Материалдар / Ашық сабақ "Құстар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Құстар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құстардың бейнесін жасауды үйрену;жұмыс орнын таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу Керекті құралдар мен материалдар:табиғи материалдар(үйеңкі жапырақтары,бұтақтар,шырша бүрлері жаңғақтар),т.б. ермексаз (сазбалшық), тақтайша, құстар бейнесінің үлгісі(торғай,қораз),әліппе дәптер. Әдіс-тәсілдері:ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету,түсіндіру;әңгімелесу,табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап,құстың пішінін жасау жолдарын көрсету;сұрақ-жауап,ойын іс-әрекеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қазан 2022
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні, айы:

Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қол еңбегі Вариак/тік компонент

Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен түрлерімен таныстыру.

1.Білімділігі: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру;олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылығы: Онымен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге дағдыландыру;табиғи материалдарды біріктіру,толықтыру жұмысына ермексазды орынды пайдалануға үйрету;

3.Тәрбиелігі: Құстардың бейнесін жасауды үйрену;жұмыс орнын таза ұстауға,

ұқыптылыққа тәрбиелеу

Керекті құралдар мен материалдар:табиғи материалдар(үйеңкі жапырақтары,бұтақтар,шырша бүрлері жаңғақтар),т.б. ермексаз (сазбалшық), тақтайша, құстар бейнесінің үлгісі(торғай,қораз),әліппе дәптер.

Әдіс-тәсілдері:ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету,түсіндіру;әңгімелесу,табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап,құстың пішінін жасау жолдарын көрсету;сұрақ-жауап,ойын іс-әрекеті.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Шаттық шеңбер:

Кел, балалар, күлейік, 
Күлкіменен түлейік! 
Қабақ түйген не керек, 
Көңілді боп жүрейік!

Күз мезгілі туралы әңгімелеу.

- Қазір жылдың қай мезгілі? -Күз неше айдан тұрады? -Күзді неге «алтын күз»деп атайды?


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.



Балалар сұрақтарға жауап береді

Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

Педагог балалардың құстар жайындағы білімдерін тиянақтайды.

Балалармен достасып,

Бұрап қойған сағаттай,

Жазда бақты қорғайды. Айқайлайды таң атпай.

Күзде кетер қоштасып, (әтеш)

Кім біледі...(торғайды)

Балалар үй құстары мен жабайы құстарды сурет бойынша салыстыра отырып,бір-бірінен ерекшеліктері жайында әңгімелейді.Құстардың табиғатқа,адамға пайдасы туралы айта келіп,

оларды құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.Қолдарындағы табиғи материалдардан әртүрлі құстарды жасауға болатындығы айтылады.Оларды денесінің қандай мүшесін жасауға қолдануға болатындығы сұралады.Педагог табиғи материалдарды бір-бірлеп көрсете отырып,таныстырады(шырша бүрлері,өсімдік тұқымдары,жаңғақтар,бұтақтар,әртүрлі кепкен жапырақтар,т.б.).Табиғи материалдардан құрастырылған әртүрлі жұмыстардың үлгілерін көрсетеді. Солардың ішінен құстардың дене құрылысына талдау жасалады.Әліппе-дәптердегі құстарды жасау үлгісін балалармен бірге талдай отырып,жұмыс жасауға бағыт-бағдар беріледі.Біріктіру тәсілдерін көрсетеді.Құстардың дене бөліктерін бір-біріне біріктіру үшін ермексазды пайдаланамыз;

-бас пен кеуде бөлігі-ермесаз;

-қанаты мен құйрығы,тұмсығы-шетеннің қанатжапырақтары;

-мойны мен аяғы-бұтақтардан;

-көзі-жүзім дәні;

-айдары мен тұмсығы-қызыл түсті қатырмақағаздан;

-тұғыры-ермексаздан.

Ұсақ бөліктері ермексазға батырып кіргізу арқылы орналастырылады.

Жұмыс дайын болған соң,бұл құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын сұрайды.

Жауабы: «жем шашамыз,ұя жасап,су береміз,т.б.» Қандай тыйым сөздер білесіңдер? «Құстың ұясын бұзба», «Жұмыртқаны жарма».





Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.





Қайшы мен жұмыс ережесін еске түсіреді














Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды









Сергіту сәтін орындайды.





Балалар өз қалауы бойынша құсты жасайды.






Рефлекция (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою

Балалар жұмыстарының сапасы,ерекшелігі айтылып,жақсы еңбектер мадақталады.




Күтілетін нәтиже: Балалар мысық пен күшік жасау тәсілдерімен танысты.

Нені білу керек: Табиғи материалды қолданып құсты жасауға үйренді.

Қандай түсініктерді игерді:балалардың ой өрісі дамыды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!