батырлар суреттері көрсетіледі.

  • Бұл суреттерде кімдер бейнеленген?

  • Олай ойлауларыңа не себеп болды?

  • Қандай ерекше белгілеріне қарап айтуға болады?

Олай болса балалар бүгін біз осы батырлардың ішінен Қобыланды батыр туралы кеңінен білетін боламыз.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қобыланды батыр.

(Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады)

V.Жаңа сабақ. Топтастыру (10мин)

Алдыңғы сабақтарда батырлар жыры туралы өткен болатынбыз. Олай болса батырлар жырының мазмұны қандай болады? (отанын сыртқы жаудан қорғау)Оларды бізге жеткізушілерді кім деп атаймыз? (жыршылар)

(Оқушылар назары тақтаға аударылады.)

  1. Қобыланды батырдың өмірбаянымен таныстыру . (слайд)

  2. «Қобыланды батыр» жырынан үзіндімен таныстыру.

  3. Оқушылардың кезектесе оқуы. (Әр топтан 1-2 оқушы оқиды)

  4. Оқулық бойынша сұрақтар:

1. Қобыландының тұлпары қалай аталады?

2. Шайқаста кім жеңді деп ойлайсыңдар?

3. Жыр шумақтарын оқығанда қандай әсер алдыңдар?

VI. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы (2мин)

Нар – түйе, қарыс - өлшем, сүйем – сұқ саусақ.

Сергіту сәті: (1мин) «Егер саған ұнаса былай ет»

VII. Топтық жұмыс. (9мин)

«Қобыланды батыр» жырының көркем образы. (бейнетаспа)

1топ: «Қобыланды батыр» жырындағы кейіпкерлер

2топ: Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.

3топ: Қобыланды батыр бейнесі

VIII. Бекіту: (2мин)

а)Бүгінгі сабақ туралы сұрақ-жауап. (Не білдік?)

ә)Сөзжұмбақ шешу: батырдың қару-жарақтары

Үй тапсырмасы: (1мин)

Жырды мәнерлеп оқу.

Салыстырмалы картаны толтыру

IX. Бағалау: (1мин)Смайликтер санына қарай бағалаймын.

X. Кері байланыс: (1мин)

Смайликтерін қалаған нұсқаға жапсырады





































 

 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!