Материалдар / Ашық сабақ Ш. Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі 10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Ш. Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушы әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2020
21633
52 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп: С.Әбдіжаппаров атындағы ЖОМИ

Пәні: қазақ әдебиеті

Мұғалімнің аты-жөні: Аязова Салима Мухтаровна

Күні: 13.02.2020

Сынып: 10«Ә»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ш. Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі

«Оқу - инемен құдық қазғандай»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Сабақ мақсаты:

-шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын анықтай алады;

-шығарманың мазмұнын уақыт кеңістігімен салыстыра отырып, талдау жасайды;

-кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы тұжырым жасап, өз ойын нақты жеткізе алады;

Бағалау критерийлері:

-Мәтінді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып, ойларын білдіреді.

-Оқиға желісін анықтап, уақыт пен кеңістікке талдау жасайды;

-Кейіпкерлер іс-әрекетіне тұжырым жасап, ойын нақты жеткізеді;

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты қолданатын тіркестер:

Менің білетінім...

Менің ойымша...

Екінші жағынан...

Мен ол мәселені мына жағынан қарастырғанды дұрыс көремін...

Менің пайымдауым бойынша...

Тілдік құндылықтар:

- Қазақстандық патриотизм және әлемдік азаматтық;

- жаңашылдық;

- ғылыми ілгерілеушілікке қызығу;

- ұлттық рухани жаңғыру

Алдыңғы оқу

Ш. Айтматов «Алғашқы ұстаз» повесі

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, тарих

Ресурстар

Кеспе қағаздар, АКТ,

Әдіс - тәсілдер

«Қос шеңбер», «Әдебиет лотосы», «Артық болмас білгенің»,


Жоспар

Жоспарлана-тын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурс-тар, дерексөз-дер

Сабақтың басы

3мин





5мин

-Балалар, мен бүгін сабақты Ескендір Зұлқарнайынның «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым»,- деген екен. Алғаш қалам ұстауды үйретіп, әріп танытқан алғашқы ұстаздарың естеріңде ме?

Оқушылар 1-2 сөйлеммен ойларын айтады.

Ал, енді 1,2,3 санына саналып топқа бөлініп алайық.

Үй тапсырмасын сұрау: Алтынайдың хаты.

Оқушылардың жазып келген жұмыстары тыңдалады



Сабақтың басы

10мин































































Сабақтың ортасы

10мин


























7мин










  1. «Артық болмас білгенің»

Оқушыларға жеке-жеке «Алғашқы мектеп» және «Қазіргі мектептер» атты мәтіндер беріледі, оқып танысады.

Алғашқы мектеп

Оқыған-тоқығаны мол ғұлама ұстаз Ыбырай Алтынсарин 1860 жылы Торғай жеріне тас-түйін бекініп, үлкен арманмен келген еді. Ол арман — күні ертең бүкіл қазақ халқы үшін үлкен арнаға тоғысатын білімнің алғашқы ошақтарын ашу еді. Әділдік туы орнамаған, байлы мен жарлы әбжыландай арбасқан қараңғы елде мек­теп ашу оңайға түспеді. Ол үшін арнайы жай, оны тұрғызатын қаржы болмады, оқулық құралы деген атымен жоқ еді. Туған халқының келешегі үшін маңызы зор бұл іске жергілікті орындар салқын қабақпен қарады. Ыбырай Алтынсарин бұл уақытша қиындыққа мойымады. Ауыл-ауылды аралап, елдің арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізді. Тұр­ғылықты халық арасында әріп танып, сауат ашудың, білім жолын қуудың қаншалықты маңызды екенін жергілікті тұрғындарға ерінбей-жалықпай түсіндірді. Ұлы ағарту­шы­ның мақсаты ел арасында қолдау табады. Қараңғы қазақ халқының көгінде күн болып ататын ғылым-білімнің күнделікті тыныстап отырған ауадай қажет екенін халық түсінді. Жергілікті халықтан қаражат жинап, Ыбырай Алтынсарин ауылда мектеп құрылысын салуға кірісті. Орыстың халық мектептері үлгісімен қазақ даласындағы тұңғыш мектептің жобасын жасады. Мектеп жайы ауқымды жерді алып жатқан еңселі әрі шатырлы, сынып бөлмелері кең, ұзынша дәлізі бар, балалардың сабақ оқуына қолайлы болды. Білім ошағының іргесі тастан қаланды. Қабырғасы құшақ жетпейтіндей қалың етіліп қышпен өрілді. Мектеп құрылысына дайындық пен оны салу барысында Ыбырай Алтынсарин аудармашылық қызмет атқара жүріп, өз үйінде төрт баланы оқытты.

Қазіргі мектептер

Өркениетті мемлекеттерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болатын тенденциялар қатарына жету үшін саналы ұрпақ, сапалы білім керек. Ал, оқушы білімді қайдан алады, әрине заман талабына сай жабдықталған мектептерден.

Қазіргі мектептер:

-үздіксіз білім бере алады:

-жаңа ақпараттық технологияны пайдалана алады:

-білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, яғни, оқушы өз ойын еркін айта алады,

-іргелі білім береді;

-білімді ізгілендіре алады;

-білім берудегі инновациялық әдістерге, құрал-жабдықтарға бай;

-ерте кездегідей тек бай баласы және тек ер балалар ғана білім алмайды, мектеп жасына жеткен кез-келген бала партаға отырып, білім алуына мүмкіндік өте көп.

2. «Қос шеңбер» әдісі

1-қадам

Оқушыларды екіге бөліп, екі шеңберге тұрғызылады.

1-шеңбер 2-шеңбер

Алғашқы мектеп


Қазіргі мектептер






2-қадам.

1-шеңбердегілер ішкі шеңберге, 2-шеңбердегілер сыртқы шеңберге өздеріне берілген мәтін бойынща оқып танысқандарын айтып шығады.

Тапсырма:

-Бүгінгі күні осы мәтінде айтылып отырған мәселеде қаншалықты уақыт алшақтығын және не байқадыңыз?

Дескриптор:

  • Мәтінді қазіргі уақыт пен сол заманғы уақытты салыстыра отырып, талдау жасайды.

  1. Мұғалімнің сөзі:

Шығармадағы оқиғалар әр қалай өрбіп отырған. Жазушы өз шығармасында оқиға өтетін белгілі бір кеңістікті жасайды. Ол кеңістіктің ауқымы кеңейіп, оқиғадан да тыс көп дүниелерді қамтуы мүмкін. Авантюралық, саяхаттық немесе фантастикалық, модернистік романдарда оқиға жерден тыс басқа әлемдерде өтуі мүмкін. Сонымен қатар оқиға бір бөлменің ішінде ғана немесе бір күн, бір сағат ішінде өтуі де мүмкін. Кеңістіктің «географиялық орта»  ретінде нақты, реалды түрі болады. Мысалы тарихи романдардағы кеңістік. Ол ойдан шығарылған, фантастикалық сипатта болуы мүмкін.

Шығармадағы көркемдік қызмет атқаратын уақыт пен кеңістіктің бірлігін «хронотоп» деп атайды. Оқиғалар орын алатын мекен мен мезгілді біздің әдебиетшілер «мекеншақ» (Б.Майтанов) деп те атап жүр.


Шығарманың  композициялық  құрылысы.

(Әр оқушы өз бетінше жеке жұмыс жасайды)

Шығарманың  басталуы:

Шығарманың байланысуы:

Шығарманың  шиеленісі:

Шарықтау  шегі:

Шешімі:

Тапсырма:

-Шығармадағы кеңістік пен уақытты анықтау үшін композициялық құрылымына талдау жасайды.

Дескриптор:

* Шығарманың басталуын, байланысуын, шиеленісін, шарықтау шегін, шешімін табады.


  1. Топтық жұмыс :

Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы «Әдебиет лотосында» берілген ұяшықтардағы тапсырмаларға топпен бірлесе отырып жауап беру керек.

Дескриптор:

  • Кейіпкерлер іс-әрекетіне тұжырым жасап, ойын нақты жеткізеді



Кеспе қағаздар











































Қос шеңберге тұрады















Слайд

































Слайд, кеспе қағаздар







Сабақтың соңы

4мин

Кері байланыс. (ауызша)

Сөйлемді аяқтап, берілген сөздердің көмегімен ойыңызды білдіріңіз.

Адамның өмір бойы өзімен бірге болатын жалғыз қазынасы...

Себебі...

Сонымен қатар...

Біз бұдан...


Үйге тапсырма

1мин

«Ұстазға құрмет-шәкіртке міндет»

эссе жазу


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсізідк техникасының сақталуы

Қарапайымнан күрделіге қарай тапсырма беруді; Ишара білідіру; ауызша марапаттап отыру


Электр құралдарын қолдануда сақ болу

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Тексерілді

МДОІЖО: Ш.Мамутова










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!