400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сырбай Мәуленов" 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары 11-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне арналған. Сабақ мақсаты:оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері , ақын Сырбай Мәуленов туралы толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру. Сабақ барысында келесі жұмыс түрлері жүзеге асады:Жұмыс түрі: жеке және топпен жұмыс. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, талдау, шығармашылық жұмыс, өз жұмыстарын қорғау, бір-бірін бағалау, рефлексия. Сонымен қатар бұл жоспарды жас мамандарған көмек болады деген сеніммен беріп отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Лобанов орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жукушева Күлтай Амангелдіқызы


Сыныбы: 11 «а»

Пән: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері , ақын Сырбай Мәуленов туралы толық ақпарат беру, шығармашылығымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

1.Оқушылардың тақырып бойынша білім мен біліктіліктерін қалыптастыру;

2.Әдебиетке деген сүйіспеншілікке, бір-біріне деген қамқорлыққа, мәдениеттілікке, жолдастарының сынын дұрыс қабылдай білуге, өздерін бағалай білуге тәрбиелеу;

3. Оқулықпен және қосымша материалмен жұмыс істей білуге, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Өткізу формасы: дәстүрлі емес сабақ.

Көрнекіліктер: сызбалар, ақын портреті, газет, желім, қайшы, түрлі-түсті қалам, А3 қағаздары.


Жұмыс түрі: жеке және топпен жұмыс.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, талдау, шығармашылық жұмыс, өз жұмыстарын қорғау, бір-бірін бағалау, рефлексия.


Сабақтың өту барысы:

І. Сабаққа бейімдеу кезеңі:

-Сәлеметсіздерме оқушылар, қонақтар.

-Бүнігі күн қандай тамаша! Сіздердің бүгінгі жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткенді қайталау:

  1. Қасым Аманжолов кім? Сызбамен жұмыс.

DrawObject1

2)Жаттап келген өлеңдерін сұрау

3) Өлеңдердің тақырыбы, идеясы, негізгі түйінін ашу.

ІҮ. Жаңа сабақ

1) Мұғалімнің сөзі: (1922-1993)

 Сырбай Мәуленов 1922 жылы Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. 1938-40 жылдары Қызылорда пединститутын бітірген. Ол өзінің еңбек жолын мұғалім болудан бастайды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ұзақ жылдар бойы газеттер мен журналдарда редактор, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

 

Шығармашылығы.

С.Мәуленовтің тұңғыш жинағы 1948 жылы жарық көрді. Ол – кемелденген қазақ әдебиетімен бірге ер жетіп, өзіндік үн, нақыш бояуымен дараланып танылған ақынның бірі. Оның өлеңдеріндегі бейнелі сөздер, дәл табылған теңеулер, ойлы түйіндер бірден-ақ назар аудартып, көңілге ұялай кетеді. Ақын қарапайым, елеусіз жайлардың өзін әр қырынан құбылта, ойната көрсетіп, болмыстың бойына қан жүгіртіп, өзгеше қимыл-қозғалысқа түсіруге шебер. Қысқа лирикаларында өз жанының сырын ашып, сүйсінген құбылыстарды айрықша бір тапқырлықпен көрсете біледі.

Өзінің кең даланың бір бөлшегі екенін мақтаныш тұтып, шындықтың сырына терең үңіле түседі. Сырбай Мәуленов үнемі тынбай ізденіс, еңбектену үстінде көрінеді. Оны өзі де айтады.

 ... Тұманды күндей мұнартып,

Көлеңке болғым келмейді.

Еліме босқа жүк артып,

Тек ерке болғым келмейді.

Сіңірсем деймін жеріме,

Маңдайдың терін ағызып.

Жасасам деймін еліме,

Жанымның отын тамызық... –

 деп, ақын еліне деген өзінің үлкен жүрегін танытады.

Сырбай Мәуленов жырлары – қазақ поэзиясының марқайып өсуінің айнасы.

  1. Өзге әдебиет өкілдерінің шығармашылығымен үндестігін тапқызу.

Ү. Бекіту кезеңі:

1) "Туған жер, табиғатпен жаным бірге". Ақын елін, туған жерін аралаудан өмір құбылыстары мен оқиғаларын, халық тұрмысы мен күйін жай көзбен көріп қана қоймай, көңіл көзімен көріп біледі, сезеді. Тіпті басқаларға ұсақ-түйек деген нәрсенің өзі ақынның назарынан тыс қалмайды.

Міне біз де ақын сияқты өз шеберлігімізді, тапқырлығымызды көрсете білейік.

  • А3 қағазындағы суретті жалғастыру;

  • Суретке тақырып беру;

  • Тақырыптың әр әріпіне сөз ойлау;

  • Байланысты мәтін құрастыру. «Жазға жауын» тақырыбында шағын қызықты мәтін құралған жоба орындалды.

2) С.Мәуленов, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан, Шәкәрім, Үкілі Ыбырай, Бауыржан, Канышқа арнау өлеңдерін жазып, ащы шындықты айшықты түрде бейнелей білді. Жанды портреттей суреттеді. Олардың өзіндік болмысын, елден ерек артықшылығын дөп басып, тауып айтуда ақын жетістігі, шеберлігі айрықша танылады.

Осыған орай топтық тапсырма:

  • А3 қағазына «Егемен Қазақстан» газетінен мақала аттарынан, суреттерден қиып желімдеп жапсыру арқылы жоба құрастырук;

  • Жобаны қорғау, өз ойларын дәлелдеу. «Мұхтар Әуезов

–еңбегі бағаланды, бізге міндет айқындалды...» жоба құралып, өте жақсы құралды.

ҮІ Қорыту кезеңі.

1)Сабақтан алған түйгендеріне шолу.

2)Мұғалімніңқорытынды сөзі.

DrawObject2

  1. Рефлексия /өз көңіл-күйлерін білдіру.

Рефлексия

Эмоция

1

2

3

4

5

6

Жұмыс басында







Жұмыс ортасында







Жұмыс соңында







1- іздену

2 – шаттану, қуану

3 – немқұрайлы қарау (өз шаруасымен шұғылдану)

4 – талпыну, оқу

5 – тағатсыздық, шыдамсыздық

6 – жабығу, қиналу

ҮІІ. Үйге тапсырма

С.Мәуленов өмірі мен шығармашылығына байланысты сызбе құрап келу.

ҮІІІ. Бағалау.

Әр оқушы өз ойын айтып , бір-бірін бағалады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
5481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі