400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Шешендік сөздердің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 8-9 сынып оқушыларына арналған. Балалар шешендік өнер туралы мағлұматтар біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздердің түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсат:Шешендік өнердің алуан сипаттарын, шешендік сөздің түрлері, ерекшеліктері туралы мағлұматты тереңдете түсу, халқымыздың даналығының шешендік-асыл қазынасының тәлім-тәрбиелік сипаттарын, ғасырлар бойы халық сынынан өткен құнды мұра екендігін таныту.

Дамытушылық мақсат: оқушылардың шешендер сөздеріндегі оралымды өткір ойды анық танып, талдай білулерін жетілдіре отырып, ой белсенділігін дамыту; шығармашылық ізденіске бағыттау; мәнерлеп оқу шеберлігін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Тәрбиелік мақсат: кемеңгер шешендердің –үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру, адамдық қасиеттерін үйрену, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық жұмыс

Сабақтың типі: білімді және дағдыны қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру, шығармашылық жұмыс

Сабақтың формасы: жеке, топтық, ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, портреттер, сілтемелер, кітап бұрышы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Үйірме мүшелерін топқа бөлу, іс-әрекетке жұмылдыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Ой қозғау» стратегиясы

Шешендік өнер дегеніміз не?

Қандай шешен-билерді білесіңдер?







ІІІ.Жаңа сабақ «Шешендік сөздердің түрлері»

Мұғалім сөзі: Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан –ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған. екіншіден, шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да - халық.

Шешендік сөздердің түрлері: шешендік арнау,шешендік толғау,шешендік дау

Шешендік арнау- Бір адамға арнайы айтылған: Сәлем, сын, әзіл, бата

Шешендік толғау- термемен айтылған тілек, өсиет, нақыл сөздер, толғау

өлеңдер, тоқтау айту, естірту, көңіл айту

Шешендік дау- жер дауы, жесір дауы, құн дауы,мал дауы, ар-намыс дауы

«Мағынаны ашу» стратегиясы

1 тапсырма

1-топ шешендік толғау

2-топ шешендік арнау

3 -топ шешендік дау

2. тапсырма

1. «Жігіттің алты ағайыны болсын» Жетес бидің өсиет сөзін айтыңдар және өз бойларыңнан сол қасиеттер бар ма?

1. Жігіт қабырғаның қалың етінен шықсын

Қалың жиында сүрінбейтін тілді болсын

Білімді, сауатты болсын

Қонақ талғамайтын, қазанды сақи болсын

Үстінен қой айдаса да үндемейтін, ашусыз болсын

Ұстаса кеткен жағдайда бір адамдық күші болсын

Іздену жұмыстары: (кітапхана, ғаламтормен жұмыс)



3.Шығармашылық тапсырма (тақырып бойынша топтық жұмыс)

«Өнер алды-қызыл тіл»

1топ тақырып бойынша сурет арқылы баяндайды

2топ тақырып бойынша өлең шығарады

3топ тақырып бойынша ән арқылы айтады

4.тапсырма «Тілдің майын тамызып, жас шешендер сөз саптар»

(әр топтан 1 оқушы шығып осы тақырыптарды қорғайды)

1.топ «Тәрбие тал бесіктен»

2. топ «Отан-отбасынан басталады»

3. топ «Бірлік түбі-береке»



Қорытындылау.

Мінеки, балалар, бүгін біз шешендік сөздедің түрлері мен танысып шешендік туралы ойымызды дамытып, қиынынан қиыстырып, төтеннен төге сөйлейтін олардың аталы да баталы сөздерінен мол ғибрат алдық. «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды» дегендей сөз қадірін түсініп, орынды қолдана білуге, ана тіліміздің асыл құндылықтарын еркін қолдана білуге үйрендік. Ерлікке, бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған, жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.

Үй тапсырмасын беру. Шешен-билердің сөздерін жаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.02.2021
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі