Материалдар / Ашық сабақ "Ритмикалық гимнастика негізі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Ритмикалық гимнастика негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
- Оқушылар жеңіл атлетика сабағындағы техника қауіпсіздік ережесін біледі; - Жүгірудің түрлерін түсіндіріп бере алады. - Төменгі старттан дұрыс жүгіре алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2021
623
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дене тәрбиесі № 23-24

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім - Гимнастика

Мектеп: Өскемен қаласы ХББ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Даутбеков Б.Д

Күні: 23.11.2020 ж

Сынып: 7

Оқытылу тілі: қазақша

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:


Ритмикалық гимнастика негізі

Осы мақсаттары

7.3.2.1. Ағзаның функционалды жүйесіне әсер ететін жаттығуларды орындау


Сабақ мақсаттары

1. Барлық оқушылар гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережесімен таныс және әр-түрлі қимыл әрекет кезінде сақтана біледі.

Бағалау критерилері

1. Оқушылар мұғалімнің қауіпсіздік ережесіне байланысты нұсқауды тыңдау.

2. Оқушылар гимнастика сабағында дұрыс денені қыздыра біледі.

3. Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі сақтануды және өзгені сақтандыруды біледі.




Тілдік мақсаттар


Оқушылар біледі:

  • Акробатикалық жаттығулар кезіндегі техникалық амал-тәсілдерді қалай қолдану керек екендіктерін түсінеді. Сабақ барысындағы пәнге тән негізгі термин кілт сөздерді үш тілде біледі.


Сабаққа байланысты сұрақтар:

  • Гимнастика сабағындағы акробатикалық элементтер қоспасы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Белгілі-бір техникалық амал-тәсілдерді орындау үшін жалпы денені қыздыру маңызды ма және қаншалықты?



Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтары. Жүгіру немесе денені қыздыру жаттығулары кезіндегі іс-әрекеттердің жауапкершілігін түсінеді, команда болып жұмыс жасайды. Гимнастика сабағы кезінде, әділ және таза жүгіруге ынталанады. Оқушылар бір-біріне қиянат жасап, немесе кекетіп көрсетуден аулақ болуға үйренеді. Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнедерімен байланыс. Ойынға қатысты терминдерді үш тілде білу.


Акт қолдану:

Сілтемелер бойынша материалды көрсету


Бастапқы білім

Оқушылар, бұрын үйренген жалпы акробатикадан білімдерін көрсету күтіледі. Акробатикалық жаттығулар дағдыларын іс жүзінде қайталайды, шыңдайды және көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қаншалықты дайын болуларына көз жеткізу. Бүгінгі сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Сабаққа зейіндерін аударуларына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл).

Гимнастика сабағындағы акробатикалық элементтер қоспасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Белгілі-бір техникалық амал-тәсілдерді орындау үшін жалпы денені қыздыру маңызды ма және қаншалықты?

Бағалау критерийлері:

-Оқушылар қауіпсіздік ережесіне байланысты ережелерді біледі, сақтайды.

-Оқушылар сабақта үй жағдайында дұрыс денені қыздыра біледі.

-Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі сақтануды және өзгені сақтандыруды біледі.

Оқушылар тамыр соғысын өлшейді. Олар 10 рет отырып тұру орындайды, 10 секунд ішінде жүрек соғу жылдамдығын өлшейді, 6-ға көбейтіп - минутына жүрек соғу жылдамдығын анықтайды.



Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік.



















10 секунд ішінде жүрек соғу жылдамдығын өлшейді, 6-ға көбейтіп - минутына жүрек соғу жылдамдығын анықтайды.

Сабақтың ортасы:

10 мин

Мұғалім ритмикалық гимнастика негіздері туралы оқушыларға түсіндіреді.


Оқушылар топта экраннан арнайы ритмикалық гимнастика туралы бейнероликті тамашалайды.


Сұрақтарды талда:

  • Жаттығу кезінде адам ағзасында қандай өзгерістер болды?

  • Жаттығу сіздің көңіл-күйіңізге және әл-ауқатыңызға қалай әсер етеді?

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамалары бойынша;

ә) дене қабілеттеріне сәйкес:

- қабілетті оқушыларға күрделі жаттығулар берілуі керек;

- қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бейнеролик көосетілімі

https://www.youtube.com/watch?v=BUY8FM0o52c&t=102s

https://www.youtube.com/watch?v=0Ze5ld58z4U

Үлкен бос кеңістік. Музыкамен сүйемелдеу.

Ырғақтық гимнастиканың жаттығулар жиынтығы: http://nsportal.ru/detskiy-sad/zdorovyy-obraz-zhizni/2013/11/20/konspekt-zanyatiya-po-ritmicheskoy-gimnastike

Сабақтың соңы:

5 мин

Оқушылар 10 рет отырып тұру жасайды, 10 секунд ішінде жүрек соғысын өлшейді, 6-ға көбейтеді - минутына жүрек соғу жылдамдығын анықтайды, сабақ басында алынған нәтижемен салыстырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіруге арналған жаттығулар.

Мұғалім рефлексия жүргізеді, оқушыларды сабақ туралы өз пікірін айтуға шақырады:

Бүгін мен ....... білдім.

Қиындықтар туғызды …….

Мен жақсы орындадым...................

Үй тапсырмасы: ғаламтор арқылы қызықты ритмикалық жаттығулармен танысу, үй жағдайында орындау.

Ғаламтор ресурсы.

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

  • Екі топқа бөлу, өзара көшбасшыны тағайындау

  • Оқушыларды қабілеттеріне байланысты бөлу

Бағалау – оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

  • Оқушыларды бағалау, көру, кеңес беру.

  • Ырғақты гимнастика байланысты қаншалықты материалды түсінгендіктерін бақылау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

  • Арнайы спорт киімі, жай сабаққа киетін киімнен қаншалықты өзгеше және ыңғайлы.

  • Спринттік жүгіруде қандай бұлшықет жұмысы көрінеді.

Спорттың адам денсаулығына қаншалықты маңызды?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!